Жетекші көзқарасы: Құдс күні
(last modified Sat, 30 May 2020 10:59:30 GMT )
Maм 30, 2020 16:59 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: Құдс күні

1979 жылдан бері жыл сайын әлемде миллиондаған адам Ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейнидің бастамасы және шақыруымен Палестинаны қолдап, шеруге шығады.

1979 жылдан бері жыл сайын әлемде миллиондаған адам Ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейнидің бастамасы және шақыруымен Палестинаны қолдап, шеруге шығады.

Қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы – Дүниежүзілік «Құдс» күні миллиондаған адам көшелерге шығып, Палестинаның зорлық-зомбылық көрген халқымен ынтымақтастықтарын жариялады. Ынтымақтастық ерекше түрде білдірілді. Әлеуметтік желілерде Палестинаның туы көтіріліп, елдің халқын қолдайтын миллиондаған хэштег таратылды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи ұлттық ақпарат құралдарына берген сұхбатында мұсылмандардың бұл күндерге ерекше көңіл бөліп, қарсыласу мен күрестің жалғасуы керек екенін қуаттады. 

 

Ислам революциясының жетекшісі Палестина елінің басып алынуы мен сионистік «обырдың» пайда болуын үлкен апат деп атап: «Соңғы кезеңдердегі адамзат қылмыстарының арасында мұндай қылмыс жоқ. Бір елді басып алу, халқын үйлері мен ата-бабаларының отанынан шығару, жабайылықпен өлтіру, геноцид және ондаған жыл бойы зорлық-зомбылықты жалғастыру – адамзаттың зұлымдығы мен шайтандығының жаңа рекордтарының бірі»,- деді.

БҰҰ-ның алпауыт елдердің араласуымен 1947 жылдың 29 қарашасында сионистердің Палестина жерін жаулап алуын ресми қабылдауынан бері 72 жыл өтті. №181 қарар бойынша Палестина екіге бөлінді: Палестина жерінің 56 пайызы сионистік басқыншылардың қолына түсіп, палестиналықтар 44 пайызын иеленді. Бірақ 1948 жылдың мамыр айында сионистер тіпті Палестина жерінің жартысынан аз көлемінің оның негізгі тұрғындарының қолында болуына төзе алмай, оны басып алып, осы күнге дейін тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуына кедергі тудырып отыр. Қазіргі кезде сионист басқыншылар Палестина жерінің 85 пайыздан астамын, яғни 27000 км² жерді жаулап алды. Палестиналықтар үшін жердің тек 15 пайызы қалды.

Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Аймақтағы келесі оқиғаға жасаған шолу батыстықтар мен еврей компаниялары иелерінің негізгі мақсаты сионистік үкімет арқылы Батыс Азия аймағында тұрақты орналасып, аймақ елдері мен үкіметтерінің істеріне араласу мен оларды билеп-төстеу екенін көрсетеді. Сондықтан олар заңсыз сионистік режимді әскери және әскери емес мүмкіндіктермен қамтамасыз етіп, тіпті қаруландырып, «обыр ісігін» Нілден Евфратқа дейін кеңейтуді көздеп отыр»,- деп мәлімдеді. Мұндай жағдайда күрес жалғасқанымен араб үкіметтерінің көбінің осалдығы мен АҚШ-қа бағынуы бір жақтан, күрескер топтардың басқыншымен  келіссөз жүргізу және бітімге келу үдерісі басқа жақтан Палестина армандарының нәтижеге жетпеуіне соқтырды.

Ирандағы Ислам революциясының жеңіске жетуімен Палестина күресінің жаңа кезеңіне жол ашылып, Ираннан сионистер қуылып, сионистік режимнің бейресми елшілігінің орны Палестина өкілдігіне айналды. Әртүрлі әсерлі әрекеттермен бірге мұнай ағымының тоқталуы қарсыласу майданының пайда болуы мен үмітке себеп болды. Ислам революциясының жетекшісі: «Ливан Хизболласының мүмін, жас және жанкешті күштері мен Палестина жерлерінде ХАМАС пен Исламдық жиһад топтарының құрылуы сионистерді ғана емес, АҚШ пен Батыстың басқа билікқұмарларын алаңдатып, олар араб қоғамының ішінен заңсыз режимге қолдау көрсетуді бағдарламаларында қарастырды»,- деді.

