Халықаралық Палестина халқымен ынтымақ күні
29 қараша БҰҰ күнтізбесінде Халықаралық Палестина халқымен ынтымақ күні деп аталды.
1977 жылы 29 қарашада БҰҰ Бас ассамблеясы палестиналықтармен және олардың тәуелсіздік пен бостандық үшін күресімен жаһандық ынтымақтастық мақсатында «Палестина ұлтымен жаһандық ынтымақ» күнін тағайындады. Шын мәнінде, БҰҰ сионистік басқыншылыққа деген қызығушылықты басқа жаққа аудару және жалған Израиль режимін заңдастыру үшін 29 қарашаны «Палестина халқымен халықаралық ынтымақ» күні деп атады. 1947 жылы 29 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы «Палестинаны бөлу туралы резолюция» деп танымал болған 181 қарар қабылдап, сионистерге Палестина территорияларын басып алуға бірінші рұқсатын берген. Палестина қоғамы мен жерін үш бөлікке бөлген қарар Палестина тарихи қоғамының бір бөлігін сионистерге тапсырды.
181 қарарға сәйкес Палестина екіге бөлінді және Бас Ассамблея оның бір бөлігін еврей мемлекетін және екінші бөлігін Палестина мемлекетін құру үшін қарастырды. Палестинаны бөлу әділетсіз қарар, бұл жердің палестинадық болуы мен жердің тарихи негіздерін ескермей оның жартысын Палестина халқына, ал екінші жартысын сионистерге беруді қарастырғанымен, 1948 жылы мамыр айында сионистер Палестина жерінің жартысын өзінің алғашқы тұрғындарына қимай, оны басып алып, бүгінгі күнге дейін тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуына кедергі тудыруда. БҰҰ Бас ассамблеясы Палестина халқымен халықаралық ынтымақ күнін жариялай отырып, Палестина халқын қолдау ниетін білдіріп қана қоймай, іс жүзінде Палестина халқына жасалған зорлық-зомбылықты растады. Басқаша айтқанда, 1977 жылғы 29 қарашадағы декларация осы ұйымның 1947 жылғы 29 қарашадағы 181 қарарының растамасы болып табылады. Яғни БҰҰ 1977 жылғы мәлімдемесімен Израильдің Палестинаны заңсыз басып алғанын растады.
БҰҰ өз Жарғысына қайшы мүлде басқа жолмен Израильді мемлекет ретінде мойындады. БҰҰ Израильдің мүшелігін өте тез және дәстүрлі емес түрде қабылдады. Бұл бұрын-соңды болмаған және одан кейін қайталанбаған әрекет болды. Израиль БҰҰ Жарғысының 4-ші бабының 1-ші тармағы бойынша, БҰҰ-на мүшелікке кірудің кез-келген шарттарын орындамай оның мүшесі болды. Бұл тармақта белгілі жері мен шекарасы бар мемлекеттің сипаттамалары қарастырылады, алайда сол кезде Израильдің нақты шекаралары болмаған. Сондай-ақ елдің тұрақты жамағаты болуы керек, Израильдің бұл ерекшелігі де болмады. Мемлекет тәуелсіз болуы керек, ал Израильде ол кезде бұл санат болмаған. БҰҰ Жарғысының 4-бабы тұрғысы бойынша мемлекеттің тағы бір өте маңызды сипаттамасы территориялық егемендігі, яғни халықаралық ережелердің орындалуына кепілдік бере алатын территорияны бақылау мүмкіндігі. Израиль осы кезге дейін бұл ерекшеліктерге ие болмады. Израиль құрылғанына бері соғысқұмар және соғыс бастаушы режим болды. Израиль режимі сондай-ақ жылдар бойы БҰҰ Жарғысындағы міндеттемелерінің көбін бұзып, оларды іске асырғысы келмейтінін көрсетті. БҰҰ билеп-төстеуші және заңсыз сионистік режимді қолдаушы үкіметтер мен тәуелді араб үкіметтерінің қолдауымен заңсыз шешімдерімен Палестина халқының қасиетті жерлерін бөгделер мен басқыншыларға сыйлады. Миллиондаған палестиналық босқындар жерлерінің жаулап алуынан кейін өткен жетпіс жылдан астам уақыт бойы Сири, Ливан, Иорданияда қиын жағдайда өмір сүруде. Сионистік режим Бейт әл-Мұқадас пен Иордан өзенінің батыс жағалауында қалашықтары құрылысын жалғастыруда. Сионистер Палестина халқының үйлерін басып кіріп, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен қасиетті Құдс тұрғындарын панасыз қалдырып, көшіп кетуге мәжбүрлеуде.
Сионистер мен олардың американдық және еуропалық жақтастарының басқыншыл Израиль режимін заңдастыруға талпынысына қарамастан, Палестинаны азат ету арман осы күнге дейін ұмытылмады. Өткен төрт жылда АҚШ Президенті Дональд Трамп сионистердің басқыншылығын қолдап, көптеген шешімдер қабылдады. Бейт әл-Мұқадасты заңсыз Израиль режимінің астанасы ретінде ресми қабылдауы және АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқадасқа көшіруі Трамптың әрекеттерінен болды. Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн, Суден араб үкіметтерінің басқыншы Израиль режиміміен дипломатиялық қатныас орнатуы Палестинаның сионистердің басқыншылығынан босау арманына қарсы қиянат болып табылады. Тәуелді араб үкіметтері АҚШ-тың сионистік режиммен қатынасын қалыптастыру талапын орындап, өз қауіпсіздігі мен келешегін қамтамасыз етеді деп ойлайды. АҚШ пен еуропалық үкіметтердің сионистік режимнің басқыншылығын қолдауы және кейбір тәуелді араб үкіметтерінің қиянаттары Палестина армандарының ұмытылуына себеп болмайды. Керісінше Изриаль басқыншы режимінің болмысы әлемдіктер, әсіресе АҚШ пен Еуропа халықтары үшін әшкереленді. Палестина халқына көрсетілетін қолдаулар осы мәселені растайды. Биыл коронавирус пандемиясының карантиндік шараларға байланысты Халықаралық Палестина халқымен ынтымақ күні араб белсенділері әлеуметтік жүйелерде 27 қарашадан бастап «#Палестина: менің маңызды мәселем» деген твитпен Палестинаны қолдау және исламдық араб елдердің қолдауын тарту және Израиль режиміміен қатынасты қалыптастыруды тоқтатуды қуаттау үгіт-насихатын бастады. Әлеуметтік желідегі бұл қозғалыс 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл ақпараттық белсенділік ағылшын, араб, түрік, портоғал, испания және малай тілдерінде жүргізіледі. Бұл күні әлем Палестина халқымен және оның заңды құқықтарымен, әсіресе өз отанына оралуына ынттымағын білдіреді.