Құрбан айт – Ұлы Аллаға жақындайтын күн
(last modified Thu, 30 Jul 2020 19:33:37 GMT )
Шіл 31, 2020 01:33 Asia/Almaty
  • Құрбан айт – Ұлы Аллаға жақындайтын күн

Құрбан айт, хазірет Ибраһим мен хазірет Исмаилді еске түсіруімен ақиқат іздейтін мүміндердің Алланың өсиеттеріне бағынуның белгісі. Бұл күні құрбандық шалу Алланың бұйырығына толық бағынып, өз баласын құрбан шалатын жерге ертіп әкелген хазірет Ибраһимді еске салады. Алла Тағала да бұл мойынсұнушылықты көріп, хазірет Ибраһимге құрбандық шалу үшін қойды жібереді.

Құрбан айт, хазірет Ибраһим мен хазірет Исмаилді  еске түсіруімен ақиқат іздейтін мүміндердің Алланың өсиеттеріне бағынуның белгісі. Бұл күні құрбандық шалу Алланың бұйырығына толық бағынып, өз баласын құрбан шалатын жерге ертіп әкелген хазірет Ибраһимді еске салады. Алла Тағала да бұл мойынсұнушылықты көріп, хазірет Ибраһимге құрбандық шалу үшін қойды жібереді.

Ораза айт, Беғсат, Құрбан айт пен Ғадир күні сынды исламдық мейірамдар маңызды оқиғаларды ойға салуларымен бірге адамдар үшін үлкен тәлім және ғибрат болып табылады. Айт күндері мүміндерге көптігін нығметтер жіерілуде. Ислам мәдениетінде адам күнй жасамаған күн айт (мейрам) саналады.

Құрбан - «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Алла жақындау, яғни нәпсімен күресу, өзін тәрбиелеу және мұрсаттарды пайдалану. Әлемнің түпкір-түпкіріндегі  мұсылмандар бұл күнді тойлайды.

Құрбан айт хазірет Ибраһим мен хазірет Исмаилдің оқиғасын еске салып, мүміндерге илаһи бұйырыққа бағынудың үлгісін ұсынады. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы сыналады. Хазірет Әли (ғ.с.) Құран айттарының бірінде: «Хабардар болыңдар! Бұл дүние мәңгі емес, бір күні күндері аяқталады. Жақсылықтары танымсыз жылдамдықпен өтіп кетуі мүмкін»,- деді.

Құрбан айт құтты болсын!

Қажылықтың рәсімдерінің барлығы басынан соңына дейін әртүрлі болғандарымен рухытың бірлігі және Аллаға жақындауға негізделген. Құрбан айт пен бұл күнгі құрбандық шалу рәсімінде де бұл тақырыпты байқауға болады. Өйткені бұл рәсім хазірет Ибраһимның Аллаға жақындау және Оның ризалығына ие болу үшін  бағынып, өз перзентін құрбандық шалатыг жерге ертіп әкелген кезде, Алланың бұл бағынышты көріп, хазірет Ибрахимге құрбандыққа қойды жіберген оқиғаны еске салады.

Қасиетті Ислам діні көптеген ежелгі халықтардың арасындағы, оның ішінде финикиялықтар мен канаандықтар, мысырлықтар мен еуропалықтарда кең таралған адамды құрбандық ету әдетін айыптайды. Сондай-ақ пұттарға және адамдар үшін құрбандық  шалуды құптамайды. Құрбандықты Құрбан айт күні және адамдардың игілігі үшін шалу  мен кедейлерге ұсыну көп насихатталды. Сүниттердің әйгілі тәпсіршілердің бірі Фахр Рази: «Надандар құрбандықтың етін жемейді, өйткені өздерін кедейлерден жоғары санайды. Сондықтан Алла Тағала мұсылмандарға кәпірлерден керісінше кедейлермен тең және қарапайым болып, құрбандықтың етін жеуді бұйырды»,- деді.  Исламда Құрбан айт күні ораза тұтудың харам жариялануының себебінің бірі бұл күні құрбандықтың ету татудан бас тарту сылтаудың болмауы болар. Исламның ұлық пайғамбарының рауаяттарының бірінде: «Алла Тағала бұл құрбандықты кедейлерді етпен қамтамасыз ету үшін қойды, сондықтан оларды тамақтандырыңыз»,- деп айтылды. Ғұламалардың көбі «Хаж» сүресінің 36-шы аятына сүйеніп, құрбандықтың етін тіпті мұсылман еместерге де бере алады деп санайды.

