Имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) шәһид болған күні
(last modified Thu, 15 Oct 2020 14:38:22 GMT )
Қаз 15, 2020 20:38 Asia/Almaty
  • Имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) шәһид болған күні

28 сафар - Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) дүниеден озған күні және хазіреттің немересе имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) шәһид болған күні.

Имам Хасан Моджтаба Алла елшісінің тұңғыш немересі, ол хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) перзенті. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) перзенті хиджраттың үшінші жылының рамазан  айының 15 жұлдызында дүниеге келді. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) Алланың теңдессіз жаратылыстары, яғни Пайғамбар (с.ғ.с.), хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) ортасында тәрбиеленіп, бірте-бірте исламдық үмбетті басқару дайындалды. Бұл тұлғалар, әсресе Алла елшісі  әртүрлі әдістермен имам Хасан Моджтабаның  (ғ.с.) қадір-қасиеті туралы халыққа жеткізді. Хазірет немересі имам Хасанның (ғ.с.) ерекшеліктерімен мұсылмандарды таныстырды.  Исламның ұлық пайғамбары (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Жәннәт жігітін көргісі келген адам Хасанға (ғ.с.) қарасын»,- деді. Басқа бір сөзінде: «Хасан - мен бұл дүниеде көрген хошиісті гүл»,- деген. Пайғамбар (ғ.с.) Хасан (ғ.с.) мен оның бауыры Хұсейнді (ғ.с.) сонда мадақтайтын, осыған орай кейбіреулер олар әкесі имам Әлиден (ғ.с.) жоғарылау және артық деп санайтын. Алла елшісі: «Хасан мен Хұсейн бұл дүние мен ақыреттің теңдессіздері, ал олардың әкесі олардан жоғарылау және артықтау»,- деген.

Алла елшісінің серіктерінің бірі: «Имам Хасанды (ғ.с.) көтеріп, «уа, Алла, мен Хасанды жақсы көремін, Сенде оны жақсы көр» деп айтып тұрған пайғамбарды (с.ғ.с.) көрдім»,- деді. Абозар Ғафари, Пайғамбардың (с.ғ.с.) серіктерінің бірі де: «Алла елшісінің Хасан бен Әлиді (ғ.с.) сүйіп, «Хасан мен Хұсейнді және олардың ұрпақтарын шын жүректен жақсы көрген кез-келген  адамның  бетін тозақ оты күйдірмейді» деп айтқанын көрдім»,- есіне алатын. Исламның ұлық пайғамбары өзінің имам Хасан (ғ.с.) мүміндердің үлгісі деген көзқарасын түсіндіргісі келді. Барша Исламның ұлық пайғамбарының ешбір сөзді дәлелсіз айтпайтынын білді және құран бұл сөзді растады: «Ол (пайғамбар) өз ойынан сөйлемейді». (Нәжм» сүресі, 3-ші аят).  

Имам Хасан (ғ.с.) өзінің берекелі өмірінде әрдайым адамдарға дұрыс бағыт-бағдар көрсету жолында жүрді және хазіреттің халықпен, тіпті жаулармен қарым-қатынас орнатуы соншалықты қызықты және әдемі болып, ол баршаны өзіне қызықтырды. Тарихта келесі оқиға туралы айтылды:  «Күндердің бірінде имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) атқа мініп келе жатты. Шамның ері имамның алдынан шығып, балағат айтты. Балағаты аяқталған соң, имам оның алдында тұрып, сәлемін берді. Содан соң күлімдеп: «Уа, ер! Сіз бұл жердің адамы емес, басқа жерден келген боларсыз. Бізден қалағаныңыз бар болса, сый етеміз. Егер аш болсаңыз, тамақтандырамыз; жалаңаш болсаңыз, киіндіреміз; егер мұқтаж болсаңыз, мұқтажсыз етеміз. Егер босқын болсаңыз, панажай береміз; егер тілегіңіз болса, орындаймыз. Қазір біздің қонағымыз болыңыз. Бұл жерден кеткенше, біздің қонағымызсыз»,- деді. Шамның адамы имамның жанашырлығы мен мейірімін көріп, жылап: «Куә етемін, сен жердегі Алланың халифасысын. Алла Тағала халифат пен ресалятты кімге беретінін біледі. Мен бұдан бұрын сенің және әкеңнің дұшпаны едім, бірақ қазір сені Алланың ең сүйікті жаратылысы деп білемін»,- деді.  

