19 қаңтар - Палестина халқының күрес тарихындағы маңызды күн
(last modified Tue, 19 Jan 2021 09:11:26 GMT )
Қаң 19, 2021 15:11 Asia/Almaty
  • 19 қаңтар - Палестина халқының күрес тарихындағы маңызды күн

Палестина халқының қылмыскер сионистік режимге қарсы күрес күнтізбесінде 19 қаңтар «Газа күні» деп аталды.

 

Палестина халқының қылмыскер сионистік режимге қарсы күрес күнтізбесінде 19 қаңтар «Газа күні» деп аталды. 19 қаңтар – Газа күні, Дүниежүзілік Құдс күні сынды, қысымшылық пен зұлымдыққа ұшыраған Палестина халқының құқықтары туралы хабарды бүкіл әлемге тарату мүмкіндік береді. Палестина күнтізбесінде  оның жерінің басып алынуынан заңсыз Израиль режимінің құрылуы және одан кейінгі кезеңде көптеген ащы және қайғылы күндер бар. Сионистердің палестиналықтарға қарсы жасамаған қылмыстары қалмады. Олар мақсатты өлтіру арқылы палестиналықтарды қалалар мен ауылдардан шығару үшін ең үрейлі қылмыстарын іске асыруда. Сионистер палестиналықтарды үмітсіздендіріп, оларды отанынан кетуге мәжбүрлейді деп ойлайды. 1948 жылдың 9 сәуіріндегі қырып-жою - сионистік режимнің кекшіл топтарының Палестина халқына қарсы қылмыстарының бірі. Әл-Халилдегі әл-Давайма және әл-Ладтағы жаппай қырып-жою - сионистердің Палестинаның жазықсыз халқына қарсы жасаған үлкен қылмысы. Бұл қырып-жоюлар кезінде мыңдаған жазықсыз палестиналықтар, көбі әйелдер мен балалар және қарт адамдар өлім, қашу немесе босқынға айналумен бетпе-бет келді. Бұл қылмыстардың салдарынан жүз мыңдаған палестиналықтарды өз жерлерінен қоныс аударуға және басқа елдерде паналауға мәжбүр болды. Сионистік терроризмнің барлық түрлері олардың ішінде жаппай қырып-жоюдан бастап әскери әрекеттер мен психологиялық соғыстарға дейін және жүздеген мың палестиналықтарды үйлерін тастап кетуге мәжбүр ету тарихта тіркелді.  Бірақ сионистік режимнің қылмыстарынан гөрі ащылауы - араб елдерінің көпшілігінің Құдсты  азат ету идеясынан алшақтап, сионистік режимнің қылмыстары туралы үнсіз қалуы. Араб режимдерінің Палестина халқына жасаған соңғы сатқындығы - Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Судан және Марокконың Құдстағы басқыншы режимді ресми қабыладуы және онымен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру әрекеті.

Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың 2006 жылғы сайлауда Газа секторы аймағында жеңіске жетуі Палестина басып алынғаннан кейінгі тарихтағы маңызды кезең болып табылады. ХАМАС-тың Палестина автономиялық құрылымынан айырмашылығы, өткен 30 жылдағы сионистік режим арасындағы келіссөздерді пайдасыз және Палестинаны сионистік басқыншылықтан босатудың жалғыз жолы осы режимге қарсы күресу деп санайды. Сионистер артқа шегінгеннен кейін ХАМАС-тың Газа секторын өз бақылауына алуы басқыншы сионистер үшін үлкен қатер болды. сондықтан сионистер Мысыр үкіметінің қолдауымен ХАМАС басшылары мен қолбасшыларын террор етіп, Газаны қоршауға алып, ХАМАС-ты ыдыратқысы келді. Бірақ бұл террорлар ХАМАС пен Газа секторында өмір сүретін палестиналықтар сионистік режимнің қылмыстарына табандықы пен қарсыласу білдіру шешімге әкелді. Ақырында, сионистер ХАМАС жетекшілерін өлтіру және Газаны толық қоршау арқылы Палестинаның ерік-жігерін бұзудан үміт үзгеннен кейін Газаға жаппай шабуыл жасады. 2006 жылы 33 күндік соғыста сионистер Ливан Хезболласынан  жеңілгеннен кейін сионистер  Хезболладан сәтсіздікке ұшырауының орнын толтыру және басып алынған территорияларда тұратын сионистерді шабыттандыру үшін жеңісті қажет етті. Олар Газаға басып кіру мен ХАМАС-тың жойылуын осы жеңілістің орнын толтыру мүмкіндік деп біледі. 2008 жылдың 27 желтоқсанында сионистік режим Газа жеріне шабуыл жасады. Олар 7,10 күннің ішінде Газадағы қарсыласу ағымын  жоя алады деп ойлады. Бірақ 22 күннен кейін 2009 жылдың 17 қаңтарында Газадан артқа шегінуге мәжбүр болды. Сөйтіп Ливандағы 33 күндік соғыстан екі жылдан кейін сионистік режим қарсыласу ағымынан тағы жеңілді. Газада өмір сүретін палестиналықтар сионистік режимнің алдында үлкен жеңіске жетті. Палестина жаулап алынғаннан бері бұл елдің тарихында бірінші рет ешқандай араб мемлекетінің қолдауынсыз олар сионистік режимнің соғыс машинасына қарсы тұрып, оны артқа шегіндіре алды. Тіпті кейбір араб үкіметтері сионистер жағында болды. Сионистердің Газаны жаппай бомбалау мен аткылау кезінде жүздеген палестиналық шәһид болып, Газаның көптеген қалалық инфрақұрылымы  қираған жағдайда қарсыласу ағымы жеңіске жетті. 22 күндік соғыста 1455 адам шәһид және олардың ішінде 404 бала және 115 әйел болды. Сонымен бірге  5303 адам және олардың ішінде 1815-і бала босқынға айналды. Палестина ұйымдарының мәліметтері бойынша, 22 күндік соғыс кезінде 40 аурухана мен медициналық орталық тікелей нысанаға алынып, бомбаланды, нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігінің ауруханалары мен клиникаларына 10 миллион доллар шығын келтірілді және 15 жедел жәрдем машинасы тікелей нысанаға алынды.

