Сириядағы үрейлі қылмыстардың бірі (2)
(last modified Sat, 27 Feb 2021 14:23:42 GMT )
Ақп 27, 2021 20:23 Asia/Almaty
  • Сириядағы үрейлі қылмыстардың бірі (2)

ДАИШ күштері тіпті сыртынан қарағанда да мұсылман емес еді. Олардың көшбасшылары намаз оқымайтын. Олар: «Жиһад жасау намаз оқудан жоғары»,- деген. ДАИШ билігі зорлық-зомбылыққа толы болды.

Өткен бөлімде сириялық наразылардың бірі Әбу Башир   наразылықтардың басталуы және Сирия үкіметінің қарсыластарының  бірқатар қалаларды өз бақылауына алуы, сондай-ақ ДАИШ-тің елге кіруі және Алеппо мен бұл елдің басқа кейбір қалаларын басып алуы туралы айтты. Бұл өзгерістерге қуанған Әбу Башир отбасымен Дамасктен Алеппоға кеткен, бірақ көп ұзамай ДАИШ-тың қатігездігі және үстемшілдігімен бетпе-бет келді. Осы арада Әбу Баширдің жалғыз ұлы ДАИШ мүшелерінің өтіріктеріне алданып, бұл лаңкестік топқа қосылып, соңында өлді. Ол бұл туралы: «Баширдің ДАИШ қолбасшыларының араб емес екендері туралы айтқаны есімде. Олар Шешенстан және Изриальден келген. Башир жалғыз ұлым еді, сондықтан оның өлімі мен үшін өте ауыр тиді. Мен өзіме: «Сирия халқының басына қандай апат келді? Неге жағдай осындай қалыпқа келді? Тұрмыс, тыныштық және қауіпсіздікке ие едік. Неге өзіміз мұның барлығынан айырылдық? Неге Башар Асадтың қарсыластарына алдандық. Асад - кім, ДАИШ - кім!»- деп ойландым.  Әбу Башир сөзінің жалғасында: «Сирия халқы өзін Башар Асад үкіметінен құтқару үшін бас көтерді, бірақ олар ДАИШ үкіметі сияқты әлдеқайда қатал әрі ақылға қонымсыз үкіметпен бетпе-бет келді. Мен қатты өкіндім, бұл жалғандық жолында ұлымнан айырылдым. Дамаскіге оралғым келді, бірақ олар маған рұқсат бермеді»,- деді. Алайда өкінген тек Әбу Башир ғана емес, ДАИШ басып алған қалалардың тұрғындарының жағдайы да ұқсас болды. Ол бұл туралы былай деді: «ДАИШ-тің бақылауындағы қалалардағы өмір күн сайын қиындап, адамдардың наразылықтары арта бастады. Кезінде ДАИШ-тың оларға ешқандай қатысы жоқ және оның лаңкестері шиіттер мен Башар Асад үкіметінің жақтастарын жазалайды деп ойлаған сүнниттер қатты өкінді. Бірақ кеш болды, біз ДАИШ-тың қатыгез үкіметінің қолына түстік. ДАИШ Ислам дінің астан-кестенін шығарды. Біз, Сирия халқы Исламның атымен бұл дінге қарсы әрекеттенген адамдардың торына түстік. Оларды шыдаудан басқа амал қамады. Олар өздеріне қарсыларды басып-жаншып, өлтіретін. Ракка мен Алеппо қалаларында өмір сүру жағдайы қиын болды. ДАИШ күштері тіпті сыртынан қарағанда да мұсылман емес еді. Олардың көшбасшылары намаз оқымайтын. Олар: «Жиһад жасау намаз оқудан жоғары»,- деген. ДАИШ билігі зорлық-зомбылыққа толы болды. Олар қала алаңында бір қыздың басын кесіп алған. Мен қалалық алаңға жиналған адамдардан бұл қыздың   қылмысы не болғанын сұрадым. Жиналғандар: «Ол Интернетте және Фейсбукте белсенді болды. ДАИШ пікірінше, бұл харам іс саналады»,- деп жауап берді».

