Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) - жомарттықтың мәні
Сиюти өз кітабында: «Хасан бен Әлидің (ғ.с.) көптеген адамгершілік және адами қадір-қасиеттерге ие болды. Ол адал, төзімді, қадірлі, табанды, жомарт және халықтың мақтауына ие тұлға болды»,- деп жазды.
Қасиетті Рамазан айының 15 жұлдызы Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) туған күні. Хиджридың үшінші жылы осы күні Мәдинеде илаһи нұрмен жарқырады. Ең жақсы уақытта және ең құрметті жерде, хазірет Заһра (ғ.с.) мен хазірет Әлидің (ғ.с.) үйінде хош иіс гүл дүниеге келді және оның туылуымен сыйлық, қуаныш пен бақыт келді. Алла елшісі нұрлы немересін құшағына алып, Алланың балаға таңдаған есімін айтатын Жебрейілді күтті. Сол кезде Жебрейіл келіп, Жаратушының атынан: «Әлидің (ғ.с.) саған деген мәртебесі Харунның Мұсаға деген дәрежесі сыны болғандықтан, сәбидің есімін Харунның ұлының есіміндей «Хасан» деп қой»,- деді. Балаға аты қойылғаннан кейін Алла елшісі оның шашын алып, оның салмағындай күміспен садақа берді. Пайғамбар (с.ғ.с.) қасиетті қолымен немересі имам Хасанның (ғ.с.) басына әтір жағып, құлағына азан айтты.
Қадірменді ағайын! Өздеріңізді және Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің сүйіспенділері мен жақтастарын имам Хасан Моджтабаның туған күнімен құттықтаймыз!
Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хұсейнді (ғ.с.) жасқы көрген, хазіретің көзі тірісінде барлық адамдар осы екі имамның Алла мен Оның елшісінің (с.ғ.с.) алдындағы тақуалығы және жоғары мәртебесін білді. Алла елшісі (ғ.с.) әрдайым имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хұсейнді (ғ.с.) иығына көтеріп: «Аллаға ант етемін, мен екі адамды (Хасан мен Хұсейнді) жақсы көремін, өйткені Алла сендерді жақсы көрді», - деп айтқан. Кейде, Пайғамбар (с.ғ.с.) мінберде сөйлеген кезде, имам Хасанды (ғ.с.) көрсе сөзін тоқтатып, мінберден түсетін. Содан соң Хасанды (ғ.с.) құшақтап, оған мейірімін көрсететін. Әрдайын немересін үш рет сүйіп: «Уа, Алла! Мен оны жақсы көремін және оны жасқы көрген кез келген адамды жақсы көремін»,- деп қуаттады.
Имам Хасанның (ғ.с.) қадір-қасиеттері туралы шиіттер мен сүнниттердің кітаптарында айтылды. Имам Хасан (ғ.с.) шиіттердің екінші имамы, «Татхир», «Мовадат» және «Мобаһеле» аяттары ол және оның ата-анысы мен бауырына арналып жіберілген. Исламның ұлық пайғамбары сөзнің бірінде: «Уа, Хасан, сенің түрін мен мінезін маған ұқсаған»,- деген. Имам Хасан (ғ.с.) жеті жасына дейін Пайғамбардың (с.ғ.с.) уаһи аяттарын естіп, оларды жаттап, анасы хазірет Фатиа-Заһраға (ғ.с.) оқып беретін.
Күндердің бірінде бір адам мешітке барып, Пайғамбардан «Бурудж» сүресінің «Куәлік берушіге, куәлік берілгенге серт» деп айтылған үшінші аятының тәпсірін сұрады. Сол кезде мешіттің бұрышында отырған кішкентай имам Хасан (ғ.с.): «Бұл аятта куәлік беруші – хазірет Мұхамад (с.ғ.с.) және куәлің берілген – қиямет. Алла Тағаланың «Әй Пайғамбар! Сөз жоқ, сен бір куә әрі қуантушы, ескертуші етіп жібердік» («Ахзаб» сүресінің 45-ші аяты) және қиямет туралы «Ол күн келсе, Алланың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді. Олардың сорлысы да бақыттысы да бар» («Һуд» сүресінің 103-ші аяты) деп айтқанын білмейсізбе?» - деді. Имам Хасан (ғ.с.) жасына қарамастан бұл аятты басқа аяттарды қолданып, тәпсір жасады. Имам Хасан (ғ.с.) Алланның сөзі әрқашан кезкелген сөздің басы мен соңы болатын, әкесі Құранды бірінші болып жинақтаған және аяттарға сай амал еткен және үш күн бойы ораза ұстаған кезде ауызашарын кедейлерге берген үйде тәрбиеленді.
