АҚШ-тың мемлекеттік биотерроризмі және Эбола вирусы (1)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i45919-АҚШ_тың_мемлекеттік_биотерроризмі_және_Эбола_вирусы_(1)
АҚШ-тың биотерроризм жасау тарихы. «АҚШ-тың мемлекеттік биотерроризмі және Эбола вирусы» атты бағдарлама үш бөлімнен тұрады. Бағдарлама «Эбола вирусы және АҚШ-тың саяси, әскери және сауда көздері» атты зерттеу негізінде жасалды. Бүгінгі бағдарламада биотерроризм тарихы, АҚШ-тың биотерроризмдегі рөлі, Африканың батысында Эбола вирусының таралу үдерісіне тоқталамыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 16, 2020 02:36 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың мемлекеттік биотерроризмі және Эбола вирусы (1)

АҚШ-тың биотерроризм жасау тарихы. «АҚШ-тың мемлекеттік биотерроризмі және Эбола вирусы» атты бағдарлама үш бөлімнен тұрады. Бағдарлама «Эбола вирусы және АҚШ-тың саяси, әскери және сауда көздері» атты зерттеу негізінде жасалды. Бүгінгі бағдарламада биотерроризм тарихы, АҚШ-тың биотерроризмдегі рөлі, Африканың батысында Эбола вирусының таралу үдерісіне тоқталамыз.

Биотерроризм жаппай қырып-жоюға және террор жасауға бағытталған салыстырмалы түрде жаңа тәсілдердің бірі саналады. Биотеррористік шабуыл – адамдар, жануарлар мен өсімдіктерді ауырту немесе өлтіру мақсатында вирустар мен бактериялар сияқты микробтардың түрлерін қасақана тарату. Бұл микробтар негізі табиғатта бар, бірақ кейбір тіршілік иелерін ауруға шалдықтыру мақсатында микробтардың генетикасы өзгертіліп, қабілеттері арттырылады. Осы негізде бір қоғам азаматтарының жеке және қоғамдық саулығына, физикалық тұрғысына, азық-түлік пен қоршаған ортасының қауіпсіздігіне тікелей немесе жанама түрде қысқа немесе ұзақ мерзімде қатер төндіру арқылы қоқан-лоққы жасауға жоспарланған кез-келген әрекет биотеррористік шара саналады. Мамандар доңыз тұмауы, құс тұмауы, SARS пен MERS вирустары, Сібір күйдіргісі мен Эболаны биотеррористік жайттар қатарына қосып талқылайды.  

АҚШ әртүрлі кезеңдерде әрқилы биотеррористік бағыттарды ұстанды. Олардың кейбірі анықталып, егжей-тегжейлі зерттеулер жүргізілді. Солардың бірқатарына тоқталып өтеміз.  1943 жылы АҚШ армиясы Юта штатында Fort Detrick атты танымал орталықта алғаш рет микробтық және вирустық бомбалар жасауды бастады. АҚШ армиясы 1952 жылы ОББ-мен (Central Intelligence Agency) әріптесіп, жасалған қаруды жасырын түрде адамдарға сынауға жағдай жасады. Әртүрлі елдердің аты-заты жоқ адамдары АҚШ армиясының вирустары мен бактерияларының жасырын шабуылына ұшырады. 1970 жылдары АҚШ-тың биотеррористік қарулары күрделі вирустарға бағытталды. СПИД вирусы – осы кезең нәтижелерінің бірі. Калифорния университеті ұстаздарының бірі профессор Энтони Саттон  «АҚШ-тың құпия нысандары: бас сүйегі мен қаңқа жүйесіне кіріспе» атты кітабында СПИД вирусының АҚШ армиясы зертханаларында АҚШ Конгресі белгілеген бюджеттің қолдауымен жасалғанын және оның мақсатының әлем тұрғындары санын азайтып, бақылауда ұстауды көздеген жаһандық үстемшілдердің талап-тілегін орындау болғанын жазды.

1970 жылдары АҚШ армиясы Африкада әртүрлі ауруларды таратты, сөйтіп Кеңес Одағы тарапынан болуы мүмкін шабуылдарға қарсы тұру үшін биологиялық қарулар жасауда қолдану мақсатында осы аурулардың таралу жылдамдығын тексерді. Тырысқақ, іш сүзегі, полиомиелит және оба Африка тұрғындарына сыналған аурулардың қатарына жатады. Оңтүстік Африка елі 1970 жылдарда Fort Detrick зертханасының бөлімшесі орналасқан үйлестіруші орталық ретінде АҚШ-тың Африкада қылмыс жасауына жәрдемдесті.