ДАИШ - қантөгіс пен қылмыстың көрінісі

Әбу Башир ұлына қайғырып жүрген кезде, ДАИШ-тың жабайы әрекетімен  тағы бетпе-бет келді. Бұл жолы кезек оның кішкентай қызына келді. Ол бұл оқиғаны былай әңгімеледі: «Бірде мен Алепподағы жалғыз досым Әбу Якубтың дүкенінде болдым, ұялы телефоным шырылдады, ол менің әйелім болатын. Ол алаңдаушылықпен   және жылаған дауыспен: «Әбу Башир қайдасың? Үйге тез кел!»- деді. Менің тұла бойым түршігті. Не сұрасамда, жауап бермеді. Мен алаңдап, үйге қарай асықтым. Үйге жеткенімде  әйелім Умм Айша мен қыздарымды көрдім, олар қатты жылап отыр еді. Жүрегім тоқтап қала жаздады. «Умм Айша, не болды?»- деп сұрадым. Әйелім: «Лейланы алып кетті»,- деп айқайлады. ДАИШ, ДАИШ.  Аяғым тәлтіректеді. Лейла кенже қызым, жасы тек 11-де еді. «Не болды? Қайда әкетті? Не үшін әкетті?»- дедім. Үлкен қызым Айша: «Бүгін таңертең біз анаммен және Лейламен бірге мата сатып алу үшін базарға бардық, сол кезде ДАИШ мүшелерінің тобын көрдік. Бір кезде қолбасшысы болған олардың бірі Лейланың басына қолын қойып: «Менің әйелім, некесін қидым»,- деді. Біз таңғалып: «Бұл Әбу Баширдің қызы, тұрмыс құрмаған»,- дедік. ДАИШ мүшелерінің бірі бізді қатты ұрып жіберіп: «Біз таңдап, басына қолын қойсақ, бізге әйел болады»,- деді. Лейла қорыққанынан есінен танды. Айқайымыз, халықтың жиналуы көмектеспеді. Олар Лейланы алып кетті және олардың қолбасшысы: «Әкесіне айтыңдар, егер қаланың ортасында басы кесілсін десе, наразылығын білдірсін»,- деді»,- деп оқиғаны айтып берді. Әйелім Умм Айша есінен танып, мен қайғыдан не істермід білмей, жерде отырдым. Аспан жерге түскендей болды.  Кішкентай Лейламды қайда әкетті? Лейла – өмірім, әдемі және сүйікті қызым.

Әбу Башир қатты уайымдап, мазасызданып, тыныштық таппады. Ол оқиғаның жалғасы туралы: «Мен  Әбу Яқубқа қайтып барып, одан ДАИШ мүшелері арасында   танысы болса, мені таныстыруы сұрадым. Ол мені ДАИШ-пен жақсы қарым-қатынаста болған Алеппоның жас жігітімен таныстырып: «Осы жігіт қызыңды тауып беруге көмектесер»,- деді. Бұл өмірімдегі жалғыз арманым болды. Түнде жігітпен кездесу үшін Әбу Яқубтың үйіне бардым. Ұзын сақалы бар, сыртынан қарағанда ДАИШ мүшелері сынды жас жігітті көрдім. Өзімді таныстырдым және ө мәселемді айттым. О Әбу Яқубқа күлімдеп қарап: «Өте қымбат болады. Қолбасшы Әбу Насырдың мекенжайын білгісі келеді. Бұл мекенжай – құпия»,- деді». Әбу Башир мен досының көптеген талабынан кейін ДАИШ мүшесі 2500 долларға арсыз қолбасшының мекен жайын айтуға келісті. Бірақ: «Ол мекенжай - ДАИШ қолбасшысының үйі, сондықтан қатты күзетке алынған. Ол жерге бару оңай емес және өлімге ұшырауын мүмкін, сондықтан өте абай бол»,- деп ескертті. Мен: «Не істейін?! Кішкентай қызым сол жерде. Қандай қатер болсада, барамын»,- деп, өзінен көмек сұрадым. ДАИШ-тың басқа мүшелеріне қарағанда, ол шамалы мейірімін білдіріп: «Сен бармай тұра тұр. Мен барып, Лейла туралы хабар алайын. Содан соң саған не істейтінінді айтамын. Жоспарда үлкен әрекет бар және оған барлық мүшелері қатысады. Әбу Насырда әрекетке қатысады. Лейланы көріп, саған хабарын жеткізуім үшін бұл жақсы мұрсат»,- деді. Әбу Башир мен әйелі алаңдап,  қызы туралы хабарды асыға   күткен ДАИШ мүшесінің әрекет кезінде өлімге ұшырауы туралы хабар оларды жалғыз үмітінен айырды.  

 

 

  ДАИШ бақылауға алған аймақтардан қашқан әйелдер

Абу Башир мазасыз әрі дәрменсіз болды,  ол өзін кінәлап, өткен өмірі туралы ойлай берді. «Дамаскіде болған жақсы және бақытты күндерім есіме түседі, отбасыммен, баріміз бірге қауіпсіздікте өмір сүрдік. Өміріміз тәтті өтіп жатты, бірақ қадірін түсінбедік. Біз алданып, Башар Асадтың қарсыластарына еріп, көшелере шықтық. Ақымақ болдық, «Башар Асад Сиряның диктаторы және еегр ол кетсе, Сирия гүлденеді» деп ойладық. Өзіміз ақымақ болғандықтан, осы кезде рақымсыз ДАИШ бізді биледі...».