Бірлік аптасы (3): Ислам пайғамбарының илаһи діндердегі орны
(last modified Wed, 20 Oct 2021 22:02:32 GMT )
Қаз 21, 2021 04:02 Asia/Almaty
  • Бірлік аптасы (3): Ислам пайғамбарының илаһи діндердегі орны

Мұсылман ғұламаларының маңызды дәлелдерінің бірі - алдыңғы пайғамбарлар мен бұрынғы халықтардың таңдаулыларының Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) жоғары мәртебесі туралы куәліктері.

 

 

Мұсылман ғұламаларының маңызды дәлелдерінің бірі - алдыңғы пайғамбарлар мен бұрынғы халықтардың таңдаулыларының Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) жоғары мәртебесі туралы куәліктері. Сейд ибн Тавус Саад әл-Сауд кітабында: «Құдіреті шексіз Жаратушы хазірет Адамға: «Уа, Адам, ұрпағына қара»,- деді. Хазірет Адам ұрпақтарының арасынан нұры көкжиекке таралған және ерекше жарқыраған топты көрді. Хазірет Адам: «Уа, Алла! Олар кімдер?»- деп сұрады. Жаратушы: «Олар сенің ұрпағыннан шыққан пайғамбарлар»,- деді. Хазірет Адам: «Уа, Жаратушы, неліктен пайғамбарлардың соңғының шырағының жарығы бәрінен де жарқын?»- деп сұрағын жалғастырды. Алла Тағала: «Өйткені оның барлық пайғамбарлар мен әулиелерден артық». «Бұл пайғамбар кім, есімі кім»? Жаратушы: «Бұл Мұхаммад – Алланың елшісі. Ол менің сенімді, асыл, құпияларымды сақтаушы, таңдаулы, пәк, дос, ең сүйікті жаратылысым. Ол білім, сабыр, иман, сенімділік, адалдық, қайырымдылық, пәктік, кішіпейілділік, тақуалық, мойынсұнушылық жағынан олардың бәрінен жоғары. Мен  көктегі және жердегі басқа жаратылыстармен оған иман келтірулері және пайғамбарлығын мойындау үшін келісім жасадым. Уа, Адам, оған иман келтір, осылайша менің көз алдымда мәртебен,  жарығын мен абыройын артады»,- деп жауап берді. Хазірет Адам: «Алла мен Оның Пайғамбары Мұхаммадқа (с.ғ.с.) иман келтірдім». Алла: «Мен де   мейірімділігің  және абыройыңды арттырдым. Уа, Адам! Сен бірінші пайғамбарымсын және ұрпағын Мұхамад (с.ғ.с.) – олардың соңғысы»,- деді.

 

Қасиетті Құран аяттарына жасаған шолу өткен кезңдердің барлық халықтары мен пайғамбарларының Алла елшісінің (с.ғ.с.) пайғамьарлығына иман келтіруге міндетті болғандарын көрсетеді. Өйткені Жаратушы бұған қатысты олардың барлығымен келісім егер олар Мұхаммад (с.ғ.с.) дүниеге келген кезде   тірі болса, Ислаға бет бұратындары туралы жасаған және олар мойындаған болатын. Құран «Әл-Имран» сүресінің 81-ші аятында: «Сол уақытта Алла (Т.) пайғамбарлардан: «Сендерге Кітап, хикмет бердім, соңыра жандарыңдағыны растаушы Пайғамбар келсе, әлбетте оған иман келтіріп, әрине оған жәрдем етесіңдер! Мойындап ауыр міндетімді қабыл алдыңдар ма?»,- дегенде, олар: «Қабыл алдық!»,- деген. (Алла): «Ендеше куә болыңдар. Мен де сендермен бірге куә болушыларданмын» деген»,- деп айтылды.

 

Бұл аяттарға сәйкес, Исламның ұлық пайғамбары басқа илаһи пайғамбарлардың арасында белгілі тұлға болған. Осыған байланысты тәпсіршідер тек Пайғамбарға (с.ғ.с.) тиесілі ең маңызды ерекшелікті хазіреттің есімінің басқа діндер кітаптарында жазылғаны деп есептейді. Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) набаватының сипаттары, белгілері мен себептері  Таурат пен Інжілде айтылған.  Құран Кәрім бұл туралы: «Олар, сондай жандарындағы Тәуратта және Інжілде жазулы жіберілген, сауатсыз Пайғамбарға ергендер»,- деді. («Ағраф» сүресі  157-ші аят). Құран басқа бір «Өздеріне кітап бергендеріміз (Мұхаммадты с.ғ.с.) ұлдарын танығандай таниды»,- деді. («Бақара» сүресінің 146-шы аяты).  Бұл аяттар бойынша,  Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) алдыңғы кітаптардағы ерекшеліктері  айқын және түсінікті болды.\