Имам Хасан (ғ.с.) кедейлер мен мұқтаждар, жетімдер мен қорлық көргендерге әкесі Әли (ғ.с.) және оның атасы Алланың Елшісі (с.ғ.с.) сияқты әрекет етті. Ол екі рет бүкіл байлығын Алланың жолында жұмсап, үш рет байлығының жартысын мұқтаждарға берді. Имам Хасан (ғ.с.) ешқашан тіленушінің қолын бос қайтармады және оны үйінен қуып шықпады. Осы жомарттықтары үшін имам Хасан (ғ.с.) «Аһле-бейттің қайырымдысы» деп атанды. Имамнан (ғ.с.): «Қалай ешбір қайыршының қолын бос қайтармайсыз?»- деп сұрағанда: «Мен өзім Алланың алдында тілеушімін және Оның жомарттығына үміттімін, сондықтан өзім тіленуші болып тұрған жағдайда, басқа тіленушінің қолын бос қайтаруға ұяламын. Алла Тағала мені өз нығметтерін маған жібереді және бұл нығметермен адамдармен бөлісуге дағдыландым. Сондықтан егер әдетімді орындамасам, Алла нығметтерін сый етпейді деп қорқамын»,- деп жауап берді.
Сиюти өз кітабында: «Хасан бен Әлидің (ғ.с.) көптеген адамгершілік және адами қадір-қасиеттерге ие болды. Ол адал, төзімді, қадірлі, табанды, жомарт және халықтың мақтауына ие тұлға болды»,- деп жазды. Имам Хасан (ғ.с.) кейде мұқтаждар сұрамас бұрын көмектесетін. Кейде мұқтаждарды өзі тауып, олар үшін дастархан жаятын. Басқа бір кезде олардың қарапайым дастархандарының басына отырып, олармен бірге тамақтанатын. Содан соң оларды үйіне шақырып, түрлі тағамдарға толы дастархан жайып, қонақ етіп, оларға қиым сыйлайтын. Мейірімді имам (ғ.с.) кейде кедейлерге бірден қомақты ақша беріп, таңғалдыратын жағдайға себеп болатын. Имам Хасан (ғ.с.) кедей адамды мұқтажсыз еткісі келіп, оған қажеттіліктерін қамтамасыз етуімен қатар, кәсібі де қамтамасыз етіліп, лайықты өмір сүре алатындай ақша беруге талпынды.
Имам Хасан (ғ.с.) өзінің берекелі өмірінің отыз жылын әкесі хазірет Әлидің (ғ.с.) қасында өмір сүріп, қиыншылықтарда хазіреттің досы және көмекшісі болды. Парасаттылық пен әдептілікте теңдессіз болды. Кейде әкесі күрделі шешімдерді Хасанға тапсырып, перзентінің оларды ақылды түрде шешіп, ең жақсы үкім шығарғанын көрді. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.): «Ойланғандар, қандай жақсы. Ойлау – көреген адамның жүрегі және даналықтың кілті»,- деді. Оның парасыттылығымен бірге оның батылдығын дос пен дұшпан да мойындайды. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) хазірет Әлиден (ғ.с.) - кейінгі ең батыл адам болып саналады. Ол исламды сақтау үшін сан рет өз өмірін құрбан етті және әртүрлі соғыстарға қатысты. Тіпті Аһле әл-Бейттің (ғ.с.) қас қас жауы, Муавие де имам Хасанның (ғ.с.) ерлігін мойындады.
Ғибадат рухы және ғалам Жаратушысымен терең байланысының көрінісі Аһле-Бейттың отбасында болған. Имам Хасан (ғ.с.) әрқашан ерекше рухани күйге ие болған шынайы ғибпдпт жасаушы ретінде сипатталған. Ол анасы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) сынды көп дұға жасап, намаз оқиытн. Хадисшы Құми: «Имам Хасан (ғ.с.) вузу алған кезде, денесі дірілдеп, түсі кететін. Имамнан бұл жағдайының себебін сұраған кезде: «Алланың алдында құлшылық еткісі келетін адам үшін түсі кетуі табиғи жәйт»,- деп жауап берді. Имам Хасан (ғ.с.) мешітке жеткен кезде басын аспанға көтеріп: «Уа, Алла! Алдында тұрған Өзіңнің қонағын. Уа, Мейірімді Алла, күнәһәр пенден келіп тұр. Менің ұнамсыз және лайықсыз істерімді өз мейірімінмен кешіре гөр»,- деп тілейтін.
Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбарының немересі, шиіттердің екінші имамы – имам Хасан Моджтабаның туған күнімен құттықтаймыз!