Имам Реза (ғ.с.) үшін аза тұтатын күн
Имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі бұрыннан мұсылмандардың, әсіресе шиіттердің зиярат ететін кесенелерінің бірі. Жыл сайын бұл күні әртүрлі ұлттар мен мәдениеттердің мыңдаған зияратшылары хазірет Әли бен әр-Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінде жиналып, Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әулетіне сүйіспенділігі мен махаббатын білдіреді.
Имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі бұрыннан мұсылмандардың, әсіресе шиіттердің зиярат ететін кесенелерінің бірі. Жыл сайын бұл күні әртүрлі ұлттар мен мәдениеттердің мыңдаған зияратшылары хазірет Әли бен әр-Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінде жиналып, Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әулетіне сүйіспенділігі мен махаббатын білдіреді. Хазіреттің жақстарының көбі жалаңаяқ Мешһедке қаарй жолға шығады. Бірақ биыл коронавирустың таралуына байланысты зияратшылар мен хазіреттің жақтастары үшін кедергілер туындады. Бүгін халықтың көбі өз және басқалар денсаулығын сақтау үшін алыстан зиярат етіп, имамға (ғ.с.) сәлемін жолдап: «Уа, Алла, хазірет Әли бен Мұса әр-Резаға (ғ.с.) рақымыңды жібере гөр»,- деді.
Хазірет Әли бен Мұса әр-Реза (ғ.с.) хазірет Мұса бен Джафардың (ғ.с.) перзенттерінің ішінде тұңғышы ретінде ғалым, қасиетті және сопы болды. Ол әкесінен кейін имамат және мұсылмандар басшысы міндетін өз мойынына алды. Имам Реза (ғ.с.) 20 жылдық имаматының 17 жылын Медине қаласында өз әулетінің қасында өмір сүріп, осы жерден исламдық үмбетті басқарды. Хазірет әкесінің шәкірттерін қасына жинап, сабақ беру және атасы имам Садықтың (ғ.с.) діни оқу орының жетілдірумен айналысты. Имам Резаның (ғ.с.) Мединедегі жетістіктері Хиджаздың ғалымдары мен саяси-қоғамдық тұлғаларына әсерін тигізді. Ол барлық материалдық және рухани мәселелерде адамдардың кеңесшісі болды. Мамун имам Резаға (ғ.с.) өзінен кейін үкіметті басқаруды ұсынған кезде, имам: «Мен бұл жерде орынбасарын болғаным, менің ұстанымыма ешнәрсе қоспайды. Өйткені Мединеде хаттарым исламдық үкіметтің шығысы мен батысына жіберілді. Менен қымбат адам болған жоқ, кімде-кім қажеттілікке ие болса, менен сұрады, мен мүмкіндігінше мұқтаждардың қажеттіліктерін қамтамасыз еттім»,- деді.
Имам Резаның (ғ.с.) Мединеден Мервке жолға шығуы имамның өмірінің әдемі кезеңдерінің бірі болды. Имам Резаның (ғ.с.) керуені жол бойында кез келген жерде халықтың жылы қарсы алуының куәсі болды. Халық Алла елшісінің ұрпағын күтіп алуды асыға күтті. Нейшабур имам Резаның (ғ.с.) жолындағы қалалардың бірі болды. Ғылыми орталық саналаған Нейшабур қаласы адамдардың, әсіресе оның ғалымдарының Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің азат етуші ілімдері туралы көбірек білуге құштар болған қалалардың бірі болды. Қарапайым абасын жамылған сегізінші имам (ғ.с.) тартымды, рухани және қадірлі жүзімен көпшіліктің алдына шықты. Халық хазіреттің сөздерін тыңдауға жиналды. Барлық жерде үнсіздік орнатылып, Аллаға иман кетлтірге шақырған имамның (ғ.с.) дауысы ғана естілді.
