Бүгін «Арбағин» күні
Имам Хұсейн бен Әлидің (ғ.с.) шәһид болғанынан өткен қырықыншы күн «Арбағин» күні деп аталады.
Арбағин 40 күн қиындық пен қайғыдан кейін кереуеннің Кербалаға қайтып оралған күні. Бұл кереуен бетпе-бет келген ауыртпалықтарға қарамастан жеңіспен қасиетті жерге оралып, ғиззаты мен азаттықтың мәңгілігін және шыңдықтың жеңісін көрсетті.
Джабер бен Абдолла Ансари өз шәкірті Атие бен Саад, сондай-ақ Хашим әулеті және алавилер тобымен жол қатері мен биліктің саяси қысымдарына қарамастан имам Хұсейн (ғ.с.) мен Кербада шәһидтеріне зиярат ету үшін Хиджаз-Ирак ұзақ жолын өту шешім қабылдады. Атие: «Біз Джабер мен Абдолла Ансаримен бірге имам Хұсейннің (ғ.с.) қабіріне зиярат жасау үшін жолға шықтық. Кербалаға жеткен кезде, Джабер Евфрат өзенінің жағалауына бірінші рет зиярат ғұсылын алып, таза киімін киді. Ол ихрам сынды екі ақ киі киіп, қалтасынан әтірін шығарып, маған ұсынды. Содан соң киімі мен денесіне әтір жағып, жалаң аяқ имам (ғ.с.) мен адал серіктері қырылған жерге қарай бет алды. Ол жол бойы Алланы ауызынан тастамады»,- деп есіне алатын. «Сәлем саған, Хұсейн. Сен ең жақсы пайғамбардың перзенті екенінді куә етемін, имандылардың жетекшісінің және жәннәт әйелдерінің көшбасшысының перзентісін. Адал өмір сүріп, адал қаза болдын. Мүміндердің жүрегі жараланды. Саған және сенің жолыңда құрбан болғандарға, сәлем». Бұл Пайғамбардың (с.ғ.с.) сахабасы Джабер бен Абдолла Ансаридің дертке толы жүрегінен шыққан сөздер. Ол бұл қасиетті жерге Кербала шәһидтеріне зиярат жасау үшін келді. Оқиғадан қырық күн өткен еді. Рауаттар бойынша хазірет Саджад (ғ.с.) мен хазірет Зейнаб және имам Хұсейннің (ғ.с.) басқа жақындары бұл күні Джаберге қосылды. Джабер имам Саджадты (ғ.с.) құшақтап, көп жылады. Джабер имам Хұсейннің (ғ.с.) қабірінің қасында хазіреттің әулетімен бірге үш күн қалып, аза рәсімдер өткізді.
Кербала жерінде шәһидтер қаны төгілді. Хазірет Зейнаб Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің басына түскен үлкен апат туарлы ойланып, Кербала жеріне қарап тұрды. Бұзылған адамдардың бір тобы Алла елшісінің перзенттері мен Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің жақтастары болған ең жақсы адамдарды өлтірді. Имам Хұсейннің (ғ.с.) шындықты қорғауы, Алла елшісі перзенттерінің шөлі, Язид сарбаздарының рақымсыздығы оның жүрегін уайым-қайғыға бөледі. Хазірет Зейнаб тарихтың бұл маңызды кезеңінде өз міндетін орындап, имам Хұсейннің (ғ.с.) жолдауын баршаға жеткізді.
