Жаратылған әлемнің жарқыраған жұлдызы
Исламдық рауаяттар бойынша, Алла елшісі дүниеге келген түнде әртүрлі тарихи құжаттарда айтылған таңғалдыратын оқиғалар орын алды.
Құнды тарихи кітаптар мен дереккөздерге сәйкес илаһи пайғамбарлардың міндеттерін бастауы және олардың дүниеге келуімен әдетте маңызды және таңырқататын оқиғалар орын алып, олардың келуі туралы хабар береді және халықты пайғамбарларды күтіп алуға дайындайды. Исламдық рауаяттар бойынша, Алла елшісі дүниеге келген түнде әртүрлі тарихи құжаттарда айтылған таңғалдыратын оқиғалар орын алды.
Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) есімі еске алынған кезде, көптеген салауаттар айтылады. Хазіреттің қадір-қасиеттері туралы айталған кезде, жүректер Мұхаммади гүлінің әтірін сезіп, жанданады. Сенің Құраның құтқаратын еі жақын жол және өзін арқылы бізге жеткен мұғжиза.
Уа, ұлық Пайғамбар және ғаламның жарқыраған Жұлдызы!
Көптеген рауаятшылар мен тарихшылар ұлық Пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күні раби әл-әууал айында деп санайды, бірақ айдың нақыт қай жұлдызында екені туралы әртүрлі пікір айтылады. Шиіт рауаятшылары хазірет Піл жылы раби әл-әууал айының 17-сі күні таң атқаннан кейін дүниеге келді деп санайды. Ал сүннит мұсылмандар хазіреттің туған күнін аталмыш айдың 12-ші жұлдызы деп біледі. Имам Хомейни бұл алты күндік аралықты «Бірлік аптасы» деп атады, ал Ислам мазхабтарын жақындату Дүниежүзілік ассамблеясы жыл сайын Иранда «Бірлік аптасында» Ислам бірлігі жөніндегі халықаралық конференцияны өткізеді. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар бір-бірін осы айтулы күнмен құттықтап, Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) мейірімділігін, сабырлылығы мен адамгершілігін еске алу арқылы жүрек байланыстарын нығайтады.
Пайғамбардың әкесі Абдулмутталибтің ұлы Абдолла мен анасы Уахабтың қызы Әмина, екеуі де үлкен құрайыш тайпасынан болды. Құрайыштар ақсақалдары Меккедегі беделді адамдар болды және олардың көпшілігі саудамен айналысты. Пайғамбардың (с.ғ.с.) әкесі Абдолла ұлы дүниеге келер алдында керуенмен Шамға барды және қайтып келе жатқан кезде аурудан қайтыс болды. Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) анасы Әмина - Уахаб бен Абдіманафтың қызы. Бұл ханым тазалық пен тақуалық тұрғысынан барлық құрайыш әйелдердің арасында ерекше және жоғары болды. Ол Мұхаммад (с.ғ.с.) дүниеге келгеннен кейін екі жыл төрт ай өмір сүрді және басқа бір рауаят бойынша алты жыл бойы өмір сүрді. Ол жалғыз ұлы Мұхаммадпен (с.ғ.с.) және оның қызметшісімен бірге туыстарына Мединаға барып, сапардан қайтып келе жатып, Абуа деген жерде қайтыс болды. Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) әкесі Абдолла баласы дүниеге келерден екі ай (және рауаят бойынша жеті ай) бұрын қайтыс болғаннан кейін, атасы Абдулмуталиб қамқорлық жасады. Әуелі оны емізіп, бағып-қағу үшін Сувайбеге тапсырды. Бірақ біраз уақыттан кейін оны Абдолла бен Харис Саадиеның қызы Халимаға тапсырды. Халима хазіреттің сүт анасы болуымен бірге, бес жыл бойы ол үшін анасы болды.
Құнды тарихи кітаптар мен дереккөздер бойынша, илаһи пайғамбарлар дүниеге келген кезде маңызды және ғажайып оқиғалар орын алады. Пайғамбар (с.ғ.с.) туылған түні шайтан серіктерінен көмек сұрады. Олар жиналған кезде: «Уа, басшымыз, не нәрсе сені алаңдатты және қорқытты?»- деді. Ібліс: «Түннің басынан осы уақытқа дейін мен аспан мен жердің жағдайының өзгергенін көремін. Әрине, жер бетінде хазірет Мәриямның ұлы Иса туылғаннан бері көрмеген жаңа және үлкен оқиға орын алды. Біз енді аспанның ақиқатын біле алмаймыз, өйткені Мұхаммад (с.ғ.с.) дүниеге келді»,- деді. Рауаяттар бойынша, Исламның ұлық пайғамбары дүниеге келген түні Хиджаздан жарық көтеріліп, шығысқа қарай бет алып, сол түннің ертеңіне әр патшаның тағын құлатып, сиқырдықты жойып, әрбір діни қызметкерге өзінің зұлым серігімен байланысуға тыйым салынды. Сонымен қатар, мың жыл бойы өшпеген Парсы отқа табынушылардың оты сөнді.
Бұл туралы қасиетті хадисте (Пайғамбарымдың Алладан келтірген хадисі) былай деп айтылған: «Алла Тағала Пайғамбарға (с.ғ.с.): «Уа, Ахмад! Сен болмағанда, бұл әлем болмайтын еді»,- деген». Бұд қасиетті хадисте Алла елшісі жаратылған әлемнің мақсаты атанды. Хазірет әлемнің жаратылу мақсатын толықтырып, кемеоіне жеткізетін адам. Ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл дүниеде осындай кемелдікке жетуі және мүмкіндіктерін іске асыруы үшін бүкіл әлем, барлық адамдар - мүміндер болсын, кәпірлер болсын, хазіреттің достары мен дұшпандары - жаратылуы керек.
Алла Тағала Исламның ұлық пайғамбарын сипаттап, «Әнбия» сүресінің 170-ші аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік»,- деді. Бұл аяттан хазіреттің барлық илаһи мейірімділіктің көрінісі екендігі көрінеді. Ол адамдарға ғана емес, жындарға, тіпті басқа илаһи жаратылыстарға да мейірім. Оның мейірімі жалпы бүкіл әлемді, әсіресе, адам мен жынның дүние мен ақыретте сенушілеріне арналған. Аятолла Хаменеи Пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күніне орай сөйлеген сөзінде Ислам пайғамбарының тіршілігінін барлық адамзаттың тағдырына қызығушылық танытатынын анықтап: «Құранда Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы көптеген аят бар. Олардың бірі - «Тәубе» сүресіндегі 128-ші аят: «Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған, қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді».
Жер адам баласы ұйқысының бесігі болды
Уақыт бала сынды мазасыз еді
Надандар Алланы ұмытып
Әлем алаңдаушылық пен қорқыныштың құшағында болды
Көшеде дауыс пен дыбыстар естілмеді
Алаңдататын үнсіздік даланы жайлады
Күдік пен есеңгіреуден басқа еш нәрсе байқалмады
Сенім шайтанның алқабындағы жалғыз елес болды
Адам армандаған түні
Алда тұрған қақтығыстарға қарамастан жерге қонақ келді
Әлем оның атымен түрлі түс пен дыбысқа толды
Әлемнің соңғы Пайғабары Мұхаммад (с.ғ.с.) келді.