Исламның ұлық пайғамбарының әулеті адамға бақытқа жететін жол көрсетіп, оны тұйықтан және қараңғылықтан шығарып, адасқандарды құтқарды. Серпіліс пен кемелдікке ұмтылу әділ имамдар мен көшбасшылардың қоғамға тигізетін әсерінің бірі болып табылады. Имам Реза (ғ.с.) сынды басшылардың тағылымдарын өз үлгісі еткен кез келген қоғам тоқырауға ұшырамайды. Имамның адамгершілік қасиеттері, сопылығы және тақуалығы тіпті өзінің жауларын да баурап алған. Имам адамдарға кішіпейілділікпен және мейірімділікпен қарап, ешқашан адамдардан алшақтатпады. Имам Реза (ғ.с.) 35 жасында мұсылмандардың басшылығын қабылдап, хазіреттің имаматы 20 жылға созылды. Имамның сөздері Аллаға ризашылығын көрсетті, сондықтан хазірет «Реза» деген лақаб атқа иеленді. Имам Резаның (ғ.с.) серіктерінің бірі: «Мен ешқашан имам Резаның (ғ.с.) біреудің сөзін бөлгенін көрген емеспін. Ол ешқашан қасына келген мұқтажды көмексіз қалдырмады, ешқашан аяғын басқа біреудің алдында созған емес.еш уақытта қызметшісін жамандағынан естімедім. Дастархан жайылған кезде үйдегі барлық адамдарды, тіпті қызметшілерін шақырып, олар имаммен бірге тамақтанатын. Түнде аз ұйықтап, ғибадат жасап өткізетін. Оразаны көп ұстайтын. Ай сайын үшкүндік оразаны ұмытпады, қайырымдылықпен көп айналысты, түнгі уақытта жасырын кедейлерге көмектесетін»,- деп есіне алатын.
Имам Резаның (ғ.с.) ислам ақиқатының мәтінінен туындаған ғылыми, зияткерлік және саяси нұсқаулары Мамунды алаңдатты. Өйткені күн сайын исламдық қоғам имам Резаның (ғ.с.) ілімінің шексіз теңізімен танысып, халық хазіреттің артықшылығын көбірек түсінетін болды. Халықтың имамның (ғ.с.) беделі мен орыны туралы хабардар болуы Мамун мен оның халифатына күмәнденуі себеп болады. Мамунның өзі сан рет имам Резаның (ғ.с.) ғылыми байлығы мен руани әсерін мадақтағанымен, билік пен менмендікке шырмалып, өз мансабын сақтаудан басқа ешнәрсені ойламады.
Мамун шамалы қадам басып, үнсіз, үлкен жеміс тостағынан бірнеше жүзім алып жеді. Содан соң алға шығып, имамды сүйді. Имамға (ғ.с.) жүзімді көрсетіп: «Уа, Алла елшісінің перзенті, мыңа жүзімнен дәмділеу көрмелім»,- деді. имам көздерімен жауап беріп: «Жәннәттің жүзімі дімділеу»,- деді. Мамун имамға (ғ.с.) жүзімнен татуды ұсынды, хазірет жеуден тартынды. Бірақ Мамун сөзінен қайтпай, имамға уланған жүзімді берді. Имам Реза (ғ.с.) жабырқай күлімсіреді. Имамның түсі кетіп, көңіл-күйі өзгерді. Жүзім шоғы жерге құлады. Хазірет ауырсынып, қадам басты. Оқиғадан хабарсыз имамның жақын досы Абасалат хазіретті көріп, қатты қуанды. Ол Исламның ұлық пайғамбыры әулетінің ұрпағы имам Резаны (ғ.с.) көріп, бұл теңдессіз тұлғаның нұрын сезгеніне қуанды. Оның пікірінше, имам (ғ.с.) жүректерді нұрға бөлеп, өмір мен сергектікті сый етеді. Ол имам Резаның (ғ.с.) «Имам және басшы Алланың жердегі өкілі, пенделерінің құтқарушысы, Аллаға шақырушысы және кесенесінің қорғаушысы. Имам (ғ.с.) күнәләрдан ада және кемшіліктері жоқ. Ол білімі және шыдамдылығымен танымал. Имам (ғ.с.) - діннің тұрақтылығының, мұсылмандардың намысы мен мақтанышының қайнар көзі»,- деді. Абасалат имамның халін түсінді. Ол Мамунның ең соңғы айласын іске асырғанын түсініп, көзі жасқа толды, бірақ кеш болды. Көп ұзамай, имам Реза (ғ.с.) шәһид болды. Бұл хиджри-қамаридің 203 жылдың сафар айының соңғы күні еді.
Имам Реза (ғ.с.) туған жерінен алыста шәһид болғанымен, Алла Тағаланың Әһле-Бейт арқылы адамзат бақыты үшін жіберген нұры ешқашан сөнген жоқ.