Біз Мұхаммадты (с.ғ.с.) жақсы көреміз
(last modified Fri, 06 Nov 2020 12:21:48 GMT )
Қар 06, 2020 18:21 Asia/Almaty
  •  Біз Мұхаммадты (с.ғ.с.) жақсы көреміз

Исламның ардақты пайғамбары хазірет Мұхамад (с.ғ.с.) – Алланың соңғы пайғамбары.

 

Алланың соңғы пайғамбары –  хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) өткен ғасырлардан осы уақытқа дейін әлемнің түпкір-түпкірінде   шындықты іздейтін жүректерді нұрландырып, оларды надандық қараңғылығынан босатып, оларға құтқарылу жолын көрсете алды. Жаратушының өзінің соңғы пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) арқылы өз пенделеріне жеткізген аяттары жүректерде орын тапқан соңғы илаһи аяттар болды. Олар халыққа жақсы өмір сүру жолды нұсқады. Құран Кәрім – Исламның ұлық пайғамбарының мұғжизасы. Оның хабары құрлықтағы адамзат өмірінің соңғы күніне дейін барлық адамдарға арналған. Сондықтан, адамның ақыл-парасаты оны танып, түсіну үшін ұзақ жолдан өтуі керек. Адамдар бұл кітап туралы білім мен ұлылыққа ие болған сайын, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сипаты олардың көз алдында ұлғайып, құрметке ие бола бастайды, өйткені ол осы хабарды (Құранды) Алладан алған бірінші адам болған.

Алла елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жаратылысы мен пайғамбарлық міндеті адамзатты құтқаратын тұлға. Бауырластық, әділеттілік, ізеттілік, адамгершілік және жәбір көргендерді қорғау, исламдық құндылықтарға табанды болу хазіреттің қадір-қасиеттерінен болды. Қазіргі адам бұл қадір-қасиеттерді басқа уақыттан көбірек қажет етеді. Хазірет барлық адамдар үшін мейірімділік пен достық әкелуші болды. Алла Тағала «Қалам» сүресінің 4-ші аятында Исламның ұлық пайғамбарын: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің»,- деп сипаттап, елшісін үлкен мақстақа жету үшін жібергенін еске салады. Бірақ барлық адамдар үнемі шындыққа ұмтыла бермейді. Дүние мен өмірді билігі мен байлығының  ойыншықтары ретінде қарастыратын беделсіз  адамдардың сөздігінде әлемнің қасиеттіліктеріне қол сұғу бірнеше күндік сылтау болып табылады. Соңғы кезде Батыста, әсіресе Францияда Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) тіл тигізетін карикатуралар басылып шықты.  Францияның жоғары лауазымды басшысының сөз бостандығын сылтауратып, бұл тіл тигізулерді қолдауы әлемдегі жүздеген миллион мұсылмандарының сезімдерін жаралап, азаттық талап етушілердің наразылықтарына себеп болды. 

Исламның ұлық пайғамбарына (с.ғ.с.) тіл тигізудің бұл илаһи тұлғаның ізбасарларының наразылығына себеп болуы табиғи мәселе. Осыған орай әртүрлі елдерде көптеегн наразылық шерулер өтті. Әлеуметтік желілерде «біз Алланың елшісі Мұхаммадты (с.ғ.с.) жақсы көреміз» деген твиттер көбейді. Франция президентінің исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізу карикатуралардан бас тартпауы туралы уәждерінен кейін мұсылмандар франциялық тауарларға санкция енгізулерін жариялады. Парсы шығанағы аймағының кейбір мұсылман елдері мен Түркия франциялық тауарларға тыйым салып, сауда орталықтарында бұл тауралар алынып тасталуда. Қатарда тауармен қамтамасыз ететін Al-Suq Al-Baladi и Al-Murah: «Жағдай анықталғанша, француз өнімдері  дүкендерден   шығарылады»,- деп жариялады.  

Шын мәнінде, бұл бұзушылықтар әлем мұсылмандарының жаһандық үстемдікке қарсы біріктіру үшін жаңа мүмкіндік туғызды. Бұл қауіп мұсылмандардың наным-сенімдерін қолдау және табандылық білдіру үшін бір-бірлеріне жақындауларына әкелді. Бірлік яғни ортақ діни мәселелерге жүгіну. Құран Кәрім барлық илаһи діндер мен мазхабтардың ортақ тақырыптарының бірлікке себеп болатынын қуаттайды. Бірлік – діни бұйрық және ақылды амал. Бірлік діннің  жақтастарының  Алла мен Оның елшісінің дұшпандарына қарсы ынтымақтастығы мен қолдауы туралы хабарды жеткізеді.

