Әлемдік Құдс күні – Палестинаның азаттыққа ие болу арманын қолдау
(last modified Fri, 22 May 2020 11:59:42 GMT )
Maм 22, 2020 17:59 Asia/Almaty
  • Әлемдік Құдс күні – Палестинаның азаттыққа ие болу арманын қолдау

Аятолла Хаменеи: «Биылғы Құдс күнінің шеруі АҚШ-тың аймақтағы қылмыстарына, соның ішінде іске асырылмайтын «Ғасыр мәмілесі» жобасын іске асыру әрекеттеріне байланысты ерекше маңызды. Бірақ АҚШ пен оның жақтастары бұл мәселеде де сәтсіздікке ұшырайды», -деді.

Сионистік режимнің Палестина жерлерін басып алып, заңсыз үкімет құрғанынан бері 72 жыл өтті. 72 жылда  жүздеген мың палестиналықты босқынға айналдыру, өлтіріп, тұтқындау және оларды азаптап, қорлау үдерісі жалғасты. Батыс үкіметтерінің, әсіресе АҚШ-тың растауы мен халықаралық қауымдастықтың үнсіздік танытып, шара қолданбауы бұл режимнің күн сайын өз қылмыстарын жалғастырып, одан сайын арсыздануына соқтырды. Бірақ сионистердің зұлымдығы мен зорлық-зомбылығы жауапсыз қалмады. Палестиналықтар мүмкіндіктеріне қарай олармен қарсыласты.

1979 жылы Иранда Ислам республикасы жүйесі құрылған соң көп қиындық көрген халықтың жүрегінде құдыретті қолдауға ие болу туралы үміт оты тұтанды. Иранның ең маңызды әрекеттерінің бірі қоғамдық пікірді палестиналықтарды қолдауға шоғырландыруы мен ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің Әлемдік «Құдс» күнін белгілеуі болды. Имам  бұл шешіміне байланысты 1979 жылдың тамыз айындағы мәлімдемесінде: «Мен әлем мұсылмандарын Палестина халқының тағдырын анықтай алатын Қадір түні кезеңінде, қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасын Құдс күні деп атап, халықаралық рәсімде Палестинаның мұсылман халқының заңды құқығын қолдауын жариялауға шақырамын»,- деді. Сол кезден бастап, жыл сайын мұсылмандар Палестинаның зорлық-зомбылық көрген халқын қолдап, сионистік режимнің қылмыстарын айыптап, шеруге шығады.

رهایی بیت المقدس

 

Өткен 41 жылда Ислам республикасы әрқашан Палестина халқының өз жерін азат ету мақсатын қолдады. Имам Хомейни сионистік режимді тек Палестинаның ғана емес, бүкіл адамзат пен мұсылмандардың дұшпаны деп атап: «Біздің мақсатымыз – Палестина жері мен әл-Ақса мешітін сионистерден босату»,- деді. Халықаралық заңдарға қайшы Палестина жерлерін басып алу мен бұл жерлерде сионистік режим құру батыс үкіметтерінің  қолдауымен жүзеге асты.  ИИР бұл режимді басқыншы режим санап, ресми қабылдамайды. Иран Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи де имам Хомейни секілді Израильді аймақтың географиялық картасынан алып тастауды талап етіп, «Құдс» күні туралы: «Әлемдік «Құдс» күні – ислам үмбетінің сионистер мен олардың қолдаушыларының зұлымдығы мен әділетсіздігіне қарсылығын жариялайтын күн»,- деді. Сондай-ақ, Палестина халқын қолдау жөнінде: «Ислам республикасының үкіметі мен Иран халқы әрқашан палестиналықтардың мүддесін қолдайды»,- деп қуаттады. Алайда сионист дұшпан да әрекетсіз қалған жоқ. Олар палестиналықтар мен олардың жерлеріне қарсы жаңа қастандықтарын жобалауда.

АҚШ үкіметі өз елшілігін Бейт әл-Мұқаддасқа көшіргеннен кейін сионистік режимнің шапқыншылығы мен билікқұмарлығын қолдауды жалғастырып, былтыр қаңтар айының 28 күні «Ғасыр мәмілесі» жобасын ұсынды. Бұл арсыз жоба көптеген мемлекеттердің, топтар мен танымал тұлғалардың теріс реакциясына тап болды. Тіпті сионистермен бітімге келіп, олармен ынтымақтастық жасау саясатын ұстанатын Палестина автономиялық құрылымы да «Ғасыр мәмілесін» қабылдамады. Сұм жоба бойынша, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестина жерлерінің басқа бөлімдерін, тіпті Сириядағы Голан жоталарын Израильге өткізіп, палестиналықтарды бірнеше кезеңде бүкіл Бейт әл-Мұқаддастан шығару көзделуде. Сондай-ақ, аталмыш жобаға сәйкес Палестина халқы Қауіпсіздік кеңесінде бекітілген өз жерлеріне оралу құқығынан бас тартуға міндетті. Сионистік режим палестиналықтарға мұндай артықшылықтарға ие болғаны үшін өз бақылауымен үкімет құруға рұқсат береді. Алайда оның астанасы Құдс қаласы болмайды. Сионистер өз міндеттемелеріне табансыз болғандықтан, «Ғасыр мәмілесі» жобасы Палестинаны жауап алып, осы ел халқының қарсыласуын тоқтату үшін жағдай жасауды көздейді деп болжауға болады.

