Ораза айт – илаһи мейрам
Ораза айт құтты болсын! Ораза айт мерекесі және оның қуанышымен бірге құлшылық жолды жалғастыру жоспары барлар қандай бақытты. Олар - Рамазан айындағы тақуалықты және тазартылған жүректерін қорғағысы келетіндер. Олар Ораза айт мейрамын сапардың соңы емес, болмысындағы терең өзгерістің бастауы деп біліп, Рамазан айындағындай Алламен достығын жалғастырады.
Ораза айт - адамның рухани табиғатына оралу мейрамы.
Мұсылмандар Аллаға сүйіспеншілігін білдіріп, бір айды ораза ұстап, дұға жасап және қасиетті Құранды оқып өткізді. Олар Ораза айт күні илаһи сыйға ие болу үшін еріндерін күнәлі сөздерден тыйып, ішіп-жеуден тартынды. Бір айлық ғибадат пен құлшылықтан кейін, бүкіл болмысымызбен илаһи кешірімнің тәттілігін сезініңіз. Айт күні мүміндер қараңғы пілләдан босатылып, жарыққа қарай ұшатын көбелек тәрізді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Уа, Алланың пенделері! Ораза тұтушы ерлер мен әйелдер сендердің ткендегі күнәларын кешіріледі. Қасиетті Рамазан айының соңғы күні періште оларға «Уа, Алланың пенделері! Алла Тағала өткен кезеңнің барлық күнәларын кешірді. Енді қалай өмір сүретіндерін туралы ойланыңдар» деген жолдауды жеткізеді».
Жерде де, аспанда да - мереке. Періштелер мүміндер үшін илаһи сый-сияпаттар әкелді және осы ұлы күні мүміндер Ораза айт намаздарының қатарына жиналып, тәкбір айтып, бірліктерін көрсетті. Тазалық, жақындық пен жанашырлық, бауырмалдық пен достық сезімі барлық ислам елдеріндегі мүміндердің жүректерін байланыстыратын өзен сынды. Шейх Мүфид «Омали» кітабында: «Мүміндер қасиетті Рамазан айының түні мен күніндегі талпыныстарының әсерінен Аллаға жақындап, ерекше көңіл-күйге иеленді. Шауал айының бірінші күні, Айт күнінде ғұсл алу ұсынылды. Бұл күнәлардан тазарудың белгісі, әтір қолдану, әдемі және таза киіну,далаға шығып, аспанның астында намаз оқу – шаттықтың белгісі»,- деп жазды.
Ораза айт мейрамы маңызды исламдық мерекелердің бірі болып табылады және ислам елдерінде ерекше сән-салтанатымен және әсемдігімен атап өтіледі. Бұл күні ораза ұстауға тыйым салынды. Барлық мұсылмандар Ораза айт намазынан басқа белгілі бір рәсімдер мен дәстүрлерді өткізуге талпынады. Тәтті тағамдар мен түрлі кәмпиттер, дәмді сусындар тарату мұсылмандар арасында жағымды ахуал туғызады. Көшелерді безендіру, жаңа киімдер кию, жуыну, балаларға айттық беру, отбасының үлкендерінің үйіне және діни орындарға бару және қабірлерді зиярат ету - мұсылмандардың Ораза айт күндеріндегі әдемі амалдары. Ирак халқы бұл күні имам Хұсейннің (ғ.с.) және басқа пәк имамдардың (ғ.с.) қасиетті қабірлеріне зиярат етеді. Әйелдер жиналып, ұн мен күнжүт және құрма қосып, арнайы тоқаш пісіреді. Олар бір-біріне қонаққа барып, осы тәттіні шаймен жеп-ішеді. Үнді еліндегі мұсылмандар да Ораза айт күні отбасы үлкендерін көруге барады. Ол қонақтарын күтіп, үйін тазартып, тамақ пісіріп күтеді. Олар Ораза айт түсін бірге өткізеді. Бұл күні көшелерде дәстүрлі үнді музыка естіліп, адамдар жаңа киімдерін киеді.
