Хазірет Әлиакбар – жаратылыстың ең әдемі гүлі
Ирандық жазушы Сейед Мәһди Шоджаи «Әке, махаббат және перзент» деген кітабында: «Кейде Хұсейн (ғ.с.) мен Әлиакбардың қатынасын тек әке мен бала арасындағы қатынас емес, бағбанның жаратылыстың ең әдемі гүлімен байланысы деп сезінемін»,- деп жазды.
Бүгін қамари күнтізбесінің 1442 жылының шағбан айының 11 жұлдызы, сәйкесінше 2021 жылдың 25 наурызы имам Хұсейннің (ғ.с.) баласы хазірет Әлиакбардың туған күні. Иранның ұлттық күнтізбесінде бұл күн «Жастар күні» аталды.
Хазірет Әлиакбар ержүректік, абырой мен қадір-қасиет тұрғысынан пәк әрі адал жігітті үлгісі. Ол діндар, сопы, өте тақуа, әдемі, әдепті және адамгершілікке ие деп сипатталды. Бұл адал жігіт ұлы отбасынан, яғни Алла елшісінің ұрпағынан шыққан. Ол имам Хұсейннің (ғ.с.) тұңғыш перзенті, оның анасы Лейла ханым. Лейла ұлы сакифтер отбасына жатады, оның атасы Орва ибн Мас'уд Сақафи еді. Ол сақафи отбасының мүшелерінің бірі ретінде исламға бет бұрып, мұсылман болды. Жақсылық жасау оған анасының сүтімен енген. Хазірет Әлиакбар имам Хұсейннен (ғ.с.) тәрбие көріп, оның болмысында жас кезінен айбын мен жомарттық жарқырады, ол батыл, мүмін, тақуа, мейірімді әрі көркем мінезді жас жігіт болды. ол өмірінің ең жақсы кезеңін, яғни жастық шағын дінді қорғауға арнады.
Әлемнің барша мұсылмандарын хазірет Әлиакбардың туған күнімен құттықтаймыз!
Хазірет Әлиакбар имамат отбасында дүниеге келіп, велаят ортасында тәрбиеленді. Хазірет Әлиакбар қамари жыл санағы бойынша 43-ші жылдың шағбан айының 11-ші жұлдызында Мединеде дүниеге келді. Оның әкесі имам Хусейн (ғ.с.), анасы Лейла ханым болды. Отбасы ерекшелігі, тәрбиесі мен мұрагерлігі, білімі мен ізгілігі Әлиакбардың адамның ең жақсы қасиеттерге ие болуына себеп болды. Доктор Эмодзаде «Хазірет Әлиакбардың өмірі» деген кітабында: «Ол батылдық, білім, ізгіліктің айқын көрінісі және пайғамбардың адамгершілігі мен қадір-қасиетінің толық айнасы ретінде сипатталды»,- деп жазды. Хазірет Әлиакбар туралы тарихи кітапта: «Әлиакбардің мінез-құлқы мен амалы Алла елшісінің (с.ғ.с.) мінез-құлқы мен амалдарын еске салатын»,- деп жазылды. Имам Хұсейн (ғ.с.): «Әһле бейт Пайғамбарды сағынған кезде, Әлиакбардың қасында жылайтын»,- деген.
Хазірет Әлиакбар өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінде кемелдік пен ізгіліктің нұры көрінетін жас жігіт болды, тіпті ең қатал дұшпандар да Әлиакбардың жарқын қасиеттерін мойындады.
Күндердің бірінде Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің дұшпаны болған Муавие қасындағы адамдардан: «Менен кейін кім мұсылмандардың басшысы болады?»- деп сұрады. Олардың әрқайсысы бір есімді атады. Содан кейін өзі-өзіне: «Менің пікірімше, ең лайық адам Әли бен әл-Хұсейн (хазірет Әлиакбар)»,- деді. Әлиакбардың ізгі және мейірімді ахлақтары соншалықты қатты қызықтырды. Ашура күні онымен қоштасарда апа-қарындастары, апасы хазірет Зейнаб және басқа қайын жұрты қоршап, оларға оны жіберу өте қиын болды. хазірет Әлиакбар мен имам Хұсейннің (ғ.с.) қарым-қатынасы Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетіндегі отбасылық қатынастардың әдемі көріністердің бірі. Хазірет Әлиакбар майданға аттанар сәтінде әкесі оған: «Балам ақырындай қадам басып, асықпа»,- деп, баласына көбірек қарады. Баласы Әлиакбар еі жаман адамдарға қарай аттанды. Жреге ерекше толқыған имам Хұсейн (ғ.с.) Алламен сырласып: «Уа, Алла, түрі, мінезі мен сөздері Пайғамбарға (с.ғ.с.) ұқсаған жігіттің бұл жамағатқа қарай кеткеніне куә бол. Біз Пайғамбарды (с.ғ.с.) сағынғанымызда, оған қарайтын едік»,- деді.
