Беғсат – жаратылған әлемнің көктемі
(last modified Sun, 22 Mar 2020 01:42:58 GMT )
Нау 22, 2020 07:42 Asia/Almaty
  • Беғсат – жаратылған әлемнің көктемі

Сергелдеңнен құтқаратын, үмітсіздікті аяқтатын, әділет пен зұлымдықты ажырататын және дұрыс жолға нұсқайтын Мабас күні құтты болсын!

 

Ережеп айының жиырма жетінші жұлдызы – жаратылған әлемдегі Алланың құдыреті жарқырайтын күн. Бүгін Алла елшісінің пайғамбарлық міндетін бастаған Мабас күні.  «Расында Алла Тағала мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені, олар бұрын ашық адасуда еді». («Әл-Имран» сүресі, 164-ші аят).

Алла елшісі (с.ғ.с.) 40 жасқа келген кезде, Алла Тағала оны ең жақсы, ең сенімді және ең қарапайым деп тапты. Сондықтан хазіретті халықты дұрыс жолға нұсқауға сайлады. Мұхаммадтың (с.ғ.с.) рухы кеңейіп, хазіреттің алдына жаратылған жаратылыстардың бірі келеді. Оның бет-әлпеті жағымды болды. Мұхаммад аспанның қай жеріне қараса да оны көрді. Бұл Жебірейіл періште еді.    Жебірейіл жақындап: «Әй, Мұхаммад, оқы», - деді.  Мұхаммад (с.ғ.с.) анықтап қарағанда өзінің алдында тұрған жазбаларды байқады. Қайтадан: «Оқы!» деген дауысты естіді. Мұхаммад алаңдап: «Не оқимын? Мен оқу білмеймін»- деді. Періште: «Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол, адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен»,- деді. Болмысы илаһи махаббатқа бөленген   хазірет Мұхаммад оқи бастады. Кеңістікте қайтадан дауыс естіліп: «Әй, Мұхаммад, сен Алланың пайғамбарысың!»,- деді. Имам Хади (ғ.с.) бұл ағымды былай сипаттады: «Мұхаммад (с.ғ.с.) илаһи құдыретке таңғалып, Хира тауынан түсті. Жебрейілді көріп, илаһи уаһиді қабылдау Мұхаммад (с.ғ.с.) үшін өте ауыр болып, хазірет ыстығы көтерілген адам сияқты қалтырады.  Хазірет Хира үңгірінен қайтып келе жатқан кезінде таулар, ірілі-ұсақты тастар мен жолында кездескен барлық нәрсе сәлем беріп: «Сәлем саған, Алланың елшісі! Алланың сізге ізгілік сыйлап, барлық адамдардың құрметіне ие еткенін хабарлаймыз»,- деді.  

Адам тағдырына үлкен әсерін тигізген Ислам тарихының ең маңызды оқиғасы Исламның ұлық пайғамбарының беғсаты болды. Беғсат, яғни Алланың тарапынан бір адамды басқаларды дұрыс жолға нұсқау үшін жіберуі. Пайғамбардың беғсаты мен ресалятың бір ел немесе бір тайпаға байланысты деп айтуға болмайды. Өйткені Пайғабар (с.ғ.с.) бүкіл адамзат және барлық кезеңдер үшін. Беғсатпен Алла Тағала адамзатқа дайын болу хабарды жеткізді. Бұл хабар Жебрейілмен жеткізіліп, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) арқылы жерде таратылды.  

Алла елшісінің беғсат қарсанындағы әлем құлдырау мен дағдарыс жағдайда болды. Надандық, талан-тараж, зұлымдық пен зорлық-зомбылық, бұзақылық, тұрақсыздық, кемсітушілік пен әділетсіздік, ахлақсыздық пен адамгершіліксіздік бүкіл қоғамды шырмаған болатын. Араб түбегі, әсіресе Хиджаз, мәдени, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан ең ауыр жағдайда болды. Әйелдер басты құқыларынан мақрұм болуларымен қатар, зат сынды сатылып-сатып алында, қыз балалар тірідей жерленді. «Нахл» сүресінің 58-59-шы аяттарында: «Егер, олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе (әйелінің қыз тапқанын естісе), оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды. Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан, елден жасырынады. Оны қордыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе? Ал, олар, нендей жаман үкім береді»,- деп айтылды.