Тарихи рауаяттар хазірет Исаның өзінің ізгі хабарларымен өзінен кейін келетін Пайғамбардың (с.ғ.с.) белгілері туралы айтқанын көрсетеді. Ол өзі Алланың мұғжизасы бола тұра,  Арабстанда соңғы илаһи елшінің келуі туралы үнемі айтып отырды. Сонымен бірге Алла елшісінің (с.ғ.с.) келуінің белгілеріне тоқталды және хазірет Исаның кеудесінде хазіретке (с.ғ.с.) деген сүйіспенділік артты. Хазірет Исаның діні қайда таралса, сол елде оның өзінен кейінгі Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы хабарлары таралды. Неміс психологы Карл Ясперс «Христос» кітабында: «Біз хазрет Иса туралы сенімді түрде білетініміз - оның хабарлары»,- деп жазды. Алланың соңғы пайғамбары (с.ғ.с.) туралы осы хабарлардың кейбірі иудаизм мен христиан діндерінің қасиетті кітаптарында әлі де бар.  Інжілдің 114 тарауының 16-шы бабында: «Мен одан сұраймын, ол сізге басқа қамқоршыны (Ислам пайғамбары) жібереді»,- деп айтылды. Кейбір жағдайларда хазірет Иса өзінен кейін Фарқлиттің (Ислам пайғамбары) келетінін ашық түрде жариялап: «Мен кеткенше ол келмейді. Егер сен мені сүйсеңдер, өсиеттерімді сақтаңдар ... Ол сендерді барлық шындықтармен таныстыратын Алланың пәк рухы»,- деді. Дәл осы хабардың арқасында Ислам пайғамбарының шақыру хаты Хабаше христиан патшасы Наджашиге жеткенде ол: «Құдайға ант етемін, ол кітап иелері күтіп отырған пайғамбардың өзі»,- деді.

Хазірет Мұсаның Тауратында Пайғамбардың (с.ғ.с.) жоғары қасиеттері туралы айтылып, оны Мекке үшін тірек деп атайды. Ескі Өсиетте: «Құдай маған: «Олардың айтқандары жақсы болды; Мен оларға бауырларының арасынан сен сияқты пайғамбар жіберемін. Мен өз сөзімді оның аузына саламын, ол оларға не бұйырсам, соны айтады»,- деп айтылды. Таураттың аяттары Алла елшісі туралы: «артта қалған және түсініксіз халықты дұрыс жолға бағыттап, «Алладан басқа Құдай жоқ» деген таухидтік шақыруымен таныстырмайынша, Алла Тағала оның жанын қабылдамайды. Ол соқыр көзді жарықтандырады және тот басқан және науқас жүректерді жылтыратады, саңырау құлақтарды шындық сөзін естуге дайындайды. Алланың ұлы пайғамбарларының бірі хазірет Ибраһим  Меккеде Кағбаны салғаннан кейін, дұға жасап, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) туралы: «Уа, Жаратушы! Бұл аймаққа осы жерден шыққан және халыққа аяттарыңды оқитын, оларға кітап пен даналықты үйрететін және оларды ластанудан және күнәдан тазартатын пайғамбар жібере гөр»,- деп тіледі.  Кааб Ибн Ғалиб – қасиетті кітапты қабылдаған танымал ғалымдарының және Пайғамбарға (с.ғ.с.) дейінгі хазірет Ибраһимнің монотеистік дінінің ойшылдарының бірі. Ол хазірет Ибраһим пайғамбардың кітаптарынан хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ерекшеліктерін оқып, оған иман келтірді.

«Анис әл-Алам» кітабының авторы Мұхаммад Садеқ Фахр әл-Ислам бастапқыда христиан діни қызметкері болды. Ол христиан дінінің көшбасшыларының бірі болған ұстаздарының бірі Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) шындығын түсініп, ислам дінін қабылдағанынан кейін, хазірет Мұхаммадтың дініне иман келтірудің себебі туралы: «Ұстазым Ватиканда маған христиандық кітаптардың бұрмаланбаған екі кітабын көрсетті, олардың бірі грек тілінде, екіншісі теріде сирия тілінде жазылған. Сириялық кітапта Ислам пайғамбары «Фарқлита», ал грек кітабы оны «Перикатус» деп таныстырады. Екеуі де Ахмад пен Мұхаммад деп  аударылып, Ислам пайғамбарының барлық қасиеттерін мадақталып, оның келуі туралы хазірет Исаның тілінен сүйіншіледі»,- деді.

Фахр әл-Исламның Урумиедегі мүсіні

Шын мәнінде, Мұхаммад пайғамбар (с.ғ.с.) - пайғамбарлардың мөрі, олардың ең жақсысы және ақыретте барлық өткен халықтар өздерінің пайғамбарларымен бірге Ислам туының астында болады және Алла елшісіне (с.ғ.с.) бағынады. Ол кемел тұлғаның үлгісі. Барлық адамдарда өзіндік талант пен кемелдік бар. Адамның Алламен қарым-қатынасы қаншалықты күшті болса, соғұрлым оның қадір-қасиеті мен кемелділігі артады. Өйткені абырой мен кемелдік тек Алланың назарында. Алла елшісі (с.ғ.с.) өзінің ұлы Құран мұғжизасымен адам болмысына сәйкес келетін және әр уақытта оның қажеттіліктерін қамтамасыз ететін тартымды дінді әкелді. Қазіргі кезде үстемшілердің қолында құралға айналған бостандық, адамгершілік, жанашырлық және адам құқықтары сияқты ұғымдар Ислам пайғамбарының күш-жігерімен мағынаға ие болды. Оның жолдауы – адамдар арасында достық, бауырластық пен әділеттілікті орнату. Бұл әдіс мәңгілікке созылады.