Пайғамбар (с.ғ.с.) Құран аяттарында
(last modified Fri, 30 Oct 2020 14:20:57 GMT )
Қаз 30, 2020 20:20 Asia/Almaty
  • Пайғамбар (с.ғ.с.) Құран аяттарында

Құран Кәрім Исламның ұлық пайғамбарымен таныстыратын ең жақсы қайнар. Өйткені бұл қасиетті кітап Алланың уәһи сөздері, сондықтан мәліметтері дұрыс ең сенімді кітаптардың бірі.

 Алла Тағала мүміндерден Пайғамбарға (с.ғ.с.) құрмет көрсетуді талап етіп, «Нур» сүресінің 63-ші аятында мұсылмандарға: «Пайғамбардың шақыруын өзара бір-біріңді шақыруға ұқсатпаңдар!»- деп қуаттады.  Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) шақырғың келсе, оны қарапайым адам сияқты атама, шақыру тәсілі де, оның қағидасы да мақтау мен құрметтеуді қарастырады. Сондықтан Алла Тағала бүкіл ғиззаты және айбынымен хазіреттің ресаляты мен набаваты туралы айтқысы келген кезде, Құранда қасиетті Мұхаммад есімін лақабсыз еске алады.

 

Оны Мұхаммад деп атады. Мұхаммад яғни мадақталған. Ол соңғы пайғамбар. Әлемнің барлық құпияларын кеудесінде жасырған хазірет адамдардың жансыз өміріндегі көктемнің самал желі сынды   монотеизмнің жұпар иісін таратып, жүректерді оятты. Мұхаммадтың (с.ғ.с.) бүкіл өмірі қадір-қасиеттер мен адамгершілікке толы болды. Алла Тағала «Қалам» сүресінің 4-ші аятында: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің»,- деді. Әрине Алланың тарапынан мадақталған адам бүкіл халыққа үлгі болуға лайық. Сондықтан Алла оны үлгі ретінде таныстырып, «Ахзаб» сүресінің 21-ші аятында: «Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін; Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар»,- деп сөзін жалғады.

Құран Кәрімнің көзқарасынша ардақты пайғамбардың (с.ғ.с.) ең маңызды адамгершілік қадір-қасиеті басқаларға деген жұмсақтығы мен мейірімділігі болды. Алла Тағала «Әл-Имран» сүресінің 159-шы аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді»,- деді.  Пайғамбардың адамдарға деген мейірімділігі сондай болып, Жаратушы бұл мейірімділік пен сүйіспеншілікті «Тәуба» сүресінің 128-аятында оны адамдардың жанына теңеген: «Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған, қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді». Басқа пайғамбарлардың халыққа деген махаббатын көрсету үшін бауыр деген сөз қолданылды. «Сәмүд еліне бауыры Салихты (ғ.с.) жібердік». («Ағраф» сүресі, 73-ші аят). Сондай-ақ «Һуд» сүресінің 50-ші аятында: «Ғад қаумына бауыры Һұдты (ғ.с.) жібердік немесе «Шуара» сүресінің 106-шы аятында: «Сол уақытта, олардың туысы Нұх (ғ.с.)..»,- деді. 

Құран Кәрімде айтылған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) басқа пайғамбарлардан өзгеше ететін тағы бір ерекшелігі оның есімінің алдыңғы аспан кітаптарында жазылғаны болып табылады. Алла елшісінің (с.ғ.с.) әртүрлі  аты, белгілері мен заңдылығы Таурат пен Інжілде кітаптарында айтылды. «Ағраф» сүресінің 157-ші аятынан: «Олар, сондай жандарындағы Тәуратта және Інжілде жазулы жіберілген, сауатсыз Пайғамбарға ергендер. Ол, оларды жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыяды. Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылады. Олардың үстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп) шиелініскен нәрселерді шешеді. Енді соған (Мұхаммадөа с.ғ.с.) сенгендер, олар оған құрмет етіп әрі оған көмек көрсеткендер сондай-ақ оған түсірілген нұр (Құран) ға ергендер, міне солар құтылушылар»,- деп оқимыз. Сондай-ақ «Бақара» сүресінің 146-шы аятында: «Өздеріне кітап бергендеріміз (Мұхаммадты с.ғ.с.) ұлдарын танығандай таниды. Негізінен олардан бip тобы (ғалымдары) шындықты біле тұра жасырады»,- деп айтылды. Бұл аяттар қызықты бір шындықты ашады.  Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) рухани қадір-қасиеттердің болғаны соншалық,  пайғамбарды толық бейнесін берді.

Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) барлық мәртебесімен Алланың пендесі және мұсылмандар күн сайын намаздың соңында: «Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Алланың пендесі мен елшісі екенін куә етемін»,- деп куә етеді. Мұндай пенде үшін ғибадат міндеті басқалардан ауырлау. Алла Тағала беғсаттын басынан өз пендесін Құран мен намаз оқуға шақырды. «Мүземмиль" сүресінің 2-ші аятында Пайғамбарға (с.ғ.с.): «Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта»,- деп айтылды. «Исра» сүресінің 79-шы аяты: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Түннен оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі».

Кәусәр – Алланың Исламның ұлық пайғамбарына жіберілген арнайы сыйы. Барлық сарапшылардың пікірінше, Алла Тағала хазіреттің уайым-қайғыларын жұбату үшін: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Шын мәнінде саған Кәусәрді бердік»,- деді. Мүміндер жәннәтқа енген кезде, Кәусәрден шөлін қандырады. Кәусардың ең айқын мысалы - хазірет Фатима Захраның (с.ғ) мубарак өмір сүруі. Өйткені Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.)  ұрпақтарын әлемге осы бала таратқан. Бұл дін мен исламдық құндылықтар сақталып, келешек ұрпақтарға жеткізді.