Сионистердің Газада өмір сүретін палестиналықтарға қарсы дәрменсіздігін анықтау үшін Газаның кішігірім географиясы мен  қоршауға алынуына шолу жасау керек. Газа секторы басып алынған Палестина жерлерінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, оның аумағы 3360 шаршы шақырымнан және халқы 1,8 миллионнан асады. Бұл аймақ әлемде халық тығыз орналасқан аймақ болып табылады.  Батыс ақпарат құралдары мен араб ақпарат құралдарының көпшілігі сионистік режимнің 2008 жылы Газа секторының езілген халқына қарсы жасаған қатыгез қылмыстарын жасырып,   ХАМАС қозғалысын кінәлауға талпынды. Басқа жақтан Бұқаралық ақпарат құралдары  өз азаматтарына  соғыстың шындығы туралы қате ақпарат таратады. Бұл салада әрдайым қарсыласу ағымы мен Палестинаның езілген халқына қолдау көрсетіп келе жатқан ИИР 22 күндік соғыстың бірінші жылдығында Палестина халқының көріп отырған қорлығын және оның дауысын әлемнің азат талап етушілеріне жеткізу үшін 19 қаңтарды «Газаның ұлттық күні» деп атады. Иранның мақсаты Израильдің зорлық-зомбылықтарына қарсы Газаның 22 күндік және қарсыласу қозғалысының ерлігін еске салу болды. Газадағы 22 күндік соғыс қарсылық ағымын Палестина мен аймақтың теңдеулеріне енгізді. Қарсыласу ағымы бітім ағымына бетпе-бет келді. Аятолла Хаменеи Газадағы қарсыласу қозғалысы  жеңіске жеткеннен кейін ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Ханиеге жазған хатында: «Күрескер бауырым Исмаил Хание,  жиырма күндік шыдамдылықтарың мен күресшілердің батылдығы және Газа халқы әлемдегі және тарихтағы ең ауыр әскери қылмыстардың біріне қарсы тұрып,  мұсылман үмбетінің абыройының туын көтерді. Сіздер Аллаға иман келтірген мұсылман бауырлардың зорлық-зомбылыққа бағынбайтынын және күшейіп, үстемшіл үкіметтер мен қарулы әскерлерді дәрменсіз қалдыра алатындарын дәлелдедіңдер»,- деді.

22 күндік соғыстан кейін сионистік режим Газаға қарсы  екі ірі шабуыл жасады, бірақ шегінуге мәжбүр болды. Екі шабуыл кезінде де жүздеген палестиналық шәһид болды. АҚШ бастаған Батыс үкіметтері бала  өлтіруші сионистік режимнің қылмыстарына қарсы үнсіз қалды.  АҚШ Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде  сионистік режимді  айыптауға жол бермеді. Сионистік режим осы көптеген қолдауларға қарамастан, қарсылық ағымына қарсы күші жетпейді, ал палестиналық әйелдер мен балаларды өлтіру  режимнің осалдығының белгісі. ХАМАС Газадағы қарсыласу ағымының туын көтеруші ретінде «Өрмекші адам» теориясын қайта сынап, қарсыласу   далалық және тактикалық шаралармен бірге 2000 және 2006-шы жылдағы Ливан Хезболласы  сынды Израиль туралы аңызды  жоя алады деген нәтижеге жетті.  Газа соғысы, 33 күндік соғыс сияқты, тағы бір рет адам құқықтарын талап етушілерді, оның ішінде халықаралық қауымдастық пен ұлы державаларды масқаралап, өркениетті әлемнің қазіргі уақытта адам құқығы мен әділеттілік негіздерінен алыс екенін көрсетті.