Ислам малды құрбандыққа шалып, бауыздаудың маңызды мәселелріне тоқталды. Исламның ұлық пайғамбары мен пәк имамдардың (ғ.с.) көптеген рауаяттарында бауыздаудан бұрын малға су беру және оның түнде емес күндіз бауыздаған жақсырақ деп айтылды.  Сондай-ақ «Бисмилләһир раһманир раһим» деп айту уәжіп саналады. «Анғам» сүресінің 121-шы аятында: «Алланың аты айтылмай Күдіксіз арам нәрсе. (Оны жеу дұрыс емес.) Расында шайтандар сендермен тартысу үшін, өз сыбайластарына сыбырлайды. Егер оларға бой ұсынсаңдар, (Аллаға) серік қосушылардан боласыңдар»,- деп айтылды.

Адам малды құрбандыққа шалған кезде Алланың атын айтып, бұл іске әлем Жаратушысының рұқсат еткенін еске салады.  Адам Алланың ризалығы үшін құрбандық шалып, өз тұла бойынша жанкештілік пен табандылықты тәрбиелейді. Негізінде құрбандық шалу Аллаға жақындау мен тақуалыққа жетуді білдіреді. Құрбандық шалу - Құдайды риза ететін және адамның дамуына көмектесетін амал.  Құран Кәрім бұл салада құрбандықтың еті мен қанының Аллаға қажет емес, тақуалықтың қажет екенін көрсетеді. Алла Тағала «Хаж» сүресінің 36-шы аятында құрбандықты қайырдың белгілерінен деп біліп: «Түйе, сиырды сендер үшін; Алланың белгілері (құрбандықтары) қылдық. Мұнда сендер үшін қайыр бар...» және бұл сүренің 37-ші аятында оны тақуалықтың белігісі деп тауып: «Ешқашан құрбанның еттері, қандары Аллаға үлгірмейді. Бірақ сендердің тақуалықтарың үлгіреді. Сендерге тура жол көрсеткен Алланы, ұлықтауларың үшін; осылайша малды, еріктеріңе бердік. (Мұхаммад с.ғ.с.) жақсылық істеушілерді қуандыр»,- деді.

Бұл аяттар бойынша, адамның құрбандық шалу арқасында жететін руханиятты, яғни Аллаға жақындауы маңызды. Сондай-ақ бұл аяттар амалдың қабыл боуының шартын тақуалық деп жариялайды.  Аяттың соңында Алланың құрбандық шалу үшін адамның ықтиярына малды бергенітуралы айтылды. Адам оларды Аллының жолында құрбандық ретінде шалып, оның мұқтаждар арасында тарату мен өзін қамтамасыз етуге пайдалана алады. Осыған орай аяттың соңында жасқылық жасаушыларға оларды Алланың жолында пайдалану туралы хабар берілді. Хазірет Ибраһим мен Хаджар және хазірет Исмаилдың өмірі барлық тақуа және адал пенделердің үлгісі. Хазірет  Ибраһимның дастанында хазірет Аллаға жақындау үшін өзінің бүкіл үміттерін құрбандық шалатын жерге апарды және Алланың ризалығына ие болған қаһарман атанды. Хаджар да сан рет қорқыны пен үмітті сынап, аллаға деегн иманымен сабыр сақтаушының мақамына жетті. Хвзірет Исмаилде Алланың ризалығы үшін құрбандық болуға бағынды. Хазірет Ибрахимның келісімі, Хаджардың сабырлығы мен хазірет Исмаилдың бағынышы адамгершіліктің үлгісі болып, әлемге мәңгілік сабағын үйретеді.