Наурыз саясындағы адамның пәк өмірі
Табиғаттың өзгеруімен тұспа-тұс келетін Жаңа жылдың өзгерістері адам үшін ішкі болмысы мен рухын, рухани және материалдық істерін өзгерту үшін жақсы мұрсат. Өзгеріс енгізу - Алланың ісі, бірақ өзімізді, тұрмысымыз бен әлемді өзгерту үшін талпынуға міндеттіміз.
Көктем өзінің шағы және сұлулығымен алыс жолдан жетіп, баршаға қуаныш пен шаттық және үйлесім әкеледі. Көктемде қуаныш баршаға таралып, адамдар жақсылық пен берекеге толы жылды бастау үшін бір-біріне қамқоршы болады. көктемдегі өмір ырғағы адамның рухы мен жанына тыныштық пен ерекше көңіл-күй әкеліп, адамды табиғатпен бірге тойлауға жігерлендіреді. Адам жаратылған әлемнің әсем көріністерін көріп, ойға кетіп, Алланың бар екенін түсінеді. Жаратушы «Әл-Имран» сүресінің 190-шы аятында: «Шәксіз көктердің және жердің жаратылуында түннің және күндіздің өзгеруінде әлбетте ақыл иелері үшін дәлелдер бар»,- деген болатын.
Көктем – адамдарды дұрыс жолға нұсқап, тәрбиелеудін белгісі. Көктем - табиғаттың ұйқысынан оянып, жаңарып, қайта жанданатын және адамның немқұрайдылықтан алыстайтын шағы. Сондықтан бірігіп, табиғаттың өзгерістерін тамашалып, Аллаға иман келтірген шың жүректен рухымыз бен жанымызды өзгертіп, Наурыздың әдемі әуенін тыңдайық.
Жанарымыз бен жүрегімізді өзгертетін, уа, Алла! Күн мен түнді ауыстырып тұратын, жылдар мен адамдардың жағдайын өзгертіп тұратын, уа, Алла! Біздің өмірімізді ең жақсы жағдайға өзгерте гөр!
Наурыз – өзгеріс. Наурыздағы табиғаттың оянуы, қиямет күніндегі адамзаттың қайта тірілуінің көрінісі және бұрынғы күнәларі үшін тәубе етіп, жақсару туралы шешім қабыладудың сылтауы. Табиғаттың қайта тірілуі адамның өлімнен кейін тіріліп, ақыретте Жаратушының алдында тұруын еске салады. Осыған орай Алла Тағала «Ясин» сүресінің 79-шы аятында өзінің бірінші жаратылысын ұмытып, қиямет күні екінші рет жаратылуын теріске шығаратын адамның жауабына: «Оны, сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол, барлық жаратылысты біледі» де»,- деді.
Әрине табиғаттың өмірін көру біздің рухымыздың жаңаруына себеп болады. Алланың мейірімі табиғатқа мұрсат бергендей, адамға да жердегі Алланың орынбасары екенін көрсетеуіне мұрсат берді. «Рум» сүресінің 50-ші аятынан: «Алланың рахметінің әсерлеріне қара. Жер жүзі өлгеннен кейін оны қалай жандандырды. Рас Ол, өлілерді тірілтеді, Оның әр нәрсеге күші толық жетеді»,- деп оқимыз. Расында табиғат илаһи самал желден ұйқысынан оянғандай, адамның ұйқыға батқан жүрегі де оянып, Алланың рақымына бөленеді.
Негізінде Жаңа жыл өтпелі өмірге шолу жасап, көктемнің қуанышында қадам басып, өмірдің соңғы сәттеріне жақындап, олардың қадірін білуге шақырады. Өміріміздің сәттеріне немқұрайдылық білдірмей, олардың қадірін білейік. Алла Тағала табиғатты қайтадан тірілтіп, адамға оны жаратқандай, ол өлгеннен кейін, қияметте қайта тірілте алатын құдыретке ие екенін көрсетеді. «Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма? Әрине оны саусақтарының ұшына дейін қайта жасай аламыз». («Қияме» сүресінің 3-4-ші аяттары).
Құранның тағылымдары бойынша, адам бұл дүние үшін жаратылмады және оның өмірінің құндылығы мәңгі өмірде қалуында. Сондықтан материалдық және дүниелік өмір оның жоғары дарыны мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алмайды. Сондай-ақ бұл дүниедегі өз амалымен ақыреттегі жағдайын белгілейді. Адам мен хайуанның дүниедегі тіршілігі ортақ. Бірақ адам мен періштелер арасында ортақ қадір-қасиетер бар. Құран Кәрім бізді адам мен періштенің ортақ өміріне, сөйтіп періштелер және олардан жоғары дәрежеге жетуге жігерлендіреді. Алла Тағала «Инфал» сүресінің 24-ші аятында иман келтіргендерге: «Әй мүміндер! Сендерді өздеріңе тіршілік беретін нәрсеге (дінге) шақырған кезде, Алланың әрі Елшісінің тілін алыңдар. Және де Алланың, кісімен жүрегінің арасына дейін килігетіндігін біліңдер. Шексіз Алла тарапына жиналасыңдар»,- деді.
Алла мен Пайғамбар (с.ғ.с.) мәңгілік өмірге шақырады, өйткені олар бізді тірілтуді қалайды,. Шын мәнінде айтылған мүміндер тірі жандар. Жаратушы «Ағраф» сүресінің 179-шы аятында: «Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде кәперсіздер»,- деп айтылды.
Наурыз – Жер бетіндегі барлық адамдардың басын біріктіретін, табиғаттың, жақсылықтың және нұрлы шуақтың мерекесі! Наурыз құтты болсын!