Имам Хомейни – жүректерге жол тапқан басшы
(last modified Tue, 02 Jun 2020 16:12:54 GMT )
Маусым 02, 2020 22:12 Asia/Almaty
  • Имам Хомейни – жүректерге жол тапқан басшы

Имам Хомейнидің қозғалысы тек материалдық құндылықтар мен өтпелі дүниенің ләззаттарымен шектелмейтін, руханият деп аталатын қадір-қасиетті ұмытпаған болмыстан туындаған. Имам руханиятты жеке адам мен қоғамның өміріне қайтарып, әлемге хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қасиетті дінінің құндылықтарын көрсету үшін келген.

Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1368 жылдың 14 хордады, сәйкесінше 1989 жылдың 3 маусым күні ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің дүниеден озғаны туралы қайғылы хабар жарияланды. Бұл хабар тек бір халық пен Иранды ғана  уайым-қайғыға батырып қойған жоқ, әлемнің түкпір-түкпіріндегі бүкіл азаттық талап етушілер мен зұлымдыққа қарсыларды азаға батырды.

Көздері жасқа, кеуделері қайғыға толы Иран халқы көшелерге шықты. Халықтың имам Хомейниге деген махаббаты заманауи тарихтағы ең ірі қоштасу мен халық судай ағылған үлкен рәсімге айналды. Имамның мәйіті шыны табытқа салынып, Иранның түкпір-түкпірінен астанаға жиналған халық имаммен қоштасып, ол кісіге деген махаббат пен сүйспеншілігін көрсетті.

Имам Хомейниді жерлеу рәсімі әлемнің әртүрлі газеттері мен телеарналарынан көрсетіліп, біраз уақытқа дейін әлемнің баспасөз құралдарының басты хабары болды. Сол күндері Франция ақпарат агенттігі: «Имам Хомейнидің жерленуінен бір күн өткенімен мыңдаған адам «Бехеште-Заһра» зиратындағы қабірінің басына жиналып, дұға оқып, басы мен кеуделерін ұрып, аза тұтуда. Барша бұл жердің ислам әлемінің қасиетті мекендерінің біріне айналатынына сенімді»,- деп жазды. Аза рәсімдері имам жерленген күннен кейін де көп уақыт жалғасты.

 

АҚШ-тың International Herald Tribune газеті өз нөмірінің бірінде имам Хомейни туралы: «Аятолла Хомейни өмірінің соңғы сәтіне дейін ислам қоғамы және Иранда ислам үкіметін құру мақсатына табанды қажымас күрескер болды. Ол өз арманына еш уақытта немқұрайдылық білдірген емес. Ол Иранды жемқорлық пен батыстың құлдырауынан тазартып, халқына ислам тағылымдарын қайтаруды өз міндеті санады»,- деп жазды. 

Имам Хомейни Иран халқының қолдауымен 1979 жылы батыстың бүкіл теңгерімін бұзған ислам революциясын жеңіске жеткізді. Ол өз көтерілісі мен қозғалысын Исламның саяси ойын жандандыру мақсатында бастады. Имам Хомейни қозғалысының әлемдегі басқа қозғалыстармен салыстырғанда басты айырмашылығының бірі хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Ислам дінінің ерекшеліктерін көрсетуі болды. Адамгершілік пен руханият тек діни жерлерде қамалып, адамдардың өмірінде ешқандай рөл атқармаған әлемде исламдық тағылымдардан туындаған революцияәлемге әсер етті. Діндар, мистик, тақуа,  саяси және әлеуметтік терең көзқарасқа ие болған имам Хомейни пайғамбар сынды Ислам дінінің жоғары тағылымдарын халықтың күнделікті тұрмысына енгізді.

