Хазірет Зейнаб – сабырлылық үлгісі
(last modified Fri, 26 Feb 2021 15:03:09 GMT )
Ақп 26, 2021 21:03 Asia/Almaty
  • Хазірет Зейнаб – сабырлылық үлгісі

Әлемнің мұсылмандарына хазірет Зейнабтың дүниеден озған күніне байланысты көңіл айтамыз.

 Хиджри-қамаридің 63 жылдың раджаб айының 15 жұлдызы Алла елшісі хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) немересі, хазірет Фатима (ғ.с.) мен хазірет Әлидің (ғ.с.) сүйікті қызы және имам Хұсейннің (ғ.с.) қарындасы дүниеден озған күн. Имам Хұсейн (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін хазірет Зейнаб Кербала жеріндегі Ашура оқиғасының жолдауын жеткізуді илаһи міндеті санап, теңдессіз батылдығы және шешендігімен зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Егер хазірет Зейнаб пен оның ержүректілігі болмағанда имам Хұсейннің (ғ.с.) зұлымдыққа қарсы тұру туралы жолдауы Кербала даласында қалып, тарих пен халықтар тағдырына әсерін тигізбейтін еді.

Әр адамның қалыптасуы әртүрлі факторларға және оның қалай өсіп, тәрбиеленуіне байланысты. Психологтар кез келген адамның қалыптасуына үш нәрсе, атап айтқанда мұрагерлік, білім алу және өсу ортасы  шешуші рөл атқарады деп санайды. Хазірет Зейнабтың болмысын бұл үш тұрғыдан қарастыратын болсақ,  ол мұрагерлік тұрғысынан адамзаттың мақтан тұтатын бүкіл қадір-қасиеттері тұла бойында жинақталған Алла елшісінің немересі. Сондай-ақ оның әкесі Аллаға құлшылық ету, батылдық,  және әділеттіліктің үлгісі саналатын хазірет Әли (ғ.с.) және анасы әлемнің үздік бануы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.). Хазірет Зейнаб толық діні және адамгершілік ортада тәрбиеленді. Анасы (ғ.с.) оны бала кезінен дін, руханият, ар-намыс, қарапайымдылықпен таныстырып, өмірдің әртүрлі күндеріне дайындады. Хазірет Заһра (ғ.с.) мен хазірет Әлидің (ғ.с.) үйі Пайғамбар (с.ғ.с.) үшін «Инсан» сүресі жіберілген үй. Алла елшісі (с.ғ.с.) қырық күн бұл үйдің алдында тұрып: «Ассаламу алайкум иа Аһле әл-Бейт»,- деп айтқан. Бұл үй - «Каса» хадисі жіберіліп, илаһи періште Жебрейіл түскен жер. Хазірет Зейнаб дүниелік сән-салтанаттан ада, илаһи әлемге жақын және адамды тәрбиелейтін тәлімдерге толы ортада өсті. Хазірет Зейнабтың қадір-қасиеттерінің бірі - ақылы мен сабыры болып, Хашим әулетінің ақылдысы, құрайыштар ақылдысы, халық ақылдысы деп атанып, «Ақылды» деген лақап атқа ие болды.

Мысырдың шафи мазхабының ғалымы Мұхаммед Ғалиб - хазірет Зайнабтың (ғ.с.) мәртебесі мен қасиеттері туралы егжей-тегжейлі және әдеби мақалалар жариялаған сүннит ғалымдарының бірі. Ол «Әл-Ислам» журналындағы мақаласының бір бөлімінде: «Әһле-Бейттен (ғ.с.) шығу тегі жағынан ең ұлы әйелдерінің бірі және тақуалықтың рухы мен ұстанымы жоғары, қамқоршылықтың толық көрінісі болған Әли Ибн Әбиталибтің қызы хазірет Зейнаб болды. Ол набават отбасында білім алып, тәрбиеленді. Ол шешендігі, білімі мен амалы, пәктігі және адалдығымен Хашим әулеті ғана, араб әлемінде танымал болды. Оның болмысында сұлулық, адамгершілік пен ізгілік бірге жиналған. Ол түндерін ғибадат жасап, күндерін ораза тұтып өткізген, сондай-ақ баршаға тақуалығымен танымал болды»,- деп жазды.