АҚШ 1972 жылы биологиялық қаруларды жасауға тыйым салу хатттамасына қол қойғанына қарамастан, екіжүзді америкалық саясаткерлер айла-шарғыға басып, бұл хаттаманы айналып өтті. Далластағы Техас университетінің профессоры Паул Ким: «Қолда бар куәлерге қарағанда жаңа вирустарға көп зерттеулер жүргізілген. Мысалы, АҚШ Медисон штатының Висконсин университетіндегі (University of Wisconsin-Madison) бір зерттеу тобы грипп вирусын өзгерту арқылы оның таралу қабілетін арттырды. Жаңа вирустың қатері оған дейінгілерден әлдеқайда көп. Ал вакцинасы жоқ. Америкалық саясаткерлердің бұйрығымен оны әлемнің әрбір жеріне таратып, көптеген адамды өлтіруге болады. Егер вакцина болса, қарапайым адамдарға емес, тек арнайы топтарға беріледі»,-деді.

АҚШ-тың мемлекеттік биотерроризмінің басқа бір үлгісін Мексика шығанағынан көруге болады. Адам құқығы саласындағы белсенділердің бірі Ян Крен (Ian Crane) 2010 жылы «АҚШ дауысына» берген бір сұхбатында Мексика шығанағындағы даму жобаларының басты мақсатын бұл аймақ халқын жою деп мәлімдеді. Креннің айтуынша, жоспарлаушылар адам құқығы белсенділерін бұл мәселені көтеруден бас тарттыру үшін көп қаражат жұмсаған. Жергілікті әскери зейнеткер Майкл Эдвард 2011 жылдың ақпан айында «Мексика шығанағындағы көк оба – бір ресми мемлекеттік биотерроризм» атты мақала жариялады. Ол бұл мақалада Мексика шығанағындағы грипптің бір түрі көк оба ауруы туралы: «Алдын-ала жоспарланған бұл биологиялық соғыс өзгертілген гендерді ауада тарату арқылы әлемдік соғысқа айнала алады»,-деп жазды.

Биотерроризм – Жер планетасына төнген қауіп

Мамандар АҚШ-тың мемлекеттік биотерроризмі аясында зерттеген вирустарының бірі – Эбола. Бұл вирусты биотерроризм шеңберінде талқыламас бұрын аздап оның ерекшеліктері жайлы сөз етейік. Эбола жұқпалы ауруы (EVD: Ebola Virus Disease) – өлімге әкелетін ауру. Эбола жануарлардан бастау алып, адамдардың қаны мен басқа да сұйықтықтар арқылы басқа денелерге таралады. Эбола вирусы 1976 жылы алғаш рет Бельгияда анықталды. Бұл вирус таралуының 26-шы кезеңі 2013 жылдың желтоқсан айында Гвинея Биссау елінде басталып, Батыс Африка елдеріне жылдам таралды. Мысалы, Эбола Гвинея, Сьера-Леоне мен Либерияда таралып, көпке дейін сақталды. Бұл өлім вирусы Нигерия мен Сенегалда бақылауға алынып, Малиде де анықталды. Болжамдардың айтуынша, Эбола вирусын бұл кезеңде үш африкалық елдің кемінде 25 мың адамы жұқтырып, 18 айдың ішінде 11 мыңнан аса адам көз жұмды. Жалпы 1976 жылы  Эбола алғаш рет анықталған кезден 2012 жылға дейін  2387 адам жұқтырып, 1590 адам қайтыс болды. Олардың барлығы Африканың шығысы мен орталық бөлігінде орын алды. Бірақ Эбола жұқтырып, қайтыс болғандар саны 2013-2015 жылдарда Батыс Африкада бұрынғымен салыстырғанда ондаған есе көп болды.

АҚШ-тың Аурулардың алдын алу және басқару орталығы (Centers for Disease Control and Prevention) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола жұқтырғандар санының артқанын мәлімдеді. АҚШ-тың Аурулардың алдын алу және басқару орталығы: «Қоғамда қандайда бір өзгеріс жасалмаса, Либерия мен Сьера-Леонеде 1,4 млн адам 2015 жылдың қаңтарына дейін Эбола жұқтырады»,-деді. Бұған қарамастан ауру мұндай шекке жетпеді, өйткені уақыт өте келе бұл ауруға қарсы тұру амалдары артты. Мысалы, Либерияда жерге көму тәсілдерінің жақсаруы мәйіттердің тез жиналып көмілуіне септігін тигізді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2014 жылдың тамыз айында былай деп болжады: 2015 жылдың ақпанына дейін Эболаның алдын алу үшін 500 млн-ға жуық доллар қажет. 2014 жылы желтоқсанда халықаралық реакциялар артты. БҰҰ Эболамен шұғыл күресу үшін арнайы комитет құрды. Сол арқылы БҰҰ-на қарасты ұйымдардың барлық мүмкіндіктерін Эболаның алдын алуға қолданды. Батыс Африкадағы Эбола вирусын бақылауға алу барысында халықаралық сахнада   АҚШ басты қаржылай демеуші сияқты болып көрінді. 2014 жылдың 25 қазанында АҚШ үкіметінің шамамен 900 қызметкері, соның ішінде әскери, қаржы және медициналық қызметтерге қатысты кадрлары Африкада орналастырылды. 2014 жылдың 17 қазанында АҚШ-тың бұрынғы басшысы Барак Обама Эболаның таралуына қатысты елдің ішіндегі және әлемдегі реакцияларды үйлестіру және кеңес беруге жауапты тұлға тағайындады.

