Хазірет Зейнаб – ерліктің көрінісі
(last modified Tue, 10 Mar 2020 02:41:38 GMT )
Нау 10, 2020 08:41 Asia/Almaty
  • Хазірет Зейнаб – ерліктің көрінісі

Бүгін Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) немересі хазірет Зейнабтың дүниеден озған күні.

 

Хиджри-қамаридің 63 жылының режеп айының 15 жұлдызында  Ислам тарихының тағдырын шешетін кезеңдердің бірінде маңызды рөл атқарған әйелдердің бірі дүние салды. Оның есімі хазірет Зейнаб еді. Бұл есім имам Хусейннің (ғ.с.) Кербаладағы тарихи шайқасын еске салады. Ол зорлық-зомбылықты қабылдамау және оған қарсы тұру қадір-қасиетті анасы хазірет Фатима (ғ.с.) мен әкесі хазірет Әлиден (ғ.с.) мұра еткен. Ол өзінің сөзімен зұлымға қарсы шығып, шындықты таратты.

Әлемнің барша мұсылмандарына Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) немересі хазірет Зейнабтың дүниеден озған күніне байланысты көңіл айтамыз.

Хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) бірінші қызы дүниеге  келген кезде, Алла елшісі (с.ғ.с.) сапарда болатын. Ата-анасы Пайғамбар (с.ғ.с.) сапарынан оралып, сәбиге есімін таңдап қойғанша, сабыр сақтады, өйткені олардың ұлдары Хасан (ғ.с.) мен Хусейннің (ғ.с.) есімдерін хазіреттің өзі таңдап қойған болатын. Алла елшісі біраздан кейін сапардан оралып, хазірет Фатиманың (ғ.с.) үйіне барды, Әли (ғ.с.) баланы Пайғамбардың құшағына берді. Хазірет баланы сүйіп, есімін Зейнаб деп қойды. Содан соң бетін сәбидің бетіне тигізіп, көзі жасқа толды. Әкесі: «Уа, Алла елшісі неге жылап отырсыз?»- деп сұрады, Пайғамбар: «Бұл қыз бала қиын жағдайларда менің Хусейніммен бірге болады»,- деп жауап берді. Хазірет Зейнаб өмірін бақыт пен кемелдік орталығында бастады. Хазірет Зейнаб – пайғамбардың білімі мен мағрифатының, имам Әли (ғ.с.) ғибадатының, анасы хазірет Фатиманың (ғ.с.) жанкештілігінің, имам  Хасанның (ғ.с.)  сабырлығы мен имам Хусейн (ғ.с.) ержүректілігінің көрінісі болды. Хазірет Зейнабтың бала кезі пайғамбардың ресалаты мен имаматтың  мейірімді құшағында өтті. Ол ұлылық пен пәктіктің етегінде тәрбиеленіп, адамгершілік пен рухани кемелдіктің қасиеттерінен нәр алды.

Хазірет Зейнаб әкесі Әлидің (ғ.с.) ілімі мен шешендігінен пайдаланып, рухы Фатиманың (ғ.с.) мейірім құшағында тынышталатын. Имам Саджад (ғ.с.) апасы Зейнабқа: «Сіз мұғалімнен сабақ алмаған ғалымсыз»,- дейтін. Ол «Құран тәпсіршісі» еді және хазірет Әли (ғ.с.) Куфеде болған кезде, хазірет Зейнаб үйінде әйелдерге сабақ жүрізіп, Құран тәпсірін үйрететін. Хазірет Зейнабтың Куфе мен Шамдағы құтпалары оның білімінің деңгейік көрсетп, көптеегн ғалымдар оларды аударып, сараптады. Бұл құтпалар хазірет Зейнабтың исламдық ғылымдар, әсіресе Құран Кәрім саласындағы білімін көрсетті. Құтпаларында баяндаған аяттар наным-сенім мен басқа салалардағы көптеген күдіктерге жауап болды. Ағасына деген мейірім, махаббатының күштілігі сондай, ол жұбайы Абдолла бен Джафармен тұрмыс құрудың шарты ретінде ағасы Хусейннің (ғ.с.) қасында болуды сұраған болатын. абдолла хазірет Зейнабтың бұл шартын да қабылдады. Хазірет Зейнаб имам Хусейннің (ғ.с.) Мединеден кербалаға жасаған тарихи сапарында ағасымен бірге аттанып, Кербала мәңгі оқиғасында залым басшы Язидке қарсы тұрды.  