Хазірет Зейнабтың қадір-қасиеттерінің бірі - ақылы мен сабыры болып, Хашим әулетінің ақылдысы, құрайыштар ақылдысы, халық ақылдысы деп атанды. Яғни хазірет Зейнабтың болмысында білім мен амал, пәктік пен адалдық тоғысып, қырағылығы, сабырлығы мен ақылына байланысты, «Ақылды» деген лақап атқа ие болды. Хазірет Зейнаб  тағы бір маңызды «Седдиқе Соғра» деген лақаб атпен атанды. («Седдиқе» деп адал және әділ, шыншыл адамға айтылады).

Діни оқу орыны мен университет ұстазы доктор Рафии Алланың алдындағы «седдиқиндер» мақамы туралы «Ниса» сүресінің: «Ал және кім Аллаға, пайғамбарға бой ұсынса, міне солар; Алла Тағала нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас!» - деп айтылған 69-шы аятына тоқталды.  

Хазірет Зейнаб мұсылман әйелдер үшін Алланың жолындағы шындық пен сабырдың ең жақсы үлгісі болды. Аятолла Хаменеи хазірет Зейнабты тарихтың үздік үлгісі деп таныстырып: «Хазірет Зейнаб тарихтың ең маңызды мәселелерінің бірінде әйелдің белсенділігінің айбының көрсеткен үздік үлгінің бір болды. Ашура кезінде, Кербала оқиғасында қан қылышты жеңді. Шынайы жеңді. Бұл жеңіске хазірет Зейнаб себеп болды. Кербалада қан төгілді. Бұл оқиға әйелдің тарихтан жеке қалмайтынын, әйелдің тарихи маңызды оқиғаға қатысатынын көрсетті. Құран бұл туралы көптеген аяттарында қуаттады. Хазірет Зейнаб сырт көзге жеңіске жеткен дұшпанды өз сарайында кемсітіп, қорлайтын іс жасап, олардың жеңісінің жеңіліске айналдырды. Хазірет Зейнаб әйелдің пәктігін үлкен жиһадқа айналдыруға болатынын көрсетті. Хазірет Зейнаб әкесі имам Әлидің (ғ.с.): «Адам,  діннен хабардар болу, қиындықтар кезінде сабыр сақтау және жақсылық жасау сынды үш ерекшелікке ие болмаса, иманның шындығын түсінбейді»,- деп айтқанын естіген болатын. Бұл бану қиындықтарды қабылдап, сабыр сақтады. Хазірет Зейнабтың көзқарасынша, шындық жолында табанды болу, илаһи армандар жолында жанкештілік білдіру бүкіл адамзат үшін таңданыс болып табылады.  Язид: «Кербалада Алланың Хусейін мен оның серіктеріне не істегенін көрдің бе?»- деген кезде, хазірет Зейнаб: «Мен сұлулықтан басқа нәрсе көрмедім»,- деді.

Мысырдың әйгілі жазушысы және зерттеушісі доктор  Айша бент Аш-Шати  «Зейнаб - Кербала батыры» кітабының кіріспесінде: «Менің ойымша, хазірет Зейнабтың кезеңі Кербала оқиғасының аяқталуымен аяқталмайды, бірақ Ашура қақтығысының соңымен тұспа-тұс келген оның кезеңінің басталуы. Хазірет Зейнаб Хашим әулетінің тұтқында түскен әйелдерінің қамқоршысы болып, Әли бен Хұсейнді (ғ.с.) қорғады. Егер хазірет Зейнаб болмағанда, Әли бен Хұсейн (ғ.с.) (имам Зейн әл-Абидин (ғ.с.)) шәһид болуы мүмкін еді және оның шәһидд болуымен Әһле әл-Бейт (ғ.с.) имаматы аяқталатын еді»,- деп жазды. Ол сондай-ақ бұл кітабының кіріспе сөзінің басқа бір бөлімінде: «Хазірет Зейнаб Кербала қақтығысынан кейін ұзақ өмір сүрмеді. Өйткені оның көрген уайым-қайғысы өте ауыр болды. Бірақ сол қысқа уақытта ол мұсылмандардың жан дүниесінде алауы бүгінде де лаулап тұрған  ұшқынды тұтатты»,- деп жазды.