Имам Саджадтың (ғ.с.) туған күні
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i46112-Имам_Саджадтың_(ғ.с.)_туған_күні
Қасиетті шағбан айының 5 жұлдызы имам Саджадтың (ғ.с.) туған күні.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 30, 2020 15:50 Asia/Almaty
  • Имам Саджадтың (ғ.с.) туған күні

Қасиетті шағбан айының 5 жұлдызы имам Саджадтың (ғ.с.) туған күні.

Имам Саджадтың (ғ.с.) әкесі имам Хусейн (ғ.с.) өз әкесі хазірет Әли бен Абиталебке (ғ.с.) деген үлкен махаббатына байланысты ұлдарын Әли деп атады. Олардың екеуі Кербалада шәһид болды. Алла елшісі дүниеге келетіні туралы хабар берген имам Саджад (ғ.с.) науқастығына байланысты тірі қалды. Сөйтіп имам Саджад (ғ.с.) арқылы имам Хусейннен (ғ.с.) Пайғамбар (с.ғ.с.) ұрпағы жалғасты. Имам Саджад (ғ.с.) Ислам тарихының өте сезімтал кезде, имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болған соң имамат пен басшылықты өз міндетіне алды. Алла Тағала имамды діннің байрағын көтеру үшін сақтап қалды.

Аптап ыстық даланы күйдіріп тұрған кезде Абдолланың көзі 6-7 жасар балаға түсті. Абдолла алға қадам басып, баладан: «Далада кіммен келе жатырсың?»- деп сұрады. Бала: «Ұлы Алламен»,- деп жауап берді. Абдолла: «Жүгің, құралың мен мақсатың не?»- деп сұрағын жалғастырды. Бала оған қарап: «Жүгім – тақуалық, құралым – аяғым, мақсатым – Аллаға жақындау»,- деді. Абдолла алдында ерекше баланың тұрғанын түсінді. Абдолла баладан қай елден, қай отбасынан шыққанын сұрады. Бала Хашими әулетінен, Әли (ғ.с.) мен Фатиманың (ғ.с.) отбасынан екенін айтты.

Күндер өтіп, Абдолла қажылықтан кейін оны Абтах жерінен көрді. Бірқатар адам баланың айналасына отырып, оған көп сұрақ қойды. Ол сұрақтаға жауап берді. Абдолла одан көзін алмай таңдана қарады. Біраздан кейін алға қадам басып тұрған адамдардан: «Оның есімі кім?»- деп сұрағанда: «Әли бен әл-Хусейн»,- деген жауап алды. Абдолла: «Расында, бұл ерекше бала»,- деп ойлады. Әли бен Хусейн (ғ.с.) әкесі мен аталары секілді кемел адам болды. Ол ғибадаттың зейнеті, оның сәждесі басқалардың сәжделерінен ұзағырақ, адамгершілігі жоғары және басқалар мүмін болса, имам Саджад (ғ.с.) олардың көшбасшысы болды. Сондай-ақ, хазірет қоғамдық және саяси мәселелерге немқұрайдылық білдірген жоқ. Халық оны ислам қоғамының саяси билігі үшін ең қолайлы адам санады. Сүннит ғұламаларының бірі Ибн Шаһаб Зоһри: «Мен Әли бен Хусейнмен (ғ.с.) бірге көп болдым, одан жоғары факихты көрмедім»,- деген болатын.

Имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін Әмәви үкіметінде бұрмаланушылық артып, жоғары деңгейіне жетті. Бұл кезеңде діни құндылықтар Әмәв үкіметінің өзгертуімен бетпе-бет келіп, имам Саджад (ғ.с.) халық пен қоғамдық пікірдің ауытқу жолына түсуінің алдын алуға талпынды. Имам Саджад (ғ.с.) дұға арқылы Алла мен Исламның арасын күшейтті. Зейн әл-Абидин (ғ.с.) өмірі мен 34 жыл имаматы кезінде маңызды тағылымдар қалдырды. Бұл тағылымдардың бір бөлігі «Саһифе Саджадие» деген кітапта жинақталды. Бұл дұға мен Алланың алдындағы мүнәжәттар жинағы толық тәрбие жүйесі болды. Имам Саджад (ғ. с.) сенім, ахлақ және қоғамдық сабақтарын дұға тілімен баяндады. Өйткені адамға кез келген уақытта мұндай тағылымдар қажет. «Саһифе Саджадие» – дұға мен мадақ жинағы. Бұл кітап адамның Жаратушысымен сырласу қажеттігін көрсетеді.

 

"Саһифе Саджадие"

 

Имам Саджадтың (ғ.с.) көзқарасы бойынша, сұлулықтың барлығы жақсы әрі әсем. Бірақ әдемі ғибадат жасау Алла үшін басқа нәрседен жақсырақ. Имам Саджад (ғ.с.)  ғибадаттары үшін «ғибадат жасаушылардың зейнеті» атанды.  Көп әрі ұзақ сәжделері үшін имам Зейн әл-Абедин (ғ.с.) «Сейед әл-Саджадин» деген лақап атқа ие болды. Имам Бақер (ғ.с.): «Әкем әрбір нығмет туралы айтқан кезде сәжде жасайтын. Құрандағы сәжде жасалатын аят оқылған кезде де қатер мен жөнсіз оқиғаның болу ықтималы, уәжіп намаздарынан кейін, екі мүмінді татуластырған кездерде сәжде жасап, Аллаға ризашылылық айтатын»,- деп айтқан.

Имам Зейн әл-Абидин кедейлердің қасында отырып, олармен бірге тамақтанатын. Имам бұл амалымен халыққа Алланың алдында өзін басқадан жоғары көрсетудің дұрыс емес екенін көрсететін. Өйткені Алла – аспандар мен жердің Жаратушысы. Хазірет Саджад (ғ.с.) әрқашан сабыр сақтап, адамдармен қарапайым қатынас орнатып, еш уақытта теңдікті бұзбаған.

Құран Кәрім – соңғы қасиетті кітап және адамзатты құтқаратын үлгі. Құран әдемі оқылған кезде жабық жүректерді ашып, оларды шындықты қабылдауға дайындайды. Имам Саджад (ғ.с.) Құран тағылымдарын таратуға көп талпынып, Құранды жүрекке қонымды әдемі қоңыр дауыспен оқитын. Хазірет Құран оқыған кезде үйінің қасынан өтіп бара жатқан су тасушылар еріксіз тоқтап,  аяттарды тыңдайтын. Имам Саджад (ғ.с.) ислам мәдениеті пен өркениетін қалыпастырып, Құран тағылымдарын таратуға көп талпынып, әйгілі шәкірттер тәрбиеледі. Хазірет адамдардың тәрбиесіне ерекше мән беретін. Рауаяттарда хазіреттің құлдықпен күресу үшін құлдарды тұтқыннан сатып алып, біраз уақыт тәрибе беріп, кейін оларды азат еткені туралы айтылған.

«Сахифе Саджадиенің» бірінші дұғасында былай деп айтылған: «Мадақ Алла үшін. Ол бізге жаратылыстың сұлулықтарын ұсынып, бізге пәк әрі жақсы күндерді сыйлады. Ол бізді басқа жаратылыстардан артық жаратты. Сондықтан әрбір жаратылыс өз мүмкіндігіне сай Оған бағынады. Ол бізге бағынуға көмектеседі. Мадақ Алла үшін. Ол бізге өмір сүруге қажет күш берді, еңбек етіп, талпыныс жасау үшін ағзаларымызды сыйлап, пәк азықты ырзығымызға беріп, өзінің жомарттығымен бізді күшейтті. Сондай-ақ, нығметтерін сыйлады».

Әлемнің барша мұсылмандарын имам Саджадтың (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!