Имам Мәһдидің (ғ.с.) имаматы басталған күн
(last modified Sun, 25 Oct 2020 11:17:53 GMT )
Қаз 25, 2020 17:17 Asia/Almaty
  • Имам Мәһдидің (ғ.с.) имаматы басталған күн

Хиджри күнтізбесінің 260 жылының раби ул-аууал айының 8 жұлдызы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) имаматы басталған күн шиіттер тарихының маңызды оқиғаларының бірі болып табылады.

 

 

Хиджридің 260 жылының раби ул-аууал айының 8 жұлдызында әкесі имам Хасан Аскари (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін имамат хазірет Мәһдидің (ғ.с.) мойынына міндеттелді.

Аббаси үкіметінің нөкерлері имам Хасан Аскари (ғ.с.) шәһид болған соң, хазіреттің жаназасын шығару үшін халифа тарапынан бір адамды ұсынды. Билік өзінің бұл ісімен имамат кезеңінің аяқталғанын жариялап, Аббасидің заңсыз халифасын шиіттер имаматының мұрагері деп таныстырғысы келді. Бірақ көптеген дайындықтарына қарамастан олардың жобалары іске асырылмады. Билік сайлаған адам имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) намазын шығаруға дайын болған кезде, кенет шамамен бас жастағы бала шығып, ер адамды шетке шығарып, өзі намаз оқуды бастады. Алланың қалауымен билік қызметкерлері ешнәрсе жасай алмады. Намаз аяқталған кезде үкімет адамдары баланы таппай қалды. Сөйтіп хазірет Мәһдидің (ғ.с.) имамты кезеңі басталды. Бұл кезең «кіші ғайып кезеңі» деп танымал болып, хиджри-қамаридің 329 жылына дейін жалғасты.  Содан соң 329 жылдан  хазіреттің «ұзақ мерзімді ғайып кезеңі» басталды. Бұл кезең осы күнге дейін жалғасуда. Бұл кезең халық үшін ең ауыр сынақ. Өйткені барша үшін хазіретпен тікелей қатынас орнату мүмкіндік жоқ және хазіретке адамдардың сұрақтарын жеткізетін арнайы өкілдері де сайланбады.

Исламның негіздері бойынша, адамзат үнемі дұрыс жолға нұсқаушыны қажет етеді. Осыған орай адам жаратылғаннан бері әлем еш уақытта Алланың тарапынан жіберілген дұрыс жолға нұсқаушы пайғамбарлар мен имамдарсыз болмады.  Имам Садық (ғ.с.) бұл салада: «Жер тұрғанша, Алла Тағала үшін  халал мен харамды да танып, Алла жолына шақыратын өкілін жіберу дәлел бар. Қиямет күніне қырық күн қалғанша дейін жер Алланың өкілісіз қалмайды, тәубенің есігі жабылмайды. Алланың дәлелі алынбастан бұрын иман келтірмеген адамның иманы ол үшін пайдасыз»,- деді.

Исламның негіздері жердің дұрыс жолға нұсқаушысыз болмауына қалыптасқанымен шиіттердің он екі имамының өміріне шолу жасап, шиіттердің бірінші имамы хазірет Әлидің (ғ.с.) заманынан алыстаған сайын пәк имамдардың қоғамдық іс-шараларға қатысуының төмендеуін көреміз. Залым халифалардың қысымдары мен қоқан-лоққылары бір жағынан және халықтың біліксіздігі басқа жағынан күн сайын пәк имамдардың (ғ.с.) адал серіктерінің санының азаюына және соңында өздерін жалғыз сезінудеріне себеп болды. Басқаша айтқанда исламдық қоғам пәк имамды (ғ.с.) қабылдау қадірінен көбірек айырылды. Ұзақ ғайып кезеңі жақындаған сайын халықтың имаммен тікелей қатынас орнатуы және имамның қоғамда өмір сүру мүмкіндігі азаяды. Сондықтан хазірет Мәһдидің (ғ.с.) ғайып болуының философиясы  адамзаттың бүкіл тарихтағы зорлық-зомбылық көруіне негізделді. Имам Әлидің (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Жер Алланың өкілісіз қалмайды, бірақ кейбір уақытта жаратылыстардың зорлық-зомбылығы мен ысырапшылдығына байланысты өз өкілін олардан жасырады»,- деген болатын.  осыған орай шиіттердің әйгілі ғұламалары он екінші имамның (ғ.с.) жасырын болуын адамзат қоғамының дайын болмауы деп санайды.

