Иранның президенттік сайлауына шолу
(last modified Fri, 25 Jun 2021 14:12:34 GMT )
Маусым 25, 2021 20:12 Asia/Almaty

Аятолла Хаменеи: «Ислам жүйесінде халық - шешім қабылдаушы. Адамдар өздерінің тағдыры мен істерін шынымен басқарады. Бұл шындық».

 

Иран халқы 18 маусымда өзінің сегізінші президентін сайлады. Президенттік сайлаудың жеті үміткері Иран Телерадио бірлестігі, әлеуметтік желілер мен қалалық үгіт арқылы өз бағдарламаларын халыққа таныстырды. 18 маусым күні Иран халқы президенттік сайлауға үміткерлерге дауыс беріп, шамамен 18 миллион дауыспен Сейед Ибрахим Раисиді 4 жылға президент қылып сайлады. Коронавирустың таралуына байланысты дауыс беру санитарлық-гигиеналық ережелерге сай өтті. 

Иранның президенттік сайлауы

Иранның бұл жолғы президенттік сайлауы өткен  кезеңдердегі сайлаулардан өзгеше болды. Сайлауға бірнеше ай қалғанда ИИР-на қарсы үкіметтер, топтар мен адамдар халықты сайлауға қатыстырмау үшін парсы тіліндегі оншақты әлеуметтік желілерде жалған үгіт-насихатын бастады. Әрине, елдердің ішкі істеріне араласу өткен кезеңдерде де байқалғанымен, бұл жолы ИИР-на қарсы ақпарат құралдар әртүрлі насихаттау әдістерімен халықтың дауыс беру құқығымен күресуге кірісті. Олар халықтың сайлауға қатысуының маңыздылығын төмендетіп, жүйенің заңдылығына күмін тудырғысы келді. Иран Ислам революциясының жетекшісі сайлаудан бұрын дұшпанның үгіт-насихаттық шабуылы туралы сөзінде: «Мүмкін, біз әлемнің ешбір жерінде сайлауға дұшпандары осылай шабуылдаған елді таба алмаймыз. Біздің алдымыздағы осы сайлаудан бірнеше айдан бері американдық бұқаралық ақпарат құралдары, британдық бұқаралық ақпарат құралдары және олардың қарамағындағы ақпарат құралдар сайлауға күмән келтіру, халықтың қатысуын маңызды емес көрсету және сайлауды айыптау үшін бүкіл күшін салуда»,- деді.

ИИР-на қарсы ақпарат құралдар сайлауға қатысатындардың саның азайтуға әрекеттенді

ИИР қарсы бұқаралық ақпарат құралдар адамдардың шетелдік санкциялар  мен башылардың кейбір біліксіздігінен туындаған тауардың қымбаттауы, жұмыссыздық, сатып алу қабілеттерінің төмендеуі  сынды проблемаларға наразылық білдіруіне назар аудартып, халықты сайлауды бойкоттауға шақыруға талпынды. Бірақ аятолла Хаменеи бұл сылтаулармен сайлауға қатыспауды дұрыс емес деп атап: «Кейбіреулер сайлауға қатысуымыздың қандай пайдасы бар дейді. Менің ойымша, олардың наразылықтары орынды, бірақ шешімдері орынсыз. Әрине олардың наразылықтары – дұрыс, оларға назар аудару қажет, жаңадан құрылатын үкімет бұл наразылықтарды жұмысының басты мәселелерінің қатарына қоюы керек. Бірақ дауыс беруге қатыспау – мәселені шешпейді. Мәселелерді шешу үшін барлығымыз дауыс беруге қатысып, мәселені шеше алады деп санайтын адамды сайлауымыз қажет»,- деді.

Иранның сайланған президенті Сейед Ибрахим Раиси

Сейед Ибрахим Раисиге дауыс беруге қатысқандардың  62 пайызының дауыс берунің маңызды себебі  - сыбайлас жемқорлық пен кемсітушілікке қарсы күресі, халықтық және революцияшыл болуы. Сейед Ибрахим Раиси 1960 жылы қасиетті Мешхед қаласында дүниеге келді. 1979 жылы Ислам революциясы жеңіске жеткен кезде, ол Құм қаласындағы діни оқу орынының шәкірті болды. Ол 20 жасында сот жүйесіне еніп, еңбегі мен адалдығына байланысты имам Хомейни мен аятолла Хаменеи сынды жүйе басшыларының көзіне түсіп, оған маңызды міндеттер тапсырылды. Раиси 10 жыл Жоғары сот орынбасары және екі жылдан астам уақыт Жоғары сот міндетін атқарды. Оның сыбайлас жемқорлықпен күресетін адам ретінде танымал болуына қысқа уақыт, 27 айдың ішіндегі экономикалық жемқорлықпен күресу және ішкі өндірісті дамыту саласындғы жұмысы болды. Раиси діни ғылымдар саласында иджтихад дәрежесіне жеткен және университеттік білім саласында фикх пен құқық докторы құжатын алған. Халық одан инфляция, жұмыссыздық, экономикалық сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, тауарлардың контрабандасы, экономикалық өсу қарқынының төмендеуі және әсіресе ұлттық өндірістің кедергілері сияқты мәселелерді шешеді деп күтуде. 

ИИР-ның  18 маусым президенттік сайлауы сондай маңызды болып, сол күні өткен қала және ауыл кеңестері сайлауына әсерін тигізді. Бұл сайлауда қала мен ауыл істерімен айналысып, оларды дамытып, абадтауға жұмыс жасайтындар сайланды. Басқаша айтқанда, президент елді басқарып, істерін алға ілгерлететіндей, қала мен ауылдар кеңестері өз тұрғындарына қызмет көрсетуі керек.

18 мауысым, жұма күнгі президент пен қалалар мен ауылдардың ислам кеңестері өкілдерінің сайлауы, сондай-ақ Ислам Кеңесу Мәжілісі мен   діни жетекшісі өкілдерінің сайлауы Иран халқының исламдағы рөлі мен құндылығын көрсетеді.  аятолла Хаменеи: «Ислам жүйесінде халық шешім қабылдаушы болып табылады. Адамдар өздерінің тағдырлары мен істерін шынымен иеленеді және басқарады»,- деді.