Имам Хусейннің (ғ.с.) иманы мен құлшылығы
Имам Хусейн бен Әлидің (ғ.с.) туған күні құтты болсын!
Қасиетті шағбан айының 3 жұлдызы әлемдегі азаттық талап етушілердің көшбасшысы, Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) немересі имам Хусейн бен Әлидің (ғ.с.) туған күні. Бұл күні дүниеге келген сәби Пайғамбарды (с.ғ.с.) қуантып, хазірет Фатима (ғ.с.) мен хазірет Әлидің (ғ.с.) үйін одан сайын нұрландырды. Өйткені ол батылдық, жанкештілік пен азаттықты бағалайтын миллиондаған адамның сүйіктісі. Осы кезде әлемде миллиондаған адам имам Хусейннің (ғ.с.) есімін біледі.
Имам Хусейннің (ғ.с.) есімі Ашура, қорлықты қабылдамау және бағынбауды еске салады. Барша имам Хусейнді (ғ.с.) зорлық-зомбылық пен жалғандыққа қарсы көтерілген күрескер ретінде таниды. Кербала оқиғасы мен имам Хусейннің (ғ.с.) жанкештілігі оның дәрежесін жоғары көтергені сондай, хазіреттің басқа қадір-қасиетіне азырақ көңіл бөлінеді. Негізінде шәһидтердің көшбасшысы адамгершіліктің бүкіл көркем қадір-қасиеттеріне ие. Руханият пен мистика хазіреттің болмысынан басқа қадір-қасиеттерінен көбірек байқалады.
Имам (ғ.с.) мистик, дана, жомарт, адамгершілігі мол адам болуымен бірге Алланың сарқылмайтың білімі мен ғылым бұлағынан пайдаланып, басқа адамдарға қарағанда ерекше жоғары орынға ие болып, кез келген тұрғыдан кемелдіке жетті. Христиан ойшылдардың бірі Антуан Барра: «Хусейн (ғ.с.) миллиондаған мұсылмандар үшін құтқарылатын жолды көрсетті, оларды күнә мен құлдыраудың шұңқырына түсуден құтқарды. Ол жарқырап, шындық жолын көрсетіп, жолдағы қорқыныш пен жалғыздық белгілерін алып тастады. Содан кейін мүміндер хазіреттің Кербалада жанкештілігі және Алланың еркімен көтерген шырағының жарығын пайдаланып, бұл жолдан өтеді»,- деген болатын.
Имам Хусейннің (ғ.с.) өмірі, сөздері мен дұғаларына жасаған шолу хазіреттің өміріндегі Алланы тану, Оған иман келтіру мен тауһид мәселесінің ерекше орын алғанын көрсетеді. Имам Алланы терең танитын. Сондықтан вузу алған сайын жүзі қуарып, денесі дірілдейтін. Бұл өзгерістің сырын сұраған кезде: «Алланың алдында басын иіп тұрған адамның түсі өзгеріп, денесі дірілдейді»,- деп жауап берген. Алланы дұрыс тану жеке адам мен қоғамның әрекеттеріне әсер етеді. Осыған орай имам Хусейн (ғ.с.): «Уа, халайық! Алла Тағала пенделерін оны тану және танығаннан кейін ғана құлшылық ету үшін жаратты. Адам Жаратушыға құлшылық етіп, Одан басқаны қажет етпейді»,- деді. Имам Хусейннің (ғ.с.) көзқарасынша, бүкіл жаратылыс Аллаға алғыс айтады. Ақылымыз бізге де мадақтауды бұйырады. Өйткені ақыл тек шындық арқылы кемел болады. Хазірет: «Алла Тағала жаратылысты Алланы мадақтау мақсатында жаратты»,- деп қуаттады.
«Арафа» дұғасында имам Хусейн (ғ.с.) Алланы тану, адамды тану және адам мен Алланың арасындағы қарым-қатынас тақырыптарына тоқталды. Бұл мүнәжәттің бір бөлімінен: «Уа, Алла! Уа, бастаушы, өзіңе тең ешкім жоқ. Уа, соңы жоқ, мәңгілік! Уа, өлгендерді тірілтуші, әр нәрсені бақылаушы, шүкіршілігім жеткіліксіз. Бірақ мені мақұрым қалдырмады. Қателігім үлкен, бірақ мені әшкере еткен жоқ. Менің бағынбағанымды көрді, бірақ халықтың арасында әшкерелемеді»,- деп оқимыз.
Алланы таныған соң имам Хусейннің (ғ.с.) көзқарасын бойынша ең маңызды тақырып – ахлақ мәселесі. Имам Хусейннің (ғ.с.) ахлақ сабақтары ерекшеліктерге ие. Ахлақ Алла мен қияметке иман келтіруден тамырланады. Имам өзі мен адамның жаратылған әлемдегі рөлін терең танып, таңырқарлық тәрбиеге ие болды. Имам Хусейн (ғ.с.) Алла елшісінің (с.ғ.с.) мектебінде, хазірет Фатима (ғ.с.) мен хазірет Әлидің (ғ.с.) отбасында тәрбиеленді.
Имам Хусейн (ғ.с.) қуаттаған қадір-қасиеттерінің бірі – ізгілік пен үнсіз ойлану. Имам: «Ізгілік – құлшылық, үнсіздік – сән»,- деп айтқан. Имам Хусейн (ғ.с.) үнсіз ойлануды қуаттап, құны жоқ бос сөзден алыстауға шақырды. Имам Хусейн (ғ.с.) мейірімнің негізі болып, туыс-туғандарға жақын болу адамның өміріне әсерін тигізеді, мейірім мен өмірдегі берекенің артуына, өлімді кейіне шегіндіріп, ырзықтың артуына себеп болады деп сенген. Имам Хусейн (ғ.с.) өлімін кейінге шегіндіргісі келген адам туыстарын ұмытпауы керек»,- деген болатын. Имам Хусейннің (ғ.с.) ерекше назар аудартқан келесі қадір-қасиеті кешірімділік. Негізінде имам Хусейн (ғ.с.) өз адамгершілігімен дүниеде әділет пен махаббаттың мәңгілік негіздер екені көрсетті. Адам бұл қадір-қасиеттер үшін қарсыласса және адамзат бұл жолда қадам басса, бұл негіздер дүниеде үнемі тұрақты қалады. Имам Хусейн (ғ.с.) азат адам. Азаттықтың әртүрлі деңгейі бар.
Имам Хусейннің (ғ.с.) Аллаға жақын болуы мен Жаратушыға шын жүректен ғашық болуы шешім қабылдауы мен қоғамға енгізген өзгерістеріне әсер етіп, имам Хусейн (ғ.с.) қай жерде болса да, Кербала жолында халықты кемелдік пен Аллаға қарай нұсқады.
Бүгін жер тұрғындарына жарықты сыйлаған теңдессіз тұлғаның туған күні. Хазірет Ибрахим, хазірет Мұса мен хазірет Исаның және хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пәк ұрпағы Хусейн (ғ.с.) дүниеге келді. Хусейн (ғ.с.) дүниеге келген кезде Жебірейіл мың періштемен Пайғамбардың (с.ғ.с.) қасына келіп, Алла тарапынан қасиетті сәбидің дүниеге келуімен құттықтады.
Имам Хусейннің (ғ.с.) туған күні құтты болсын!