Исламдық рауаяттар бойынша, имам Мәһдидің (ғ.с.) жасырын кезеңінің жалғасуының келесі себебі адал серіктері санының жеткілікті болмауы, яғни 313 адамға жетпеуі болып табылады. Имам Мұса Каземнің (ғ.с.) рауаяттарының бірінде, имамның серіктерінің біріне: «Уа, Бокайырдың перзенті! Мен саған маған дейін әкелерімнің айтқан сөзін жеткізейін. Олар «егер сендердің араларыңда Бадр соғысында Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге болғандардың санындай адам болса, біздің әулетіміздің көтерілушісі келетін еді» деген»,- деп айтқаны туралы айтылды.

Халықты илаһи сынақтан өткізу имам Мәһдидің (ғ.с.) ғайып болуының келесі себебі. Джабер Джуфи: «Имам Мұхаммад Бақерден (ғ.с.) ынтызар күткен ұрпағыңыз қашан келеді?»- деп сұраған кезде: «Сендер сынақтан өтпей, ол келмейді»,- деді. Ол бұл сөзін үш рет қайталады»,- деді. 

Имам Мәһди (ғ.с.) ғайып кезеңде қасиетті болмысын пайдалану жолы туралы хадисінде бұлттың артында қалған күнді еске салады. Хазірет Исхақ бен Яқубтың жазуына берген жауабында: «Мен жоқ кезде адамдардың менен қалай пайда көретіні бұлттың артына жасырылған күннің пайдасына ұқсайды. Жұлдыздар аспанның қорғаушылары болғандай мен халықтың жердегі қорғаушысымын». Күн - жаратылғандардың тіршілігінің, жылу, жарық пен қозғалыс көзі. Ол болмаса,  жаратылыстардың тіршілігі мен өмірі жоғалып кететін сияқты, қоғамның рухани өмірі имам Мәһдидің (ғ.с.) болмысына байланысты. Бұлт күнді толық жаппай, күн сәулесі жерге және жердегі адамдарға жететіндей, ғайып болу хазірет Мәһдидің (ғ.с.)  нығметтерін пайдалануға кедергі бола алмайды. Ғайып кезінде халық хазіретті көрмейді, бірақ қасиетті болмысынан пайдаланады.

Қазіргі кезде психикалық, физикалық, экономикалық және әлеуметтік мәселелермен бетпе-бет келіп отырған адамзаттың    құтқарушысын қажет етуі  бұрынғыдан да көп сезілуде. Өйткені  хазірет Мәһдидің (ғ.с.) үкіметінің аясында әлемде тыныштық орнатылады, адамдар сенім мен үмітке бөленіп, бір-бірінің қасында өмір сүреді, халық көптеген нығметтерге ие болып, бүкіл әлемде әділет таралады. Сондай-ақ адамзаттың білімі сондай алға ілгерлеп, осыған дейінгі бүкіл жетістіктер болымсыз болып қалады. Бұл мәселе көптеген рауаяттарда баяндалды. Имам Садық (ғ.с.) хадистерінің бірінде: "Ғылым мен білім – 27 әріп. Пайғамбарлар әкелген нәрселердің барлығы тек екі әріп. Хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезде басқа 25 әріп айтылып, халықтың арасында таралады",- деген болатын. Имам Саджад (ғ.с.) де хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуімен бүкіл аурулардың жойлуы туралы: «Құтқарушымыз келген кезде Алла Тағала біздің жақтастарымыздан бүкіл ауруларды алыстатады және оған күшті сый етеді»,- деді.

Исламдық рауаяттарда хазірет Мәһдидің (ғ.с.) үкіметі қауіпсіздік, тыныштық пен татуластық қаласы ретінде таныстырады. Алла Тағала «Нұр» сүресінің 55-шң аятында: «Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге; өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ олар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады. Олар, Маған құлшылық қылады. Маған еш нәрсені серік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне солар, бұзақылар»,- деді.  Алла мұсылмандарға жақында  әділетті қоғаммен қамтамасыз ету уәдесін берді. Ол мұсылмандарға жер бетінде күш пен илаһи халифат беріп, жердегі өздеріне ұнайтын діндерін орнықтырады, ол - ислам. Сондай-ақ алаңдаушылық пен қорқыныштың орнына қауіпсіздік орнатады.