Индонезиялықтар Ораза айт намазынан кейін халал-халал атты рәсім өткізіп, татулықты нығайтады. Бұл қуанышты күні олар бір-бірін кешіріп, реніштерін ұмытады. Айттың алдындағы түні Индонезия мұсылмандары көшеге шығып, «Аллаһу Акбар» деп ұранданып, дабыл соғып, музыка ойнап, бір-бірін құттықтап, Ораза айттың келгенін жариялайды.
Йеменде, Сауд Арабиясының бұл елге қарсы соғысы мен қиратуларға дейін, адамдар Айт намазынан кейін табиғатқа баратын. Олар сондай-ақ Айттан бұрын жаңа киім сатып алып, Ораза айт мейрамын жергілікті түрлі тәттілерді пісіріп тойлады. Сирияда да арнайы тағамдар мен тамақтар пісіру және жақындардың үйіне бару Ораза айт рәсімдері болып табылады.
Малайзияда айттан бірнеше күн бұрын қалалар жарықтандырылып, адамдар жаңа киімдер сатып алады. Айттан бір түн бұрын малайзиялықтар сиыр мен тауық етінен кокос сүтінде дайындалған дәстүрлі тамақты пісіреді. Олар сондай-ақ күрішті құрма жапырақтарына орап пісіретін тамақты дайындайды.
Тунис әйелдері де Ораза айт күні әртүрлі тәттілер пісіріп, қонаққа барған кезде оларды алып барады. Бұл күні бүкіл мұсылмандар Айттың қуанышына бөленуімен бірге мұсылман қоғамының қиындықтарын ұмйтпайды. Олар Палестина, Йемене, Нигерия және үстемшілердің зорлық-зомбылығын көріп отырған мұсылмандар үшін дұға жасайды.
Ислам елдерінде Ораза айт намазы салтанатты өтіп, жүрекке қонымды «Аллаһ Акбар» тәкбірі жаңғырады. Намаз оқитын адамдар таза және әтірленген киімдерімен намаз өтетін жерлерге жиналады. Намаздан бұрын пітір-садақаларын төлейді. Алла Тағала пітір садақаны парыз етіп, қуанышты Ораза айт күні мұсылмандарды мұқтаждарды ұмытпауға шақырады. Кез келген мұсылман Ораза айт күні пітір садақасын төлеп, басқа мұсылман баурымен қуанышымен бөліседі. Пітір садақа төлеушінің рухын тазартады және қоғамдағы экономиканың өркендеуіне себеп болады. Құран Кәрім «Алә» сүресінде пітір садақаны Ораза айт намазына дейін төлеу адамның құтылуына себеп болады деп біліп: «Әлде кім тазарса, ол құтылады. Ол, Раббының атын еске алып, намаз оқыды»,- деді. (14-15-ші аяттары). Ораза зекеті және мұсылмандар төлейтін басқа зекеттер кедейлікті жою және басқа да мақсаттарға жұмсалады, олардың ішінде мұсылмандардың денсаулығы, медициналық және мәдени жағдайын жақсарту, қарыздарын төлеу, мешіт, мектеп, аурухана, жол салу және басқа да қажеттіліктеріне жұмсалады.
Ораза айт мерекесі және оның қуанышымен бірге құлшылық жолды жалғастыру жоспары барлар қандай бақытты. Олар - Рамазан айындағы тақуалықты және тазартылған жүректерін қорғағысы келетіндер. Олар Ораза айт мейрамын сапардың соңы емес, болмысындағы терең өзгерістің бастауы деп біліп, Рамазан айындағындай Алламен достығын жалғастырады. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Абу Хамзе Самали дұғасында Алладан бізді тәубе етушілер қатарына қосуды, қисық жаман жолдан қайтарып, жаман мінез-құлқымызды өзгертуді және біз илаһи мейірімге қарай бет бұоғанк езде. Құшағын ашып бізді қарсы алуды сұраймыз. Рамазан айында мұсылмандар үшін табиғи болатын бұл қайтып оралуды асыға күтіп, маңызды санаймыз»,- деді.