 

 

Имам Хомейнидің қозғалысы тек материалдық құндылықтар мен өтпелі дүниенің ләззаттарымен шектелмейтін, руханият деп аталатын қадір-қасиетті ұмытпаған болмыстан туындаған. Имам руханиятты жеке адам мен қоғамның өміріне қайтарып, әлемге хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қасиетті дінінің құндылықтарын көрсету үшін келген. Ислам діні руханиятты мешіттер мен басқа діни жерлермен шектелмей, оны адамның өміріне енгізеді. Халық имам Хомейнидің: «Илаһи тағылымдарға оралып, зұлымдық пен кемсітушілікті қабылдамаңдар. Қасиетті Ислам дінін жаңдандыруға көтеріліңдер» деген даусын естіді. Имам саяси шешімдері, әсерлі сөзі және нақты мәлімдемелерімен қырағы әрі ойы терең басшы екенін көрсетті. Имам саяси, әлеуметтік жағдайды жақсы түсініп, халықтың әлеуметтік, саяси, мәдени қиындықтары мен қажеттіліктерінен хабардар болып, үлкен өзгерістер енгізіп, Иранға жаңа дем беріп, елді даму жолына бағыттады. Австриялық профессор Лансер ИИР негізін қалаушы имам Хомейни туралы: «Ол Аллаға жақындап, жаңа кезеңді бастап, халықтың қолдауымен ХХ ғасырдың тарихында  маңызды оқиға болып тіркелген Ислам революциясын жеңіске жеткізді»,- деді.

Имам Хомейнидің   зұлымдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы көтерілісінің басты мақсаты Алланың ризалығына ие болу мен Исламның діни тағылымдарын жандандыру болды. Имам жеке өмірінде тағылымдарды толық сақтап, қарапайым өмір сүріп, сән-салтанаттан алыс болды. Имамның тамағы, киімі мен үйі қарапайым адамдардан да қарапайым болып, әрқашан әлсіздер мен мұқтаждар туралы ойлады. Сондай-ақ, отаршылар мен үстемшілерден зорлық-зомбылық көріп отырған әлемдег мазлұмдар мен мақұрымдар туралы ойлайтын. Француз профессоры Монти имам Хомейнидің Парижге жақын Нофль-ле-Шато қалашығында өмір сүрген кезі туралы: «Бәрінен бұрын мені имамның қарапайым тұрмысы таңғалдырды. Имам Парижде екі бөлмесі бар кішкентай үйде өмір сүрді. Бір бөлмесі ұйықтайтын, екіншісі жұмыс істейтін және  адамдармен кездесетін бөлме болды. Ол кісіден қымбат заттар көрмедім»,- деп есіне алатын.  

 

Философ, мистик, хабардар саясаткер, тақуа тұлға имам Хомейни өзінің билігі кезінде тек саяси басшы ғана емес, жүректерге жол тапқан діни мистик болды. Имамның орынбасары аятолла Хаменеи «Басшы және мистик болуды хазірет Дәуіт және хазірет Сүлеймен, Алла елшісі сынды пайғамбарлардан байқауға болады»,- деді. Мұндай адам – Ислам мен Құран тәрбиесінің нәтижесі. Имам Хомейни исламдық жүйені адамдарды тәрбиелейтін жүйе ретінде қабылдап, иманды, зұлымдыққа қарсы және Аллаға сүйенетін адамды тәрбиелеу қажеттігін қуаттады.  

Имам Хомейни халықты жасқы көріп, оның ерік-жігеріне сенімді болып, халықтың пікірі мен таңдауын құрметтеп, маңызды санайтын. Имам  халықтың алдында қарапайым болып, өзін олардың қызметшісі санады. Ол басшыларға халыққа қызмет ету туралы еске салып, адамның мәртебесі мен беделін сақтауды қуаттады. Имам Хомейни: «Халық қызметшілерінің бірін қаламаса, ол міндетінен кетуі керек»,- деп айтқан болатын. Имам  басшыларды халыққа қызмет етіп, еш уақытта оларға немқұрайдылық білдірмеуге шақырып: «Зорлық-зомбылық көрген халық үшін қызмет етіңдер.  Осы жерге сендерді халық жеткізді. Сондықтан оларға қызмет етуіміз керек»,- деді. Имам өзінің адами және ислами міндетіне сай тіпті басқа халықтарды құтқару туралы да ойлады. Имам Хомейни: «Бұл қозғалыс, бұл революцияның дүниеге таралып, бүкіл әлсіздерді құтқаратынына үміттенеміз. Ислам мен халық дұшпандары жеңіліп, әлсіздер үстемшілерді жеңеді»,- деді.