Құран Кәрім көптеген аяттарында беғсаттың мақсаты туралы баяндады. Пайғамбарлардың ең басты мақсаты – тек бір Аллаға құлшылық етіп, шірктен алыстауға шақыру. Құран Кәрім: «Расында әр үмметке; “Аллаға құлшылық қылыңдар, бұзықтардан аулақ болыңдар” дейтін елші жібердік»,- деді. («Нахл» сүресі, 36-шы аят). Шын мәнінде, илаһи пайғамбарлардың ең маңызды жұмысы надан және жалған құндылықтарды жою деп айтуға болады. Пайғамбарлар беғсатының ең маңызды келесі мақсаты қоғамда әділет орнату. Пайғамбарлар илаһи шариғатты іске асырып, әділетті аңсағандардың шөлін қандыру. «Хадид» сүресінің 25-ші аятынан: «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының  әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік»,- деп оқимыз.

Исламның ұлық пайғамбары беғсатының ең маңызды мақсатын кемеңгерлік пен ақылды кемелдікке жеткізу деп санады. Өйткені, адамзат қоғамында Аллаға құлшылық ететін дінді тек кемеңгерлік пен  түсінікті арттыру арқылы ғана қалыптастыруға болады. Өз гауһар тасын танымаған адам тас пен сазға табынады, ал кемеңгер адамдар Жаратушыға алғыс айтады. Хазірет хадистерінің бірінде: «Алла Тағала әр пайғамбарын кемеңгерлік пен ақылды кемелдікке жеткізу үшін  жіберді. Сондықан кемеңгерлік оның үмбетінің ақылынан жоғары болуы керек»,- деген болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ислам мен исламдық қозғалыстардың басталуы және кең таралған ислам өркениеті мен мәдениетінің қайнары, біртұтас исламдық үмбеттің құрылуының бастауы болды. Бұл тұрғыдан исламдық қозғалыстарды ешқандай қозғалыспен салыстыруға болмайды.  Алла елшісі өз беғсатымен адамзат қоғамының түсініктері мен құндылықтарына терең өзгеріс енгізіп, әлемдіктерді махаббат, адамгершілік, мейірімділік, иман және әділетпен таныстырды.

Исламның ұлық пайғамбарының 23 жылдық талпынысы нәтижеге жетіп, мұсылмандар салтанатты өркениеттің іргетасын қалады. Хазірет өзінің теңдессіз талпынысымен мұсылмандардың арасында мейірімділік пен бауырластық орнатып, олардың арасында ежелден келе жатқан қайшылық пен дұшпандықты жойды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Исламның пайғамбары ретінде қысқа уақытта қоғамның зорлық-зомбылық жағдайын өзгертті және 13 жылдан кейін ғылым, әділеттілік, монотеизм, руханият пен ахлаққа негізделген үкімет құрды. Алла елшісі исламдық үкімет құруға жағдай тусымен  Меккеден Мединеге көшіп,  алдымен мұсылмандар арасында бауырластық  орнатып, ежелден келе жатқан қайшылықтарды шешті. Содан соң сауаттандырды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әлемдіктерге адамзаттың бақытына кепілдік беретін дін ұсынды. Ол адамды Алладан басқаға табынудан құтқарды. Алла елшісі өз беғсатымен адамзат қоғамының түсініктері мен құндылықтарына терең өзгеріс енгізіп, әлемдіктерді махаббат, адамгершілік, мейірімділік, иман және әділетпен таныстырды. Американдық әйгілі тарихшы Уилл Дюрант: «Егер біз бұл ұлы кісінің адамдарға тигізген әсеріне шолу жасайтын болсақ, Мұхаммад  (с.ғ.с.) адамзат тарихындағы ең ұлы тұлғалардың бірі деп айтамыз», - деп жазады.

Қорыта айтқанда Алла елшісіөз беғсатымен әлемге материалдық, рухани, мәдени экономикалық, саяси, ахлақ және қоғамдық өмірді сый етті. Бақытты деп хазіреттің бұл шақыруын қабылдаған адамды айтады. Құранның аяттарының бірінде «Әй мүміндер! Сендерді өздеріңе тіршілік беретін нәрсеге (дінге) шақырған кезде, Алланың әрі Елшісінің тілін алыңдар»,- деп айтылды. («Инфал» сүресі, 24-ші аяты).