ЮНЕСКО Иран Телерадио бірлестігінің қызметкерлерінің өлтірілуін айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i81112
ParsToday - ЮНЕСКО-ның бас директоры сионистік режимнің 12 күндік таңыған соғысы кезінде Иранның Телерадио бірлестігі қызметкерлерінің өлтірілуін айыптады.
(last modified 2025-07-30T00:19:04+00:00 )
Шіл 20, 2025 16:07 Asia/Almaty
  • ЮНЕСКО Иран Телерадио бірлестігінің қызметкерлерінің өлтірілуін айыптады

ParsToday - ЮНЕСКО-ның бас директоры сионистік режимнің 12 күндік таңыған соғысы кезінде Иранның Телерадио бірлестігі қызметкерлерінің өлтірілуін айыптады.

ЮНЕСКО-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымы Білім, ғылым және мәдениет ұйымы) бас директоры Одри Азулей Израиль режимінің 2025 жылы 16 маусымда Иран Телерадио бірлестігінің ғимаратының біріне жасаған шабуылында ИИР-ның хабар тарату қызметкерлері Нима Раджабпур мен Масуме Азимиге жасалған қастандықты айыптап, бұл мәселені тез әрі жан-жақты қарастыруға шақырды.

ЮНЕСКО-ның Бас директоры бұқаралық ақпарат құралдарының инфрақұрылымы халықаралық гуманитарлық құқық нормаларына сәйкес азаматтық объектілер ретінде қорғалуы тиіс екенін атап өтті.

Одри Азуле сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарулы қақтығыстар кезінде БАҚ қызметкерлерін қорғау туралы 2222 қарарының ережелерін сақтауға шақырды.