Дініи адамзаттың өзгерістеріне маңызды рөл атқарған Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізген кезде, кез келген исламдық мазхабтың жақтасы оған қарсы бірігеді. «Әнфал» сүресінің 60-шы аятында: «Сендер де шамаларың келгенше әртүрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер...»,- деп  айтылды. Ғұламалар  мұсылман үмбеті қазіргі сезімтал жағдайды ескере отырып, ортақ тақырыптарға сүйене отырып, исламдық бірлікке қадам  жасауы керек деп санайды. Осылайша біз дұшпандардың исламға қарсы қастандықтарынының сәтсіздікке ұшырағанын көреміз. Егер мұсылмандардың арасында бірлік пен біртұтастық болса, Исламның дұшпандары үшін тәкфіршіл лаңкестік ойларын нығайтып кеңейтетін мұрсат қалмайды. Алла Тағала «Әнфал» сүресінің 64-ші аятында: «Аллаға әрі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, онда үрейлесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында Алла, сабырлылармен бірге»,- деді.    

Қазіргі кезде барлық қастандықтар мен тіл тигізулерге қарамастан, Исламның қасиетті пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) жарқын болмысы және тағылымдары бұрынғыдан да көбірек жарқырап, шындық пен монотеизмді іздеушілерді   баурап алуда. Басқаша айтқанда, Батыс үкіметтері мен бұқаралық ақпарат құралдарының исламның шынайы жүзін бұрмалап көрсетуге   бағытталған саясаты қарсы реакциямен бетпе-бет келді. Исламдық қасиеттерге тіл тигізу Батыс қоғамдарында Құран Кәрім мен исламдық ілімдерді зерттеу сеебп пен үгіт-насихатқа айналды. Зерттеулер   батыс қоғамдарындағы   Исламға қарсы барлық үгіт-насихатқа қарамастан, бұл қасиетті дінге деген беталыс артқанын көрсетті. Халық, әсіресе ойшылдар мен зерттеушілер Құран мен басқа исламдық көздерді зерттеу арқылы оларға бет бұруда. Әлемдік күпіріліктің басшылары не істерлерін білмей, өздерін ғылыми және қисын тұрғыларынан исламмен қарсыласуға қабілетсіз деп санайды. Олар кез келген діннің Ислам сынды  дүние мен ақырыт, материалдық дүние мен руханият туралы айтпайтынын және дәл осы  көзқарастың адамзат  өркениетін бақытты ететінін біледі. Бірақ үстемшілер күн сайын исламға қарсы ағымдарды құру және оларға қолдау көрсету арқылы исламның таралуының алдын алуға талпынуда.

Pew ғылыми-зерттеу институтының соңғы зерттеулері исламның танымал дінге айналатынын көрсетті. Ғылыми-зерттеу институтының мәлімдемесіне сәйкес, қазір ислам әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан дін. 2100 жылға қарай христиандықты басып озып, әлемдегі ең танымал дінге айналды.   

 

Мәліметтер бойынша, християндар 2010 жылы әлем халқының 31 пайызын құрды немесе шамамен 2 миллиардт 200 миллион адамға жуықталды. Бірақ 2050 жылға дейін әлем бойында бұл екі үлкен діннің жақтастарының саны тең болады. Әрине тіл тигізулер мен ұқсас әрекеттер Исламның жарқын жүзін шаң-тозаңмен ластай алмайды және әлем, әсіресе Франция халықтары арасында күн сайын Исламға бет бұратындардың санының артуына кедергі бола алмайды. Сондай-ақ ол ислам әлемінің негізгі мәселелерін әлем мұсылмандарының назарынан тыс қалдыра алмайды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Франция жастарына жолдаған қысқа хатында бұл елдегі сөз бостандығын Ол осы елдегі сөз бостандығына реакция білдіріп, ар-ұжданды ойлануға шақырып: «Өз президенттеріңнен «Неге Алла елшісіне қарсы тіл тигізулерді қолдайды және оны сөз бостандығы деп атайды? Сөз бостандығы қасиетті тұлғаны балағаттап, тіл тигізу ме? Бұл ақымақ ісі оны президент қылып сайлаған халықтың абыройына тіл тигізу емес пе?» деп сұраңдар. Келесі сұрақ «Неге холокосқа күмәндену – харам? Неге ол туралы жазған адам тұтқындалады, ал Пайғамбарға (с.ғ.с.) тіл-тигізу – рұқсат?»,- деді.