Адамдарға және кейінгі ұрпаққа жасалған зұлымдық
(last modified Thu, 01 Jul 2021 11:17:07 GMT )
Шіл 01, 2021 17:17 Asia/Almaty
  •  Адамдарға және  кейінгі ұрпаққа жасалған зұлымдық

1987 жылдың 29 маусымында Сардашт қаласы химиялық бомбалаудың куәсі болды. осыған орай бұл күн «Химиялық және микробтық қаруға қарсы күрес күні» деп аталады.

1987 жылы 28 және 29 маусымда Ирактың бомбалаушы ұшақтары Сардашт қаласы мен оның айналасында жазықсыз әйелдер мен балаларды химиялық бомбалармен нысанаға алды.   

29 маусым - Химиялық және микробтық қаруға қарсы күрес күні 

Химиялық қару -   адамдарды немесе тірі  жәндіктерді нысанаға алатын құралдар немесе заттар.  Бұл заттар тірі дененің кез-келген бөлігіне тікелей тиген жағдайда, адамның денесі инфекцияға немесе әртүрлі ауруларға шалдығады. Бұл заттар қатты, сұйық немесе газ күйінде қолданыла алады. Басқаша айтқанда, химиялық заттар дегеніміз - адамдарға, жануарларға немесе өсімдіктерге қарсы қолданылған кезде, өлімге немесе ағзаларына тұрақты немесе уақытша зақым келтіретін қосылыстар.  

Химиялық және микробтық қаруды қолдану тарихы 1763 жылдан басталады. Ол кезде американдықтар бұл жердің негізгі иелері болған үндістерге қарсы химиялық қару қолданған. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде (1915 ж.) химиялық қаруды неміс әскерлері қолданды, содан кейін басқа елдер де  оны қолданатын болды.  

1915 жылы 22 сәуірде немістер Бельгия шекарасындағы Ипрес аймағында 168000 тонна хлор газын қолданып, 5000-ға жуық ағылшын және француз солдаттарын өлтірді. Бұл күн химиялық соғыстың туған күні деп аталды. Сонымен қатар, немістер 1917 жылы қыша газын алғаш рет қолданған.  Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде барлығы 124200 тонна химиялық заттар қолданылып, кем дегенде 90000 адам қаза тауып, 1000000-ға жуық адам жарақат алды. Бұл химиялық заттар өлім мен жарақатқа себеп болуымен қатар адам ағзасына және болашақ ұрпаққа ұзақ әсер етеді.   

 Ирактың Иранға қарсы химиялық шабуылының салдарынан жүз мыңнан астам ирандық зардап шекті.

1939 жылдан 1945 жылға дейін созылған Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ағылшындар «фитотоксин» затын Малайяда (Оңтүстік-Шығыс Азия) 1951 жылы елдің тәуелсіздік күресушілеріне қарсы қолданды. Америкалықтар Вьетнам соғысында химиялық заттар мен микробтарды да қолданған. Олар Вьетнамның жасырынған жерін шөлге айналдыру үшін аймақтың ормандарына мыңдаған тонна Agent Orange төкті.   Бұл химиялық заттардың көбін американдықтарға немістер берді. Осы диоксин затының әсерінен ондаған жылдар өткеннен кейін де Вьетнамда мүгедек балалар дүниеге келеді. 1979 жылы (бұрынғы) Кеңес армиясы Ауғанстанды басып алу үшін осындай қаруды қолданды.  1983 жылы 8 наурызда Оңтүстік Африкадағы нәсілшіл режим Намибиядағы Свапо күштеріне қарсы улы зат қолданды.

Ирак үкіметі Саддам Хусейн кезінде Иранға қарсы химиялық қаруды кеңінен қолданды. Шамамен 1976 жылдан бастап Ирак режимі кейбір университет оқытушыларын жинау және қажетті қаражатты жұмсау арқылы химиялық, микробтық және радиоактивті қарулар туралы ақпарат жинады және үш бағытта да жетістікке жетті. Саддам Хусейн 1984 жылдан бастап улы табунды кеңінен қолданды, бірақ ол қымбат және оны табу өте қиын  болды. Кейін ол VX газын қолданатын болды. Саддам Хусейн қыша газын да көп қолданды, өйткені оның соқырлық, қатерлі ісік, бедеулік ақаулар сияқты ұзақ мерзімді әсерлері болды.