 

"Ғасыр мәмілесі"- Палестина армандарына қиянат

Басқа жақтан Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн мен Мысыр сияқты кейбір араб үкіметтерінің «Ғасыр мәмілесін» қабылдауын Палестина армандарына қарсы қиянат деп сараптауға болады. Тіпті Сауд Арабиясы секілді үкіметтер бұл жобаны қаржылай қамтамасыз етпек. Олар біраз уақыттан бері сионистік режиммен әртүрлі салалардағы қарым-қатынастарын қалыпқа келтіруді бастады. Бахрейндегі конференцияда «Ғасыр мәмілесінің» бастамасы қарастырылып, Біріккен Араб Әмірлігінде Құдсты басып алған режимнің елшігін ашу көзделді.  Сондай-ақ, режим әскерилерінің Йемен халқын қырып-жою үшін саудиялықтармен ынтымақтастық жасап жатқаны туралы мәлімдемелер жарияланды. Алайда араб мұсылман елдердің көбі бұл жобаны қабылдап, палестиналықтардың құқықтарын қамтамасыз ететіндерін қуаттады. Тіпті мұсылман емес мемлекеттер мен сионистердің билікқұмарлығына қарсы топтардың көбі «Ғасыр мәмілесі» жобасын қабылдауға болмайтын, халықаралық заңдар мен Палестинаны азат ету ұйымының Тель-Авив арасындағы бейбітшілік келісіміне қайшы деп атады. Израильге санкция салу әлемдік қозғалысы бұл жобаны айыптап, онымен қарсыласып, заңсыз режимді оқшаулауға талпынуға шақырды.

ИИР «Ғасыр мәмілесі» жобасы баяндала салысымен оған қарсылық білдірді. Өйткені АҚШ пен сионистік режимнің ынтымақтастығы және палестиналықтардың қатысуынсыз дайындалған жобаның тек басқыншы режимнің мүддесіне болатыны анық еді. Бұл жоба әшкереленген соң Иранның сараптамасының дұрыс болғаны белгілі болды. Аятолла Хаменеи  «Ғасыр мәмілесін»  ақымақ, зиянды және сәтсіздікке ұшырайтын жоба деп атап: «Биылғы Құдс күнінің шеруі АҚШ-тың аймақтағы қылмыстарын, соның ішінде іске асырылмайтын «Ғасыр мәмілесі» жобасын іске асыру әрекеттеріне байланысты ерекше маңызды. Бірақ АҚШ пен жақтастары бұл мәселеде де сәтсіздікке ұшырайды»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі осыдан бірнеше жыл бұрын Палестина мәселесін әділ шешу жолын ұсынып: «Палестина мәселесінің негізгі шешім жолын осыдан бірнеше жыл бұрын біз айтып, халықаралық маңызды орталарда тіркелді. Палестинаның негізгі халқы басқа елден келіп, Палестинада тұрақтанғандар емес. Палестинаның мұсылмандары, христиандары мен еврейлері референдум өткізіп, өздері қабылдайтын жүйені таңдап, Палестинаның барлық жерінде осы жүйе қалыптасуы керек»,- деді. Бірақ өткен бір жылда Палестинаны сионистердің басқыншылығынан босату саласында басқа да үміттендіретін оқиғалар болды.

 

Палестинаның басып алынған жерлері шекарасындағы "Орлау құқығы" шеруі

Газа секторының басып алынған Палестина жерлері шекарасында жұма сайын өткен «Оралу құқығы» шерулері палестиналықтардың арасында күресу мен қарсыласу рухының сақталғанының белгісі. Бұл қайталанған шерулерге ызаланған сионистік әскерилер шамамен  350  палестиналықты өлтіріп, 30 мыңнан астамын жаралады. Басқа жақтан Газа секторындағы Исламдық қарсыласу қозғалысы сан рет сионистік шапқыншыларға қирату күші мен қашықтығы артып келе жатқан зымырандарымен жауап қайтарды.  Палестинаның жәбір көрген халқы достары мен дұшпандарын жақсырақ таныды. Араб үкіметтерінің көбі халықтарының қарсылықтарына қарамастан сионистік режиммен қатынастарын қалыпқа келтірумен айналысты. Сондықтан Палестина халқы тек бір Алла, өз ерік-жігері және Иран секілді саяси және іс жүзіндегі қолдауларына сүйену қажеттігін түсінді. Әлемдік Құдс күнін жариялауы және Палестина исламдық қарсыласуын толық қолдауы – ИИР-ның палестиналықтардың армандарын демеу саласындағы әрекеттері. Аятолла Хаменеи: «Ислам республикасы үшін Палестина мәселесі тактикалық, стратегиялық мәселе емес, сенім мен иман мәселесі»,- деді.