Арафа – тәубе ету үшін алтын мүмкіндік
Алла Тағала мейірімді және кешірімді, Ол рақымын жаратылыстары үшін аямайды. Алайда кейбір уақытта немесе кейбір жерде Алланың жаратылысына деген рақымы арта жіберіледі және күнәләрін кешіру оңайлау болады.
Арафа – тәубе ету үшін алтын мүмкіндік
Мүміннің ерекшеліктерінің бірі – үнемі өзін Аллаға жақындатқысы келуі және әрдайым Алланың ризалығына ие болуға талпынуы. Көптеген рауаяттарда тәубе ету мен дұға жасау туралы ақыл-кеңес берілді. Басқа жағынан дұғаның орындалауының арнайы уақыты мен жері болуы туралы көп айтылды. Алла Тағала мейірімді және кешірімді, Ол рақымын жаратылыстары үшін аямайды. Алайда кейбір уақытта немесе кейбір жерде Алланың жаратылысына деген рақымы арта жіберіледі және күнәләрін кешіру оңайлау болады.
Мұндай уақыттардың бірі – Арафа күні. Алланың мейірімін іздеген және күнәләрі үшін тәубе еткісі келген адам үшін Арафа күні - жақсы мүмкіндік.
Зильхадже айының тоғызыншы жұлдызы - Арафа күні. Арафатта жиналған және бұл жерге бара алмаған адамдар үшін бұл күннің көптеген ізгі қасиеттері бар. Осы себепті мүміндерге бұл қасиетті күнді тиімді пайдалану маңызды. Бұл күннің маңызды және жақсы мүмкіндіктерінің бірі – Алланы тану. Егер кез келген адам өзін таныса, Жаратушысын да таниды. Алла елшісінің рауаяттарынның бірінде: «Өзін таныған кез келген адам, Алланы да таниды»,- деп айтылды.
Арафа күннің тағы бір мүмкіндігі, мүмкін ең маңыздысы – тәубе ету мүмкіндігі. Батылдықпен бұл ешқашан қайталанбайтын мүмкіндік деп айтуға болады. Тәубе – адам қажет ететін ең маңызды нәрсе. Бұл күні Алла көптеген адамдардың тәубесін қабылдап, пенделерінің күәләрін кешіреді. Күнә жасамау ерік-жігер Алланың рақымына бөлейді.
Арафа күні – Алла хазірет Адам мен хазірет Дәуіттің тәубесін қабылдаған күн. Имам Садық (ғ.с.): «Рамазан айында кешірілмеген адам үшін Арафа күні кешірілу ең жақсы мүмкіндік»,- деді.
– Пәк имамдар мен діни көшбасшылардың көбі қуаттаған Арафа күніндегі маңызды мүмкіндіктердің бірі - дұға ету және Алладан көмек сұрау мүмкіндігі. Имам Саджадтың (ғ.с.) айтуы бойынша, бұл күн - илаһи мейірімділіктің есіктері ашық және Алланың адамдарға өзінің сый-сияпатын жайып, барлығына мейірімді болған күн. Сондықтан тәубе мен дұға қабыл болады. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Алла Арафа күніндей құлдарын тозақ отынан еш уақытта құтқара алмайды»,- деді.
Бұл күнгі мүмін адамның ең маңызды міндеті - Алланың қамқорлығына назар аударумен қатар, басқаларға мейірімділік, кешірім және ақиқат сыйлықтарын жеткізіп, олардан үнемі дұға жасап, қажеттіліктерін Алладан тілеуді сұрауы.
Рауаяттардың бірінде мүміннің осы күнгі ең маңызды міндеті - Алланың қамқорлығына назар аударумен қатар, басқаларға мейірімділік, кешірім және ақиқат сыйлықтарын жеткізіп, үнемі дұға етіп, Алладан тілеуін сұрауы екеніне назар аудартылды.
Арафа күні имам Хусейнді (ғ.с.) зиярат ету үшін көптеген ережелер мен ізгіліктер енгізілді. Бұл имам Хусейннің (ғ.с.) қадір-қасиеті мен ұлылығының маңыздылығы мен даңқын көрсетеді. Имам Садық (ғ.с.): «Арафа күні Арафат тұрғындарының алдында Алла Тағала имам Хусейннің (ғ.с.) қабірі зияратшыларының күнәларын кешіреді және олардың мәселелерінде көмектеседі»,- деді. Сонымен, осындай күні Кербалаға келген адам үшін ең жақсы мүмкіндік - Алланың шексіз мейірімінен пайдалануымен бірге имам Хусейннің Арафа күнгі дұғасын оқуға мүмкіндік.
Иә, Арафа күні - Алланың мейірімін пайдалануға мүмкіндік беретін күн, ол адамның басына жылына бір рет қана келеді.
Арафа - имам Хусейннің (ғ.с.) Арафа күнінде Арафат шөлінде оқыған дұғасы. Арафа дұғасының ең әдемі бөлімдерінің бірі - біздің Алладан «Өзінен қорқу қадір-қасиетті сый ете гөр» деп сұраумыз және Жаратушыны әрдайым өзіміздің іс-әрекетіміздің бақылаушысы ретінде көретініміз. Имам Хусейн (ғ.с.) бұл дұғада: «Уа, Алла, маған Өзіннің ұлылығыннан қорқу қадір-қасиетті бере гөр. Өзіңді көргенде, тақуалық пен бақыт бере гөр және ашу-ызаннан құтқар»,- деп тіледі. Алладан қорқуды Жаратушының орыны мен ұлылығы түсінетіндер біледі. Алла Тағала «Фатыр» сүресінің 28-ші аятында: «... Шын мәнінде құлдарынан ғалымдары; Алладан қорқады. Рас Алла өте үстем, аса жарылқаушы»,- деді.