Омейядтар Кербала оқиғасынан және имам Хусейн (ғ.с.) мен оның серіктері шәһид болған соң Ислам жойылды және оның ізі қалмайды деп ойлады. Қатты қуанған Язид діннің жойылуы туралы дабыл ұрып, былай деп жырлады: «Дін мен үкімет Хашим әулетінің ойыншықтары болды, енді одан аңыздан басқа ештеңе қалған жоқ. Аян да және жаңалық да келген жоқ». Язид бұл сөздерін Орта Азия мен Еуропаның қомақты бөлімінің мұсылмандар халифасы саналаған оның үкіметіне салық төлеуге міндетті болған жағдайда айылды. Иран мен Рим сынды екі алпауыт құлдырап, оларды мұсылмандар басқарды, ал Язидтің билігі әлемді басқаратын жалғыз абсолютті күш болды. Бірақ имам Хұсейннің (ғ.с.) жақтаушысы Язидтің бұл сөздерін естіп, үнсіз қалмады. Хазірет Зейнаб омейядтарға: «Алламен ант етемін, қолданған кез келген қастығыңмен еш уақытта біздің есімімізді ұмыттары алмайсындар»,- деді.
Имам Саджад (ғ.с.) пен хазірет Зейнаб Куфе мен Шамда имам Хұсейннің (ғ.с.) дінді жаңдандырып, қоғамды шіріген биліктен құтқару және әділет орнату үшін өзі мен адал серіктерінің көтерлігені туралы шыңдықты анықтады. Имам Хұсейннің (ғ.с.) мақсаты Ислам мен Құранның оған және кез келген мұсылманға тапсырған міндетін іске асыру болды. Хазірет Зейнабтың сөздері Язид үкіметін сілкіндірді. Ол: «Уа, Язид, көз жасы ағып, жүрекер уайым-қайғыға толы. Қолдарың бздің қанымызға былғанған. Алламен ант етемін, біздің есімімізді және біздің уаһиімізді ұмыттыра алмайсын. Сенің күнерін санаулы»,- деді. айтқаны келді. Хазірет зейнаб пен имам саджадтың (ғ.с.) Куфедегі, жол ортасындағы және Шамдағы сөздері бірте-бірте шыңдықты әшкереледі.
Имам Хұсейн (ғ.с.) жақындарының қабірлерінің қасындағы сабырсыздығы кез келген жанарларды жасқа толтырып, кез келген жүректі уайым-қайғыға батырды. Аза рәсімдер аяқталған соң имам Саджад (ғ.с.) жылдамырақ түйелерді дайындап, Мединеге қарай жолға шығуды бұйырды. Сол кезде имам Хұсейннің (ғ.с.) қыздарының бірі әкесінің қабірін құшақтап: «Уа, Кербала, жеріңе Ахмадтың (с.ғ.с.) рухы және орынбасары болған адамды тапсырдық. Уа, Кербала, пәк және ғұсыл құйылмаған және табыты жоқ адам жеріңе жерленді»,- деді. Мединеде де имам Хұсейннің (ғ.с.) әулетінің қалаға енгені туралы хабар жеткен кезде, халық үйлерінен шығып, аза тұту рәсімдерін өткізді. Мединаның барлық жері Пайғамбардың (с.ғ.с.) Хұсейнді (ғ.с.) жақсы көргенін еске салды.
Алланың елшісі оның ернінен сүйіп, оны жұмақтың жастарының көшбасшысы деп атаған Хұсейнді (ғ.с.) рақымсыз өлтіріп, басың денесінен сонша кесіп тастап, отбасын тұтқынға алады деп кім ойлаған? Керуен жетекшісі Башир: «Мен есімде бұл күндей халық жаппай жылаған жоқ, мен мұсылмандар үшін бұдан ащы күнді көрмедім», - деді.
Жылдар өтіп, барша имам Хұсейннің (ғ.с.) тарихқа мәңгі жарықты сый етіп, азаттық пен шыңдықты талап ететін адамдарға күш беретін жалынның куәсі болуда. Имам Хұсейн (ғ.с.) байлық пен билік туралы ойламады. Ол Ислам мен адамгершілікті қорғау үшін көтерілді. Сондықтан ол өзінің көтерілісінде адамгершілік, жомарттылық пен еркіндікті жандандырды. Қазіргі кезде Ашура оқиғасынан жылдар өткен соң, әліемнің түпкір-түпкіріндегі халық Арбағин шеруіне қатысу үшін Кербалаға аттанады