Нұр аясында (2)
Адам оған сай амал етуі арқылы илаһи ризалыққа ие бола алатын маңызды діни ілімдердің бірі - қасиетті Рамазан айында ораза ұстау.
Адам оған сай амал етуі арқылы илаһи ризалыққа ие бола алатын маңызды діни ілімдердің бірі - қасиетті Рамазан айында ораза ұстау. Алла Тағала бұл қасиетті айда халықтан тәуліктің белігі сағаттарында ішіп-жеуден тартынуға шақырды. Бұл уақыт таңсәріден басталып, кеш батқанша жалғасады. Осы уақыттың ішінде Алланың рақымы ораза ұстаушыға күнәсін кешіру түрінде түседі. Исламның ұлық пайғамбары: «Қасиеті Рамазан айы – рақым, береке және кешірім айы. Бұл айдағы ұйқыларын – ғибадат, демдерін – тәспих»,- деді. Сондықтан ораза сырт көзге белгілі сағаттарда ішіп-жеуден және кейбір материалдық ләззаттардан тартыну болып көрінгенімен, шын мәнінде адам бұл тартынудын арқасында ақыретте салыстыруға келмейтін дәмді тағамдар мен сусындардың дәмін татиды. Ораза тұтушы адам аштық пен шөлге төзіп, кейбір рұқсат етілген ләззаттардан алыстап, құлшылық рәсімін орындайды. Адамның басты мақсаты мен қамы дүниелік қажеттіліктер мен өтпелі ләззаттарын қанағаттандыру болса, ол жаратылыс философиясы мен жаратылыстың басты мақсаты мен илаһи болмыстың ақиқатын түсіне алмайды. Қасиетті Рамазан айы - бұл дүниелік байланымдардан арылуға және бостандық пен руханилық сезіміне жетуге мүмкіндік. Шын мәнінде, бір айлық ораза – адамды нәпсісі мен жанын тазартуға және Аллаға жақындауға үйрететін жаттығу. Исламның ұлық пайғамбары хадистерінің бірінде: «Кімде-кім Рамазан айында Аллаға жақындау үшінниетпен ораза ұстап, көзін, құлағын және дене мүшелерін харам нәрселерден алыстатып, өтірік және ғайбат айтудан сақтанса, Алла оны өзіне жақындатады»,- деген. Исламның қасиетті шариғатында «сум» оразаны білдіреді. Ораза оны бұзатын нәрселерден аулақ болу. Ораза ұстаған адам таңның атысынан күн батқанға дейін Алланың әмірін орындау ниетімен ішіп-жеуден және оразаны бұзатын басқа нәрселерден аулақ болуы керек.
Құран Кәрімнің көптеген аяттарында ораза туралы айтылды. Рамазан айында ораза тұту және оның мұсылмандар үшін парыз екені туралы «Бақара» сүресінің 183-ші аятында Алла Тағала: «Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар»,- деді.
Бұл аяттан екі маңызды нәтиже алуға болады. Біріншіден, ораза тек мұсылмандар үшін ғана емес, ол яһудидер мен христиандар және басқа елдер арасында да таралған. Олар қайғы мен тәубеге кезіккенде және Алланың разылығын іздегенде ораза ұстады. Осылайша олар Алланың алдында дәрменсіздігі мен кішіпейілділігін білдіріп, күнәларын мойындайды. «Бақара» сүресінің 183-ші аятынан алатын екінші нәтиже туралы шиіттердің әйгілі тәпсіршісі ғұлама Табатабаи «Әл-Мизан» тәпсірінде баяндады. Ол осы аятта айтылған тақуалық туралы тоқталып және Алла сенушілерге ораза кезінде қуанышты хабар беріп: «Аятта айтылғандай, оразаның пайдасы – тақуалық. Тақуалық - бұл сізге келетін пайда. Кімде-кім тазалық пен асқақтылық әлемімен байланысып, кемелдік пен руханияттың жоғары деңгейіне көтерілуді қаласа, оған бірінші кезекте қызғаныштың алдын алу қажет.
Алла Тағала «Бақара» сүресінің 185-ші аятында де Рамазан айы мен бұл айда қасиетті Құран кітабының түсуіне тоқталып: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді»,- деді.
Құран оқудың және Құранмен танысудың ең жақсы уақыты - Құран түскен қасиетті Рамазан айы. Құран – Алланың соңғы елшісі (с.ғ.с.) кезінде ең жақсы және толық түрде түсірілген ақиқат, бірақ бұл илаһи мейірімнің ашылуы әлі де жалғасуда. Сондықтан Құранды оқу арқылы өзімізді сарқыраған мөлдір бұлаққа жеткізіп, оның дәмін татайық. Хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.): «Шынында да, темір тат басқандай, жүректер күнәмен ластанады. Құран оқу арқылы бұл ластықтарды тазартуға болады»,- деді.
Алламен сырласу мен әлем Жаратушысының алдында дұға жасау адамды илаһи мейірімнің дарбазасына жақындатады. Илаһи мейірімнің есіктері ешкімнің алдында жабылмайтын бұл айда имам Садықтың (ғ.с.) дұғасын ұсынамыз: «Уа, Алла, бұл халықты дұрыс жолға нұсқайтын және шындық пен жалғандықты ажырататын Құран түскен қасиетті ай. Уа, Алла, маған кез-келген жақсылыққа жол ашып, мені саған ұнамайтын істерден аулақ ет. Уа, Алла, сен маған ақыл-кеңес бердің, бірақ мен тыңдамадым. Өзімді қалай ақтаймын. Мен сенен кешірім және өлгенде жұбаныш сұраймын. Уа, кешірілгендер. Уа, Алла, мен сенің қызметшіңнің баласымын, мен дәрменсізбін және сенің сүйіспеншілігіне мұқтажбын және сен өзіңнің құлдарыңа бата мен мұқтаждық жіберетін жалғызсың. Барлығымыз сенің рақымыңды қажет етеміз. Өмірімді ең жақсы өмір және өлімімді ең жақсы өлім ете гөр. Мені достарыңның досы және дұшпандарыңның дұшпаны ет және алдында қарапайым болуға көмектес, сондай-ақ күмән мен үмітсіздікті менен алыстат. Уа, Алла, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулетіне сәлем мен салауатымызды жеткізе гөр, мейрімділердің Мейрімдісі».