Эболаның Батыс Африка елдерінде таралуы   

Эболамен күресу және оны бақылауда ұстау барысында әлемдік денсаулық сақтау мамандарының біразы АҚШ пен халықаралық қауымдастықтың Эболаға қатысты баяу әрекет етіп, азырақ көмектескенін талай рет сынады. Олар мұндай шаралардың шектеулі әсеріне тоқталып, дүние жүзіндегі медициналық басқару жүйесіне қатысты бірнеше мәселені, соның ішінде халықаралық қауымдастықтың кедей елдерде жұқпалы ауруларға төтеп беру дайындығын арттыру қажеттігін айтты. Мамандар «Неге халықаралық қауымдастықта Батыс Африкада Эболаның таралуы сияқты медициналық  жағдайларды қарастыру үшін шұғыл әрекет ететін арнайы мамандар тобы жоқ?» деп наразылық білдірді. Эболамен күресу бөлімінің басшысы Исмаил шейх Ахмад БҰҰ-ның осындай дағдарыспен бетпе-бет келуде бірқатар қателіктерге ұрынғанын мойындады.  Ол бұл туралы: «Эбола тарала бастағанда вирустың таралу жылдамдығына қатысты жеткілікті мәлімет болмағандықтан бұл мәселеге атүсті қаралды. Бірақ бірнеше ай өткен соң бұл жағдайдан дәріс алды деп ойлаймын»,-деді.   

Шекарасыз дәрігерлердің қайырымдылық ұйымы 2015 жылы Эболаға қатысты оқиғаларға шолу жасағанда: «Жаһандық деңгейде Эболаның таралуымен күресуде тиісті шаралар атқармаудың қайғылы салдарлары болды»,-деп жазды. Бұл ұйым «Жергілікті үкіметтер мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы науқастардың өтініштеріне көңіл аудармады» деді. 2013 жылы желтоқсан айында Гвинеяның бір алыс ауылында көз жұмған бала Эболаның алғашқы құрбаны деседі. Үш айдан кейін 2014 жылдың наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола вирусының таралғанын ресми түрде жариялады. Содан соң 2014 жылдың тамыз айында бүкіл әлемде төтенше жағдай жариялады. Ол кезде Эболадан 1000 адам көз жұмған еді. 2014 жылдың қазан айында құрбандар саны 5 мыңнан асты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2015 жылы Эбола жұқтыру жайттарының азаятынын айтты. Бұл ұйым 2015 жылдың мамыр айында Либерияда Эболаның тоқталғанын ресми түрде мәлімдеді. Бірақ Гвинеяда вирусқа шалдығу жайттары 2015 жылдың басында уақытша азайғанымен тоқтамады.

АҚШ-тың биотерроризмдегі рөлі

Кейбір құжаттарға сәйкес, Эбола қарапайым ауру емес. Оның ар жағында басқа мақсаттар бар. Қоғамдық денсаулық, қарым-қатынас, жаңа пайда болған аурулар және биотерроризм мәселелеріне қатысты танымал тұлға доктор Леонард Хоровитс (Leonard G. Horowitz)  «Маңызды аймақ» атты әйгілі кітабында: «АҚШ Эбола вирусын жасап, оны өзінің ұлттық қауіпсіздігі, Израиль режимі мен Африка құрлығындағы серіктестері, соның ішінде Оңтүстік Африка республикасының қауіпсіздігін сақтау үшін қолданды»,-деді.

АҚШ саясаткерлері түрлі ауруларды басқа ұлттарға қарсы қолданудан тайынбайды. Алпауыт елдер әлем тұрғындарын бақылауда ұстау, саяси-экономикалық және әскери мүдделерге жету үшін ауруларды құрал ретінде пайдалануды жақсы көреді.

Әртүрлі соғыстар аясында ауқымды жұқпалы ауруды тарату – Жер бетінде жаңа жаһандық жүйе құрушылардың өздері қалаған халық құрамына жету үшін қолданатын ең маңызды құралдардың бірі. Сондықтан тәуелсіз ұйымдар әлемдік сахнада жұқпалы аурулармен күресу үшін мықты болуы керек. Мұндай ұйымдардың АҚШ сияқты елдердің қаражатына тәуелділігі оларға медициналық шаралар атқаруда шектеу қойып, белгілі бір бағытты ұстануға мәжбүрлейді.