Құран жолдаулары (3)
(last modified Fri, 01 May 2020 18:35:23 GMT )
Maм 02, 2020 00:35 Asia/Almaty
  • Құран жолдаулары (3)

Рамазан айы адамдарды шыдамдылық пен ұстамдылыққа тәрбиелейді.

«Бақаре» сүресінің 155-156-шы аяттарында Алла Тағала сабырлыларға былай деді: «Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммад с.ғ.с. сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр!   Қашан оларға бip қайғы жетсе: “Олар шын  мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз” деді.

 

Біз өмір сүретін әлемде әрқашан қиындықтар кездеседі. Философтардың айтуынша, бұл қиындықтар тіршіліктің бір бөлімі. Кейбір уақыттарда адамның рухы қиындықтардан шаршап, ащы оқиғалар көбейеді. Сол сәтте адам рухын тыныштандыратын жол іздейді. Әсіресе соңғы айларда әлем халықтары коронавируспен күресіп, ауыр күндерді бастан өткізді. Коронавирус салдарынан кейбір адамдар жақындарынан айырылды. Дәрігерлер мен медбикелер бұл илаһи сынақтың алдында сабыр сақтап, табандылық танытты. Расында, жеңілдік келгенше, бұл ауыр сәттерді қалай өткізуге болады? Психикалық қысымдарды азайту үшін ауыртпалық туған жағдайда не істеу қажет?

Шыдамдылық діни тағылымдарда ұстамдылықты білдіреді. «Сабыр» деген сөз Құран аяттарында жүз реттен артық кездеседі. Сабыр иман келтірген адамдар үшін ерекше маңызды болғандықтан олар Алланы пана тұтады. Аяттар мен рауаяттарда айтылғандай, бас дене үшін қандай маңызды болса, сабыр иман үшін де сондай қажет. Егер адам аяқ-қолынан айырылса, тірі қалады. Ал егер басы кесілсе, өмірі де тоқтайды. Сондай-ақ, сабырсыз адам имансыз. Ол жаннатқа жол таппайды. Негізінде кейде иманның гауһар тасы кірлеп, ұқсас сынақтардан өтіп, тазарады. «Рағыд» сүресінің 24-ші аятында қиямет күні иман келтіргендер жәннәтқа еніп, періштелер олар үшін сәлем беріп: «“Сабыр еткендіктерің үшін Алланың есендігі сендерге болсын! Соңғы жұрт нендей жақсы” (дейді)»,- деп айтылды. Негізінде шыдамдылық – қарсыласудың бір түрі. Ол адамды қиындықтардың алдында күшейтеді. Өмірдегі кез келген қиындық адамның психологиясына әсерін тигізеді. Алайда Аллаға және оның қайырымдылығына иман келтірген адам қиындықтарға төзіп, илаһи тағдырға бағынып, кемелдікке жететін жолға түседі.

Уәһи сөзіне көңіл бөліп, Алланың өмірдің қиындықтары үшін дайындаған емімен танысамыз: «Әй, мүміндер! Сабыр және намазбен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла Тағала сабыр етушілермен бipгe». («Бақара» сүресі, 153-ші аят). Тәпсіршілер бұл аятта сабырдың мағынасын ораза деп атап, оны шыдамдылық пен ұстамдылықтың үлгісі ретінде еске алады. Өйткені адамға қиындықтармен бетпе-бет келген кезде үмітсізденбеуге, адаспай, Аллаға бет бұрып, Одан көмек тілеуге мұрсат береді. Басқаша айтқанда, шыдамдылық пен ораза бір-бірімен байланысты. Аштық пен шөлге шыдамдылық білдіру, күнәләрға қарсы табандылық көрсету оразаның қадір-қасиеттеріне жатады. Соның нәтижесінде Алламен сырласып, Оған жақындау мүмін болады. Бұл дүниедегі өмірде адамның әртүрлі қиындықпен бетпе-бет келетіні анық. Егер адам оларға қарсы тұрып, сабыр мен табандылық танытса, жеңіске жетеді. Бірақ егер шыдамсыздық көрсетіп, қиындықтарға бағынса, еш уақытта мақсатына жетпейді.  Исламның ұлық пайғамбары қасиетті Рамазан айын шыдамдылық айы деп атап: «Уа, халайық, расында түндері мың түннен артық ай жіберілді. Бұл Рамазан айы. Алла Тағала бұл айда ораза тұтуды уәжіп етті. Яғни, бұл шыдамдылық айы»,- деген болатын.

 

Намаз сабырдың факторларының бірі. Адам қиындықтар кезінде Алланың шексіз құдыретіне сүйенбесе, үмітсіздікке салынады. Намаз оқып, Аллаға жақындайтын адам ешбір жағдайда өзін жалғыз сезінбейді. Рауаяттардың бірінде: «Хазірет Әли (ғ.с.) үшін қиын жағдай туған кезде біріншіден, екі рекет намаз оқып, Алладан көмек сұрайтын. Намазхан намазын тәкпір айтумен бастап, Алланы ұлық деп атайды. Осындай көзқараспен барлық нәрсені кішкентай санайды.  Ұшаққа қарасақ, ол жылдамдығын арттырып,  жоғары көтеріледі. Ішінде отырған адамдар үшін үйлер мен қала ғимараттары кішірейе түседі. Дәл солай адам Аллаға қарай бет алып, илаһи рақым орталығын шексіз санағанда оның алдында дүниенің мүліктері құнсызданып, байлық пен билік иелерін әлсіз көреді.  Бәле қоғамның рухани дамуы мен қоғамдағы күпірліктің құлауының құралы. Күпірлік кеткен кезде қоғам Аллаға жақындайды. Сондықтан қиындықтар біздің кемелдікке жетіп, адамды тануымызға себеп болады. Өйткені кейбір қиындықтар адамды физикалық және рухани тұрғыдан күшейтеді. Хазірет Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Алла Тағала әрқашан өз пенделерін әртүрлі қиындықтарға шырмап, олардың алдарынан талпыныс пен күрес жолын ашып қояды»,- деген.  Сабыр – қоғамды тәрбиелейтін құрал. Оның түрлі түрлері болады. Соғыс кезінде ержүректіліктің, күнәнің алдында қырағылық құралы. Ғибадат кезіндегі сабыр құлшылыққа себеп болады. Ислам мәдениетінде сабыр әртүрлі оқиғалар мен қиындықтарға тап болған кезде шыдамдылық сақтауды білдіреді. Сабыр сақтау еш уақытта бақытсыздық пен қорлықты қабылдау немесе сәтсіздікке жеткізетін нәрселерге бағыну дегенді білдірмейді. Иман білім және табандылықпен бірге болса, құндылау саналады. Сондықтан Құран аяттарының көбінде Алла Тағала өзін сабырлылардың демеушісі деп атайды.