Сауаттандыру қозғалысы құрылған күн
(last modified Sat, 26 Dec 2020 14:31:33 GMT )
Жел 26, 2020 20:31 Asia/Almaty
  • Сауаттандыру қозғалысы құрылған күн

Кез-келген қоғамдағы адамның негізгі құқықтарының бірі - сауаттылық. Кез-келген адамда, оның ішінде балаларда, жасөспірімдерде және ересектерде білім алу мүмкіндігі болуы керек. Бұл қажеттілік оқу мен жазуды үйретуімен бірге қоғамдағы әртүрлі экономикалық, саяси және мәдени салалардың дамуына себеп болады. Оқу және жазу қабілеті адамдарды өткенмен, бүгінмен және болашақпен байланыстырады және қоғамдағы тәжірибе мен дағдылармен алмасуға мүмкіндік береді.

Өкінішке орай, ЮНЕСКО жариялаған статистика бойынша, кейбір дамушы елдерде сауатсыздық деңгейі әлі де жоғары. Иранда, Ислам революциясына дейін, 1976 жылы жарияланған статистикаға сәйкес, халықтың 50 пайыздан астамы сауатсыз болған. Ислам революциясынан кейін, сауатсыздардың санын азайту үшін, әсіресе ересек сауатсыздар мен мектепке бара алмайтын балалар; Сауаттандыру қозғалысын құру сынды шаралар қабылданды. Сауаттандыру қозғалысы ИИР іргетасын қалаушысы имам Хомейнидің  бұйрығымен 1979 жылдың 27 желтоқсанында құрылды.

Соңғы илаһи кітап Құрандағы алғашқы сөз және алғашқы илаһи бұйрық  оқы деген бұйрық болды. Бұл парызды Исламның ардақты пайғамбары да  қуаттаған. Хазірет (с.ғ.с.) оқуды және жазуды үйретуді Бадр соғысының әскери тұтқындарын босату шарты еткен. Ислам дінінде білім алу – парыз. Сондықтан білім алуды көздемеген мұсылман айыпталады. Осыған орай Ислам революциясының жеңісінің алғашқы айларында аятолла Хомейни надандық пен сауатсыздықпен күресу бұйырығын шығарды.

Имам Хомейни былай деп жазды: «Ғылым мен әдебиеттің бесігі болған және ғылымды іздеуді парыз еткен Исламның көлеңкесінде өмір сүретін елде жазудан және оқуды білмеу - үлкен ұят нәрсе. Ұзақ мерзімді перспективада біз тәуелді мәдениетімізді тәуелсіз және өзін-өзі қамтамасыз ететін мәдениетке айналдыруымыз керек, сондай-ақ уақытты босқа кетірмей және жалықтыратын бюрократиямен айналыспай, сауатсыздықпен күресу үшін  қоғамды жұмылдыруымыз керек. Сөйтіп Алланың көмегімен көпке созбай оқу-жазуды барша білуі керек».  Имам Хомейни бұйрығының мәтінінде екі құнды мақсат болған. Бірінші мақсаты, сауаттылық  нығметінен мақрұм қалған  адамдарға оқуды және жазуды үйрету; екінші мақсаты, сауаты жаңадан ашылған  адамдардың әртүрлі салалардағы білімін тереңдету және елдің тәуелді мәдениетін тәуелсіз және өзін-өзі қамтамасыз ететін мәдениетке айналдыру. Осы бұйрықтан кейін Сауаттандыру қозғалысы ұйымы құрылып, түрлі жобаларды, соның ішінде сауаттылықты жұмылдыру жобасын жүзеге асырудың арқасында имам Хомейнидің (ғ.с.) тарихи бұйрығын орындай алды.   1996 жылы Иранда сауаттылық деңгейі  79,5 пайызға жетті. Иранда сауаттылық деңгейінің өсуы жалғасып,  2016  жылы  87,6 пайызға  2019 жылы   бұл көрсеткіш 89 пайызға жетті.

