Бірлік аптасы (1): Алла елшісінің туған күні
(last modified Mon, 18 Oct 2021 20:43:49 GMT )
Қаз 19, 2021 02:43 Asia/Almaty
  • Бірлік аптасы (1): Алла елшісінің туған күні

Сүннит мұсылмандар раби ал-аууал айының 12 жұлдызын және шиіт мұсылмандар осы айдың 17 жұлдызын Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) туған күні санайды. Иран Ислам революциясының көсемі имам Хомейни мұсылмандарды жақындастыру үшін раби ул-аууал айының 12-17 күндері аралығын "Бірлік аптасы" деп атады.

Амина  махаббат бесігін тербетіп отыр және  Мұхаммад (с.ғ.с.) бесікте тыныш жатты. Анасы сәбиіне бесік жырын айтып,  өмірінің ең әдемі сәттерін өткізуде. Амина бесіктің ішіне қолын созып, баласын қолына алып, құшағына басып, оны сүйеді. Жоқ, бұл түс емес. Ол күндердің бірінде түсіндегі жұлдыз және арманының қызыл алма болған сәбиді құшақтап отыр.

Әрбір адам кемелдікке және адамгершіліктің жоғары дәрежесіне жету үшін кемел және сенімді үлгіні ажет етеді. Құран аяттары бойынша,   Алла елшісі - ең жақсы және ең жоғары үлгі. Хазіретті үлгі тұту адамды шынайы өмірге жетелейтіні сөзсіз. Сондықтан бұл дүниеде және ақыретте қауіпсіз және сенімді орынға жету үшін, Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі мен адамгершілік әдептерін зерттеп, үлгі алу қажет.

 
Пайғамбар (с.ғ.с.) жақсы үлгі ретінде өмірінің ешбір сәтінде Аллаға құлшылық етуге немқұрайлық білдірмеді. Хазіреттің барлық істерінде Аллаға құлшылық ету басым болды. Әрине аянды қабылдау және құлдырау мен шарықтауға толы пайғамбарлық міндетті атқару жолы, сондай-ақ надан дұшпандарға қарсыласушексіз және құдыретті қолдауға мұқтаж болды. Бұл қолдау ғибадат және Жаратушымен қатынас орнату арқылы мүмкін болды. Исламның ұлық пайғамбарының ғибадатының сапасы туралы: «Хазірет намазға тұрған кезде, Алладан қорыққаныннан түсі кетіп, кеудесінен үрей ұшқан адамның жүрегінің дыбысындай дыбыс естілді»,- деп айтылды. Хазіреттің өмірлік серігінен айтылған басқа рауаятта: «Алла елшісімен (с.ғ.с.) сөйлесіп отырған кезде намаз уақыты басталсымен, ол бізді білмейді  және біз оны білмейтіндей жағтай туатын»,- делінді. Кез келген жағдайда Пайғамбар (с.ғ.с.) Аллаға мойынсұнып, оған бет бұрды. Әлбетте, Аллаға бет бұрған адамды тақуалықтың ең жақсы және жоғары көріністерін көрсетті деп айтуға болады. Алла Тағала «Анғам» сүресінің 162-163-ші аяттарында: «Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де. «Оның серігі жоқ. Осылай бұйырылдым және мен бой ұсынушылардың алғашқысымын» де»,- деді.  

Алла Тағала Пайғамбардың (с.ғ.с.) өзгерту әрекетінің сәтті болуының құпиясын жұмсақтықта, жағымдылықта, мейірімділікте, ымырашылдықта, сондай-ақ қаталдық пен зорлық-зомбылықты пайдаланбаумен байланыстырады. «Әл-Имран» сүресінің 159-шы аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді. Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де іс жөнінде олармен кеңес қыл. Сонда қашан қарар берсең, Аллаға тәукел ет. Негізінен Алла тәуекелшілерді жақсы көреді»,- деп айтылды. Имам Әли (ғ.с.) Пайғамбардың (с.ғ.с.) адамдар арасында бірлік пен жанашырлық мәдениетін қалыптастырудағы стратегиясы туралы: «Қайырымды жандардың жүрегі оған ғашық болды. Барша оған қарады. Алла ол арқылы ежелгі реніштер мен өшпенділіктің жалындарын сөндірді. Ол жүректерді біріктіріп, адамдарды бауыр етті»,- деді.

Исламның ұлық пайғамбары барлық адамдармен қарым-қатынас орнатқан кезде адамдарға құрмет көрсетіп,  ешкімді кемсітпеді немесе мазақтамады. Рауаят бойынша, Пайғамбардың үйіне адам келген кезде, хазірет оны ең жақсы жерге отырғызатын және қонақты отырғызатын кілем болмағанда, оның астында киімін төсеп беретін.

Алла елшісінің (с.ғ.с.) тұрмысы сол кездегі қоғамның орта тобына қарағанда төмен деңгейде болған, сондықтан кейбір рауаяттар бойынша ол Ислам үмбетінің аз қамтылған және кедейлер тобына ұқсас болу үшін тіпті бидай нанын жемеген. Рауаяттардың бірінде имам Садыққа ( ғ.с.): «Әкеңіздің Пайғамбардың (с.ғ.с.) бидай нанын ешқашан тойып жемегені туралы рауаят дұрыс па әлде жоқ па?»- деген сұрақ қойылған кезде, имам: «Жоқ, Пайғамбар ешқашан бидай нанын жеген емес және арпа нанын да  тойып жеген емес»,- деп жауап берді. Пайғамбардың әдеттегі тағамы арпа наны мен құрма болды. Хазірет өз аяқ киімі мен киімін қолмен жамайтын. Хазірет қарапайым болғанымен, кедейлікті жақтамады және мүлік пен байлықты қоғамның игілігі үшін және заңды және лайықты түрде жұмсау үшін қажет деп санады. Абузар Ғафаридің рауаяттарының бірінде: «Алла елшісі (с.ғ.с.) сондай қарапайым кішіпейіл болған, хазірет сахабалардың арасында отырған кезде, бейтаныс адам кірсе, сұрамайынша олардың қайсысының пайғамбар екенін білмеді.

Кішіпейілділік пен қарапайымдылық – адамның ең маңызды әріең жағымды қасиеттерінің бірі. Пайғамбар (с.ғ.с.) өте жоғары лауазымға ие болғанымен, ең кішіпейіл адам болды. Негізінде ол «Хиджр» сүресінің 88-аятындағы Алланың әмірін орындады. Бұл аятта: «...Мұсылмандарға қанатыңды жай»,- деп айтылды.

Басқалармен кеңесу - Құранда баса айтылған маңызды нұсқаулардың бірі. Кеңесудің маңыздылығы соншалықты болып, Алла Тағала «Әл Имран» сүресінің 159-аятында Пайғамбарға (с.ғ.с.): «... оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де іс жөнінде олармен кеңес қыл»,- деді.  Алланың елшісі (с.ғ.с.) өзі кемел ақыл -парасат еді және мұсылмандармен кеңесуді қажет етпеді, бірақ ол кеңесулерден екі мақсатты көздеді. Біріншіден, сахабаларды құрметтеу және екіншіден, баршаға, тіпті ең жақсы ойы мен идеясы бар адамдардың кеңесуді қажет ететіндерін үйретті.

Алла елшісінің (с.ғ.с.) туған күні құтты болсын!

«Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер». («Ахзаб» сүресі, 56-шы аяты).