Ислам дінінде байлар кедей және мұқтаж адамдардың алдында міндеттемелерге ие, олар қоғамдағы мақрұмдардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге талпынуы керек. Пайғамбарлар мен әулиелер өз уағыздарымен ғана емес, сонымен қатар іс жүзінде де қайырымдылықтың көрнекті үлгісі болды. Бұл арада білім, тақуалық, ізгілік пен ғибадат тұрғысынан ерекше және айрықша ұстанымға ие болған имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) кедейлер мен дәрменсіздерге көмектесуімен танымал болды. Имамның жанашырлығы ауырған жүректерді тыныштандырып, кедейлер мен мұқтаждарға пана беріп, дәрменсіздерді үміттендірді.  Тарих деректері бойынша, имам Хасан (ғ.с.) екі рет бүкіл байлығын және үш рет жарты байлығын Алла жолында жұмсады.

Имам Хасан бен Әли (ғ.с.) бұл кезеңде Шамды билеген Муавиенің қарсылықтары және қастандықтарымен кезікті. Қарсылықтар соғысқа жеткізіп, Хасан Моджтаба (ғ.с.) әскер дайындады. Бірақ, ислам қоғамының жағдайы имамның соғыс пен әскери әрекеттерден бас тартуына себеп болды. Муавие имамға бейбітшілік келісіміне келуді ұсынды. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) қырағылығымен келешек туралы ойлап, ұсынысты қабылдады. Маңызды факторлар имам Хасанның (ғ.с.) бейбітшілікті таңдауына себеп болды. Имам Хасан (ғ.с.) өте ауыр жағдаймен бетпе бет келіп, Муавиеге қарсы соғыстың пайдасынан зиянының көп екенін түсініп, бейбітшілік келісімін қабылдады. Имам Хасан (ғ.с.) бейбітшілік келісімі туралы ұсынысты шартпен қабылдады. Бейбітшілік келісімі бойынша, Муавиеден кейін халифат Хасан бен Әлиге (ғ.с.) қалатын болды. Имам Хасан (ғ.с.) өзінің бүкіл күші мен саясатын Муавиемен күресуге бағыттады. Имам келісімінде Ислам мен мұсылмандар үшін артықшылықтарға ие болып, Муавиенің шынайы жүзін халыққа көрсетуге талпынды. Имам бейбітшілік келісімі арқылы Муавиеге қарсы соғысының негізгі мақсаттарын көрсетуге тырысты. Имам Муавиенің бұл келісімді орындамайтынын жақсы білді. Сөйтіп, имам өздерінің келешегі мен тағдырын шешуді халықтың өзіне тапсырды. Имам Хасанның (ғ.с.) мәдени және идеологиялық стратегиясы Исламның негіздерін халыққа анық көрсетіп, халыққа дұрыс жолды бұрыс жолдан ажыратуға көмектесу болды. Хазірет Мединені исламдық ой-пікірді тарататын маңызды орталықтардың біріне айналдырып, дінтанушылар мен ғұламалар тәрбиелеумен айналысты. Муавиенің имам Хасанға (ғ.с.) дұшпандылық білдіруі мен соңында Муавиенің халифатты басып алуы имам Хасанның (ғ.с.) халифалық кезеңінің алты айға ғана созылуына себеп болды. Бейбітшілік келісімнен кейін имам Хасан (ғ.с.) Куфеден Мединеге оралып, бұл жерде 9 жыл өмір сүрді. 47 жасында Муавиенің қастығынан шәһид болды.

Имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) шәһид болған күніне орай барша мұсылмандарға көңіл айтамыз.