Сауаттандыру қозғалысы өз мақсаттарына жету үшін жылдар бойы уақыттың қажеттілігіне сайжұмысына өзгерістер енгізді. Соңғы жылдары ол білім беру жүйесінде жаңа әдістерді қолданды. Бұл ұйымның жаңа тәсілдерінің бірі - сауаттылықты қазіргі заманның дағдыларымен үйлестіру. Бүгінгі таңда елдің өсу мен даму мұраттары тұрақты дамуға қол жеткізу үшін сауаттылық дағдыларын игеруден асып түсу керектігін көрсетеді. Бүгінгі таңда елдің   даму мақсаттары тұрақты дамуға қол жеткізу үшін сауаттылық дағдыларын игеруден асып түсу керектігін көрсетеді. Сауаттандыру қозғалысының құжатына ие болу жеткілікті емес. Сауаты бар адам өзі мен отбасының жағдайын жақсартып, жұмыс, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени жағдайларды жақсарту жолда қадам басуы керек. Олай болмаса,   алға ілгеру тек ұран болып қала береді. Осы мәселенің маңыздылығына байланысты Сауаттандыру қозғалысы  өз мақсаттарына сәйкес жаңа дағдыларды үйретуді бастады.

ЮНЕСКО 1967 жылдан бастап Халықаралық сауаттылық сыйлығының бағдарламасын жыл сайын өткізіп, мүше елдердің жеке тұлғалары мен үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдары жүргізетін сауаттылық саласындағы көрнекті іс-шараларды марапаттайды. Иранның сауаттандыру қозғалысы соңғы 40 жылда ЮНЕСКО-ның көптеген марапаттарына ие болды.

Сауаттандыру қозғалысының соңғы жылдары жүзеге асырған тағы бір жұмысы  оқу мен жазуды үйретуден басқа, сауаттылық дағдыларын компьютермен ұштастыру жоспары болды. Бүгінгі күні жаңа сауаттылық ұғымына компьютерлік сауаттылық, технологиялық сауаттылық, ақпараттық сауаттылық және басқа да маңызды сауаттылық кіреді. Ғаламтор және ақпарат технологиясының басқа түрлерінің әсері сондай болып, сандық ақпараттық орталардың пайда болуымен ақпараттық сауаттылық жаһандық басымдыққа ие бола бастады.

ЮНЕСКО-ның Халықаралық сауаттылық марапаттары хатшылығының мәлімеінше,  сауаттылық қозғалысының «Сауаттылықты өтпелі кезеңдегі негізгі компьютерлік дағдылармен үйлестіру» жобасы, Нигерия, Испания, Ауғанстан және Уругвайдан келген басқа жобалармен қатар, ЮНЕСКО-ның 2018 жылғы сыйлық иегерлері тізіміне енді.  Биылғы марапаттардың тақырыбы (2018 ж.) «Сауаттылық пен дағдыларды дамыту» болды. Осы бағдарламаның бағалау комитеті   әйелдерге компьютерлік негіздерді бұл жобаның таңдалуының негізгі себебі оның әйелдерді оқытуға және қоғамның осы белсенді бөлігінің сауаттылық жағдайын жақсартуға, олардың коммуникация және ақпараттық технологиялар саласында мүмкіндіктерін арттыруға шоғырлануы»,- деп мәлімдеді.  Сауаттандыру қозғалысы сауаттылық пен ICDL дағдыларын үйлестіру жобасымен ұсынылған 150 жобаның ішінен ЮНЕСКО-ның Құрмет дипломын, арнайы медалын және ақшалай сыйлығын жеңіп алды.

Ирандағы Сауаттандыру қозғалысы ұйымының қызметі Иранда сауатсыздық жойылмайынша, Білім министрлігімен қатар үздіксіз жалғасады. Қазірдің өзінде коронавирус жағдайында сауаттылық деңгейінде оқитын студенттерге сапалы білім беру үшін барлық ұйымдастырушылық мүмкіндіктер пайдаланылды.