Ислам мәдениетінде жалғандық жойылады. («Исра» сүресі, 81-ші аят). Шындыққа немқұрайдылық білдіріліп, олардың орнын жалғандық басатыны – тарихтың лас беттерінің бірі. Тарихтың бұл парағы басқа лас парақтары сынды Алланың көмегімен жабылады. Ислам революцясының жетекшісі жеңіске жеткізетін ақыл-кеңес-ін айтып: «Палестинаны азат ету үшін күресу – Алла мен ислам құндылықтары жолындағы жиһад. Бұл күрестің жеңіске жететіні белгілі, өйткені күрескер адам тіпті өлімге ұшыраған жағдайда имам Хусейннің (ғ.с.) бауырлары қатарына қосылады. Сондықтан Палестина мәселесін тек палестиналықтар және арабтар мәселесі деп шектеу үлкен қателік»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі өз жолдауында айтқан екінші ақыл-кеңесте: «Бұл күрестің мақсаты – Палестинаның бүкіл жерін азат етіп, бүкіл палестиналықты еліне қайтару. Бүгін миллиондаған палестиналық жеңіске жететініне сенімді. «Кім Алла жолына жәрдем етсе, Алла оған жәрдем етеді. Шәксіз Алла, аса көруші, тым үстем». («Хаж» сүресі, 40-шы аят). Аятолла Хаменеи үнемі үкіметтерді Батыс үкіметтеріне сенбеуге және оларға тәуелді болудан алыстауға шақырды. Ислам революциясының жетекшісі діндар қоғам өз күшіне сүйеніп, Алладан көмек сұрап, қиындықтардан өтеді деп санайды. Өйткені қазіргі кезде халықаралық ұйымдар үнсіздік танытып отыр. Ол кісі: «Қазіргі кезде әлемде коронавирус салдарынан қайтыс бөлген әрбір адам тіркеліп, саналады. Бірақ ешкім АҚШ пен Еуропа соғыс ашқан елдерде өлген жүздеген мың шәһид пен із-түссіз жоғалғандар үшін кім жауапты? Ауғанстан, Йемен, Ливия, Ирак, Сирия мен басқа елдерде төгілген жазықсыз адамдардың қанына кім жауапты? Неге ешкім ислам әлеміндегі миллиондаған жәбір көрген баланы, әйел мен ерді санамайды?»- деген сұрақ қойды.

Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, ислам әлемінің саяси және әскери тұлғалары АҚШ пен сионистердің қақтығыстарды қарсыласу майданының артына көшіруіне немқұрайдылық білдіре алмайды. Сириядағы азамат соғыстарын іске асыру, Йемендегі әскери қоршау мен тәулік бойғы қырып-жою, террор мен қиратуышылық, Ирактағы ДАИШ тобы мен аймақтың кейбір елдеріндегі ұқсас оқиғалар – қарсыласу майданын тоқтату және сионистік режимге мұрсат беру  жобасының бір бөлігі. Діни жетекші өз ақыл-кеңесінде күресті жалғастыру мен жиһадтық ұйымдарды белсенді етіп, олардың бір-бірімен ынтымақтастығына  тоқталып, баршадан Палестина халқының қасиетті күресіне көмектесіп, теңгерімді өзгертуді сұрады. Аятолла Хаменеи: «Барша палестиналық күреске көмектесуі қажет. Біз мүмкіндігімізге қарай бұл жолда әрекет етуімізді мақтан тұтамыз. Жабайы дұшапнмен күш көрсетпей сөйлесуге болмайды. Аллаға шүкір, батыл әрі табанды Палестинада ХАМАС пен Исламдық жиһад және Ливан Хизболласы құрылып, міндеттерін орындады. Әлем сионистік армияның Ливан шекараларын бұзып, Бейрутке дейін жеткен қылмыстарын, Ариель Шарон деген қылмыскердің Сабро мен Шатилада төккен қанын ұмытқан жоқ, ұмытпайды да. Сондай-ақ, сионистік әскердің Хизболланың соққысынан көп шығын көріп, жеңілісін мойындап, Ливан шекарасынан артқа шегініп, атысты тоқтатуды сұрағанын  да ұмытпады. Күш-қуатқа ие болу – осы. Палестина – палестиналықтардың меншігі, сондықтан олардың ерік-жігері орындалуы керек. Палестинаның әртүрлі діндер жақтастарының референдумға қатысуы – Палестинаның қазіргі және келешек дағдарыстарын шеше алатын жол.  Бұл жоба бойынша, Палестинаның   мұсылман, христиан және яһуди халықтары бірігіп, референдумға қатысып, Палестинаның келешегін анықтауы керек. Сионистік режимнің бұл жерде қалмайтыны анық; сионизм – яһуди дініндегі бедғат, мүлдем бөгде құбылыс»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи  сөзін  Құдс шәһидтерін, соның ішінде шейх Ахмад Ясин, Фатхи Шақақи және сейіт Аббас Мусавиден бастап, қарсыласу қозғалысының ұмытылмас тұлғасы әрі исламның ұлы сардары шәһид Қасым Солеймани мен  Ирактың ұлы күрескері шәһид  Абу Махди әл-Мохандес пен басқа да шәһидтерді еске алып аяқтады.

 

Дүниежүзлік Құдс күні