Ирактың БААС режимі соғыс жылдарында химиялық қаруды Иранға қарсы бірнеше рет қолданды.

Ирак армиясы  соғыста химиялық қаруды алғаш рет  Хузестан облысының оңтүстік аймағында 1980 жылдың 18 қазанында қолданды. Сол жылы Ирак төрт рет химиялық қаруды (қыша газды) қолданды, оның салдарынан 20 адам қаза тапты. Иран Ирактың адамгершілікке жатпайтын әрекетіне наразылық білдірді. Бірақ Ирактың ресми радиосы айыптауларды қабылдамады. Бірақ «Рамазан» және «Хейбар» операциялары кезінде Иракта жасалған химиялық бомбалар артиллерия мен авиацияны қолдау үшін кеңінен қолданылды. Шын мәнінде, ирактықтар химиялық қарумен ирандық жауынгерлердің қорғаныс шебін бұзып қана қоймай, бұл қаруды әскери емес қарапайым халыққа қарсы қолданды. Хоррамшахрдың азат етілуі және ирандықтардың Ирак күштерін жеңуі Ирактың «Вальфаджр-2», «Вальфаджр-4», «Хейбар» және «Бадр» операцияларында химиялық қару қолдануына себеп болды.

Ирактың БААС режимінің басқыншы ұшақтарының Иранның батысындағы Сардашт қаласына жасаған химиялық шабуылында 110 адамды өлді және 5000 адам  жарақат алды. Өкінішке орай, Сардашт қаласындағы бірқатар төзімді адамдар әлі күнге дейін осы бомбалаудың салдарымен және зардаптарымен күресіп, азап шегуде. Жан түршігерлік қылмысқа қарамастан, халықаралық қауымдастық зорлық-зомбылық жалғаспау  үшін ешқандай шара қолданбады және оқиғаны елемеді. 1984 жылы Иранның шағымдарын тексеру үшін БҰҰ Бас хатшысымен тағайындалған сарапшылардың алғашқы есебі жарияланды. Сарапшылардың есебі кейбір аймақтарында Иранға қарсы қыша газы мен жүйке газдың қолданылғанын растады. БҰҰ-ның қызметі өзіне ерекше назар аудартты. Батыстың Иракты айқын қолдауына байланысты Қауіпсіздік Кеңесі тек елдің, атап айтқанда Иран мен Иракты химиялық қаруды қолданбауға шақырды, бірақ БҰҰ әскери қылмыстары үшін Иракты айыптаудан бас тартты, себебі Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі мүшелері Ирактың одақтасы болды. Сегіз жылдық Ирак-Иран соғысы кезінде АҚШ Иракқа шамамен 5 миллиард долларлық экономикалық көмек және көптеген биологиялық қондырғылар берді және Батыстағы өзінің басқа одақтастарын Иракқа миллиардтаған доллар көлемінде әскери көмек көрсетуге шақырды. Ағылшындар Иракқа танктер, зымыран кешендері мен артиллерия жабдықтарын жіберді. Франция ирактықтарға басқарылатын зымырандар мен истребительдер жіберді, ал Батыс Германия Ирак режимін технологиямен қамтамасыз етіп, қыша газын өндіруге көмектесті.  Ирак режиміне көрсетілген көмектер салдарынан Иранда 100000-нан астам адам зардап шекті, олардың көпшілігі әлі күнге дейін химиялық жарақаттардан туындаған асқынулар мен аурулардан қиындықтар көріп, медициналық көмекке мұқтаж. Қазірдің өзінде соғыстан кейін ондаған жылдар  өткенімен ИИР-ның түкпір-түкпірінде химиялық соғыс кезінде құрбан болған 35000 адамның біреуінің шәһид болғаны туралы жаңалық күн сайын естіліп тұрады.

Ирактың Сардашт қаласына химиялық шабуылының салдары