Намаз – діннің тірегі. Тірексіз шатыр құлайтын сынды намазсыз діннің де мағынасы  болмайды. Шын мәнінде адамның барлық ғамалдарының қабыл болуы намазының қабыл болуына байланысты.  Намаздың философиясы Алланың алдында пенделігін білдіріп, құлшылық етуі, нәтижесінде адамның өзгеруі және  бақыты мен кемелдікке  жетуі болып табылады. Адам намаз  оқыған кезде Алланы  есіне алып, күнәләр мен ластықтардан алыстайды. Хазірет Зейнаб намаз оқып, Алламен жеке сырласуға ерекше кқңіл бөлген. Ол ғибадат пен құлшылық етуден анасы хазірет фатима (ғ.с.) сынды болды. Имам Садажад (ғ.с.): «Апам Зейнаб Куфеден Шамға жеткеше уәжіп және нәпіл намаздарын толық орындап, кейбір үйлерде намазын отырып оқыды»,- деген болатын. 

Ашура имам Хусейннің (ғ.с.) есімі мәңгі етті және хазірет Зейнаб оның жолдауын жеткізушісі болды. Хазірет Зейнаб Кербала оқиғасныда имамның қасында болып, хазірет Шәһид болған соң оның көтерілісінің жолдауын әлемнің түпкір-түпкіріне жеткізді. Ол батылдықтың тек соғыс майданында соғысу немесе қорықпау емес, батыл деп күн сайынғы оқиғаларға қарсы таудай тұрып, артқа шегінбейтін адамға айтылады. Кербала оқиғасында хазірет Зейнабтың иманы әлсізденбес түгілі, Аллаға деген ғиззаты артты. Кербала оқиғасынан кейін хазірет Зейнабтың ержүректілігі айқын көрінді.

Пайғамбар әулеті  тұтқындарының керуені көптеген қиындықтарға төзіп, Язидтің жеңісі үшін безенділірген Куфе қаласына енді. Куфені көріп, керуендегілердің, әсіресе хазірет Зейнабтың дерті одан сайын артты. Өйткені куфе олар үшін таныс қала еді. Күндердің бірінде хазірет Зейнаб әкесі және отбасымен бұл қалаға еніп, Куфе әйелдері үшін ілім дастарханын жайған болатын. Уайым-қайғыға қарамастан  хазірет Зейнаб үнсіздікті бұзді. Ол қырағы саясаткер болып, жағдайды өз бақылауына алып, бүкіл қиындықтьарына қаармастан халыққа шәһидтер қанының жолдауын жеткізіп, Язидтің қылмыс режимінің болмысын әшкерелегісі келді. Ол халықты бұл режимге қарсы көтерілуге шақырды. Хазірет Зейнаб Куфе халқымен базарда сөйлесіп, олардың көздері жасқа толды. Хашим әулетнің бануы Язид пен оның отбасының жалғандық екенін көрсетті. Куфеліктер өкініп, жылады. Өйткені олар шындықты білді, бірақ оған көмектеспеді.  

Хазірет Зейнаб мұсылман әйелдер үшін Алланың жолындағы шындық пен сабырдың ең жақсы үлгісі болды. Аятолла Хаменеи хазірет Зейнабты тарихтың үздік үлгісі деп таныстырып: «Хазірет Зейнаб тарихтың ең маңызды мәселелерінің бірінде әйелдің белсенділігінің айбының көрсеткен үздік үлгінің бір болды. Ашура кезінде, Кербала оқиғасында қан қылышты жеңді. Шынайы жеңді. Бұл жеңіске хазірет Зейнаб себеп болды. Кербалада қан төгілді. Бұл оқиға әйелдің тарихтан жеке қалмайтынын, әйелдің тарихи маңызды оқиғаға қатысатынын көрсетті. Құран бұл туралы көптеген аяттарында қуаттады. Хазірет Зейнаб сырт көзге жеңіске жеткен дұшпанды өз сарайында кемсітіп, қорлайтын іс жасап, олардың жеңісінің жеңіліске айналдырды. Хазірет Зейнаб әйелдің пәктігін үлкен жиһадқа айналдыруға болатынын көрсетті. Хазірет Зейнаб әкесі имам Әлидің (ғ.с.): «Адам,  діннен хабардар болу, қиындықтар кезінде сабыр сақтау және жақсылық жасау сынды үш ерекшелікке ие болмаса, иманның шындығын түсінбейді»,- деп айтқанын естіген болатын. Бұл бану қиындықтарды қабылдап, сабыр сақтады. Хазірет Зейнабтың көзқарасынша, шындық жолында табанды болу, илаһи армандар жолында жанкештілік білдіру бүкіл адамзат үшін таңданыс болып табылады.  Язид: «Кербалада Алланың Хусейін мен оның серіктеріне не істегенін көрдің бе?»- деген кезде, хазірет Зейнаб: «Мен сұлулықтан басқа еш нәрсе көрмедім»,- деді.