Қасиетті қорғаныстың құндылықтары (4)
(last modified Thu, 24 Sep 2020 13:05:44 GMT )
Қыр 24, 2020 19:05 Asia/Almaty
  •  Қасиетті қорғаныстың құндылықтары (4)

«Әй мүміндер! Сендер өздеріңді түзелтулерің керек. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды. Барлықтарыңның барар жерлерің Алла жақ. Сонда Алла сендерге не істегендеріңнен хабарын береді». («Мәиде», 105-ші аят).

Нәпсіге қарсы жиһад деген сөз бірінші рет Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабалары тобы жиһад пен Медине қаласындағы міндетін орындап қайтып, хазіреттін қасына келген кезде баяндалды. Пайғамбар (с.ғ.с.) оларды қолдап: «Жасайсындар! Кіші шайқастан оралып, үлкен шайқас үшін қалған халық жасасын»,- деді. Хазіреттен: «Уа, Алла елшісі! Үлкен шайқас деген не?»- деп сұраған кезде: «Нәпсіге қарсы жиһад»,- деп жауап берді. Содан соң хазірет: «Ең жоғары жиһад адамның өз нәпсісімен күресуі»,- деді.

Исламдық тағылымдар бойынша, жиһадтың екі түрі бар. Кіші және үлкен жиһад. Үлкен жиһад барлығынан қиындау. Нәпсіге қарсы жиһад біздің болмысымызды қорғайды. Үлкен жиһад яғни адамның ішіндегі шаһуат, ләззат,  жайлылық, ысырапшылдық және азғындықпен күресу. Яғни адам өзінің ішкі шайтанымен күреседі. Кіші жиһад дұшпанмен күресу. Иран халқының таңыған соғыстағы жеңісі – үлкен жиһадтың жеңімпазы болуы.

Сегіз жылдық қасиетті қорғаныстың майдандарындағы жаунгерлер  мен ерік күштер соғысқа ерекше көзқараспен қарады. Оларға соғысты шындық пен жалғандықтың  бетпе-бет келуі деп білді. Біздің шәһидтер имам Хұсейн бен Әлиді (ғ.с.) үлгі тұтып, соғыс майданына және жиһадқа шықты, шындықтан басқа еш нәрсені ойламай, дүние туралы ұмытып, шындық пен жалғандықтың соғысында жеңіске жетуді көздеді. Шәһид Мұхаммад Реза Торджизаде туралы «Уа, Заһра» деп атанған кітаптың бөлімдерінің бірінде: «Мұхаммадтың жұмыстары таңырқататындай. Ол нәпсісін тазартуға қажет әр жұмысты жасады. Таң және мағриб намаздарында ерекше көңіл күйге ие болатын. Оның түнгі ғибадаттары өте көп еді»,- деп жазылды.  Имам Хомейни басидждер (ерік күштері) туралы: «Мен әрдайым басиджилердің шынайылығы мен тазалығына қызғанышпен қараймын және Алладан мені басиджилермен біріктіруін сұраймын»,- деді. Ислам революциясы жетекшісі де бұл ерекшеліктің таңыған соғыстың басқа соғыстардың айырмашылығы деп біліп: «Біздің майдандарымыз әлемнің бүкіл майдандарынан ерекшелігі михраб – ғибадат орыны болуы. Біздің майдандар тек шайқас емес, дұға, Алламен сырласу, ғибадат және Оның есімін зікір ету майдан болды»,- деді.

Түнгі әрекеттер шебін бұзу мен дұшпанмен күндізгі уақытта соғысу және қатал патрульдерге қарсы тұру шәһид Меһди Зейнуддиннің ерекшеліктерінің бірі болды. Оның Аллаға деген иманы табанды болды. Оның үнемі күресі Алла үшін болып, одан психикалық шаршаудың әсері  одан ешқашан байқалмайтын.  Меһди Зейнуддин еш уақытта мұстахабтарды ұмытпады.  Ол соғыс майданын қасиетті жер және адам бұл жерде Аллаға жақындайды деп санады. Ол әрқашан жауынгерлерді нәпсісін тазарту үшін үлкен жиһадқа шақырды. Ол үнемі вузу алып жүруге талпынды және басқаларға да вузу алып жүруді қуаттады. Ол намазын уақыты келсімен оқып, Құранды жақсы біліп, аяттарын жаттайтын. Аятолла Хаменеи иманды қасиетті қорғаныстағы барлық ағартушылықтың себебі деп біліп: «Не нәрсе жауынгерді, жас жігітті, бір адамды әртүрлі саладағы ағартушылыққа жеткізеді? Иман. Менің қымбаттыларым! Жауынгерлердің иманы олардың ешқандай қатерден қорықпауына және қолбасшылардағы иман өздерін күтіп тұрған қатер туралы ойламауларына әкелді. Олар күні-түні жұмыс жасап, Алла үшін, Исламның мақсаттары мен мұсылман халқының азаттығы үшін өз өмірлерін аямады»,- деді.

Шәһид Мәһди Зейнуддин

Хоррамшаһр қаласы дұшпандардың қолында болған кезде жүректер уайым-қайғыға толы болды. Дұшпан бөгде күштердің көмегіне сүйеніп, Хорамшаһрға енді. Исламның жауынгерлері танкілер мен дамыған қаруға қарсы мылтықпен соғысты. Дәл осы жастар, құр қол, бірақ Құдайға деген үміті пен сенімге толы бәрін жеңіп шықты. Қазіргі кезде таңылған соғыстан қырық жыл өткеннен кейін, майдандағы адамның өзін-өзі жетілдіруі  соғысты көрмеген жас ұрпаққа, елден қауіпсіздігі пен бейбітшілігі үшін кез-келген дағдарысты шешу үшін майданға шығуға дайын болуды үйретеді.