Ирандық жазушы Сейед Мәһди Шоджаи «Әке, махаббат және перзент» деген кітабында: «Кейде Хұсейн (ғ.с.) мен Әлиакбардың қатынасын тек әке мен бала арасындағы қатынас емес, бағбанның жаратылыстың ең әдемі гүлімен байланысы деп сезінемін»,- деп жазды.
Жастық шақ көктем маусымы сынды. Жастық шақ аялдамасындағы өмір пойызы өмірдің соңғы аялдамасына мақтанышпен және ризашылықпен жету үшін көп нәрсе қажет. Жастық шақта адамға даму, мақсатты таңдау, еңбекқорлық, ғылымды үйренуге ұмтылыс пен дене шынықтыру қажет. Жастардың әлеуеті жоғары. Ол өзінің күш-жігерін жалықтырмайды және үлкен күш-жігермен өмірде көптеген жетістіктерге жете алады. Жастық шақ - Алламен қарым-қатынасты және ішкі руханилықты нығайтуға ең жақсы мүмкіндік. Имам Садық (ғ.с.) ғибадаттың жастарға тигізетін әсері туралы: «Мұсылман жас адам Құран оқиды, сондықтан Құран оның еті мен қанына сінеді. Алла Тағала оны пайғамбарлар қатарына қосады және қияметте оны қорғайды»,- деген болатын.
Қоғамдар жастарына сүйенеді. Жастар қоғам үшін үлкен қор. Енді, егер жастар әртүрлі салаларда, соның ішінде ғылым мен технологияда, медицина мен фармацияда, егіншілік пен мал шаруашылығында және басқа да әртүрлі ғылымдарда қажетті тәжірибеге ие болса, сол қоғам алға басады. Жастар қоғамдағы әртүрлі мәселелерді шешуде әрдайым тиімді рөл атқарады, бірақ саяси топтар мен фракциялардың оларды бұрыс пайдалануына сақ болуы керек. Осы уақыт аралығында өзін-өзі жасаған жастар құндылығы артып келеді. Ислам көзқарасы бойынша, маманданудан басқа, жастар өздерінің бойындағы рух пен руханилық тазалығын нығайтуға және өздерін күнә мен сыбайластықтан аулақ ұстауға тырысуы керек.
Үкіметтердің міндеті - жас ұрпаққа қамқорлық жасау және олардың өсуі мен дамуына қажетті жағдай жасау. Шешуші міндеттерге маманданған жастарға тапсыру айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін. Өкінішке орай, әртүрлі қоғамдарда маңызды міндеттер жасы және тәжірибесі мол адамдардың мойнында. Жастар күші ақсақалдардың тәжірибесімен бірге ең жақсы шешім болады. Исламның ұлық пайғамбары жастарды сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де бағалап, оларға маңызды істер жүктеді. Мәселен, Меккені бағындырғаннан кейін 21 жастағы жігіт қала әкімі болып сайланды. Содан кейін олар Мекке тұрғындарын - әсіресе Мекке ақсақалдарын - оның соңынан ерулерін, тіпті артында жамағатпен намаз оқуға шақырды.
Хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) өз сөзінде қоғамдағы тәжірибелі басшыларына: «Жастар үшін жиындарда орын ашыңдар, жаңа істерді оларға үйретіңдер. Өйткені бұл топ жаңа мәселелерді шешетін сендердің орынбасарларын»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Егер бір жұмыс туралы кеңес қажет болса, басында жастармен ақылдасыңдар. Олардың ақыл-ойы өткір. Содан соң нәтижесін үлкендерге көрсетіңдер, олар көріп, талқылап, ең жақсы жолды ұсынады. Өйткені олардың тәжірибесі көбірек»,- деді.