Нұр аясында (4)
Қасиетті Рамазан айы - бұл адамдардың өміріне үлкен әсер ететін ерекше мүмкіндік.
Көптеген адамдар бірдеңе жасағысы немесе уақытты жақсы пайдаланғысы келсе, алдын ала жоспар құрады. Бұл өмірдің ерекше мүмкіндіктерін бағалайтындардың тәсілі. Қасиетті Рамазан айы - бұл адамдардың өміріне үлкен әсер ететін ерекше мүмкіндік. Егер алдымызда жоспары болса, сәттерді көбірек пайдаланып, жақсы жетістіктерге жете аламыз.
Құран Кәрім өте қысқа, бірақ мағыналы түрде оразаның ақиқаты мен мақсаты туралы айтты. «Бақара» сүресінің 183-ші аятында: «Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар»,- деп айтылды. Алла Тағала бұл аятты Алланың достары болып табылатын мүміндерге арналған ерекше үндеуімен бастайды. Имам Садық (ғ.с.) бұл илаһи үндеу туралы: «Бұл үндеу ғибадаттың қиындықтарын жояды»,- деді. Алла Тағала бұл қасиетті аятта өткен үмбетте болған оразаның философиясын баяндап, оразаның мақсаты мен ақиқатын тақуалық сатысына жету деп сипаттады. Тақуалықтың дәрежелері болып, адамдар одан тең пайдаланбағандай, тақуалыққа жетудің құралы саналатын оразаның да дәрежелері бар.
Ораза дәрежелерін үшке бөлуге болады. Біріншісі - қарапайым ораза, ол ішіп-жеуден және оразаны бұзатын басқа жаман қасиеттерінен аулақ болу, адам парызын орындаған болып саналады. Оразаның екінші дәрежесі – ерекше ораза, ораза тұтатын адамдар қарапайым ораза дәрежесіндегі тартынулармен бірге көзі, құлағы мен тілін және басқа ағзаларын да күнәдан алыс ұстайды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) ағзалар мен буындар оразасы туралы: «Тілі, көзі, құлағы мен басқа ағзаларын қорғамаған ораза тұтушы қандай қиындықтар әкеледі»,- деді. Оразаның үшінші дәрежесі айтылған бірінші-екінші дәрежеде ескерілген оразаны бұзатын нәрселерден аулақ боулымен бірге жүректі дүниелік қажеттіліктер, адамгершіліксіздік және Алладан басқадан қорғаумен айналысады.
Ораза дұрыс болу үшін бірнеше шараға сәйкес болуы керек: 1.Ислам, 2.Иман (мұсылман емес адамның оразасы дұрыс емес), 3.Ақыл (ес-түссіз немесе мас адамның оразасы дұрыс болмайды), 4.Ес-түссіз болмау, 5.Жолаушы болу (жолға шыққан кезде адам намазын қысқартып оқиды, тіпті мұстахаб оразасы дұрыс емес, алайда назр жасап, күнді белгілеген болса, оны ұстау керек), 6.Етеккірдің болмауы, 7. Оразаның қауіпті болмауы (егер адамның өзі түсінсе немесе дәрігері оразаның оның денсаулығына зиян әкелетіні туралы айтса, ораза тұтуға болмайды), 8. Ораза тұту ниет «оразаның қажеттіліктерінің бірі), 9.оразаны бұзатын жағдайлардан аулақ болу. Сондықтан ораза жоғарыда аталған шарттарға сай адамдар үшін жарамды.
Дұғаның маңыздылығы және Алладан тілеудің маңыздылығын ескере отырып, дұға ету рәсімдеріне тоқталу қажеттілік ерекше маңызға иеленеді. Дұғаның ең маңызды рәсімінің бірі – оны Алланы еске алып, بسم الله الرحمن الرحیم деп басатуы. Қажеттілікті сұраудан бұрын адам Алланың ұлылығын, мейірімі мен рақымын есіне алады. Бұл діннің ұлы адамдарынан және Алланың таза құлдарынан алған сабақ. Берекеге толы бұл айда парыз намаздардан кейін Алланың ұлылығы мен рақымын еске алып, дұға жасаймыз: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Уа, ең жоғары мәртебелі, ең кешірімді, ерекше мейірімді, ұлы Алла Өзіңе ұқсас жоқ және адамдардың сөздерін естіп, істерін көретін. Бұл мәртебесін, абыройын, ізгілігін және қадыр-қасиетін басқа айларға қарағанда көтерген ай. Міне, сен оның оразасын маған парыз еткен ай, бұл Рамазан айы. Бұл айда Құранды адамдарға тура жол сілтеу үшін және тура жолды нақтылау үшін және дұрыс пен жаманды ажырату үшін түсірдің. Бұл айда Қадір түнін белгіледің, бұл түн мың айдан артық. Сонымен, барша саған мұқтаж, бірақ сен ешкімге мұқтаж емессін. Уа, Алла, сен бата берген және тозақ отынан құтқарған құлдарыңның ішінде маған рақым ет. Мәңгілік жәннатқа енгізе гөр, уа, әлемдегі мейірімділердің ең мейірімдісі». («Иә Әлиу, иә Азим» дүғасы).
Исламның ұлық Пайғамбарының (с.ғ.с.) сүйікті қызынан үйренген тағы бір дұға ету әдебі - намазды бастаған кезде әрқашан өзгелерді өзімізден жоғары санау. Бір түні хазірет Фатима (ғ.с.) дұға оқып, ғибадат етумен айналысып, перзенті имам Хасан (ғ.с.) таңға дейін оның ғибадатына куә болды. Ол түні бойы анасының өзгелер мен көршілері үшін дұға еткенін және бірақ өзі үшін де дұға жасамағанын байқады. Имам Хасан (ғ.с.) хазірет Фатимадан (ғ.с.) мұның себебін сұраған кезде: «Алдымен көршілер, содан соң үй»,- деп жауап берді.
Алла елшісінен (с.ғ.с.) бізге дұғаның әдеп-ғұрыпын еске салатын дұға қалджы. Бұл дұға кез келген парыз намаздан кейін оқылады: «Уа, Алла, қабірдегілерге жан тыныштығын бере гөр; Кедейлердің мұқтаждығын жой; Уа, Алла, аштарды тойдырып, жалаңаштарды киіндіріп, қарызға батқандардың берешегін өтеп, қайғыға батқандарды жұбатып, алыста жүргендерді отанына қайтара гөр. Уа, Алла, тұтқындарды босатып, мұсылмандардың ісіндегі кез келген жемқорлықты жойып, науқастарға шипа бере гөр. Уа, Алла, байлығыңнан кедейлермен бөліс. Жабырқаңқы көңіл-күйімізді өзіңдікіндей жадыратшы. Уа, Алла, біздің борышымызды өтеп, жоқшылығымызды баршылық пен тоқшылыққа айналдыра гөр, өйткені сенің қолыңнан бәрі келеді».