Он бірінші Күннің жарығы
Әлемнің барша мұсылмандарын имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!
Иракқа сапар шегіп, Каземаин, Самера, Наджаф және Кербала қалаларында Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) әулетіне зиярат жасамағандар жоқ болар. Бұл жерде қалай өмір сүруді үйренген тұлғаларға зиярат етуге болады. Олар күннің көзі сынды халықтарға жылу мен өмірді сый еткен. Самера – Ирактың төрт қасиетті қалаларының бірі. Бұл қала Бағдадтан солтүстікке қарай 124 км жерде, Тигр өзенінің шығысында орналасқан. Хиджри-қамаридің 221 жылы Харун Рашидтың ұлы Мұхаммад әл-Мотасам халифаттың астанасын Бағдадтан Самераға көшірді. Астана қайтадан Бағдадқа көшірілген 256 жылға дейін бұл қалада сегіз Аббасид халифасы билік жүргізді. Самера астана болған отыз жылда қатты дамыды, қалада көптеген сарайлар, храмдар мен мешіттер салынды. Бүгінде Самера қаласы шиіт әлемінің екі басшысы имам Хади (ғ.с.) мен имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) қасиетті кесенелерінің орналасуына байланысты шиіт әлемін өзіне тартады. Бүгінгі қаланың орталығындағы бұл бейіт екі имамның өмір сүрген кезінде олардың үйлері болған, олар шәһид болғаннан кейін олардың қасиетті жерлеу орнына айналған. Имам Реза (ғ.с.): «Әрбір имамның достары мен ізбасарларының уәдесі бар және бұл келісімді орындау олардың қабірлерін зиярат ету арқылы мүмкін болады. Ал кімде-кім ынтамен қабірлеріне оларды зиярат етуге барса және имамдардың (ғ.с.) қасиетін мойындаса, қиямет күні имамдар бұл адам үшін шапағатшы болады»,- деген болатын. Бүгін, Самераның мырзасы имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) туған күнінде көптеген зияратшылар хазіреттің қасиетті кесенесіне жиналып, әлем Жаратушысынан ішкі дерттері мен уайым-қайғыларын жойып, денсаулық пен рухтығын пәктігін сұрайды. Зияратшыны тыныштандыру, жігерлендіру және ішкі жан дүниесін кірден тазарту – зиярат пен тавасулдың ерекшеліктерінен.
Хиджри-қамари күнтізбесінің 232 жылы раби ас-сани айының сегізінші жұлдызында Мәдинада имам Хасан Аскари (ғ.с.) дүниеге келді. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) 6 жылдай мұсылмандарды басқарған имам Хадидің (ғ.с.) ұлы. Ол 28 жасында Аббасидтер залым халифасының қолынан шәһид болғанымен, Ислам ілімін таратуда үлкен рөл атқарды. Ол қиын жағдайда болса да, тиімді және иманды адамдарды ұйымдастыруымен Ислам сенімі мен ойының шекарасын қорғай алды. Әли ибн Джафар: «Самерада имам өзін үкіметке таныстырғысы келгенде, біз онымен кездесу үшін күтіп тұратын едік»,- деді. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) мәдени жұмыстарымен бірге Аббасидтер саясаттарын әшкерелеумен де айналысты. Имам халықты хабардар етіп, зорлық-зомбылық пен әділетсіздік болған кезде, Алланың шариғатының орындалмайтынын, бұзақылық пен бүліну белең алып, залым биліктің халық құқықтарын бұзатынын ескертті.
Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) саяси және мәдени қызметі Самера қаласында азды-көпті жалғасты. Бұл мәселе Аббаси халифаларының имамды тұтқындауына себеп болды. Аббасидтер басшыларының ішінде – Мотамед – имамға (ғ.с.) басқаларынан көп қорлық көрсеткен. Ол қамауда имам Хасан Аскариді (ғ.с.) бақылау үшін ең нашар және ең қатыгез қызметшілерін жіберді. Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) сипаттарында тартымды әрі нұрлы рухани ұлылығы мен келбеті болғаны айтылады. Имамды көргендердің бәрі тамсанып, құрметтеп, мақтайтын. Әли ибн Уташ Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) әулетіне дұшпандығымен танымал қатыгез адам болған. Осы себепті Мотамед имам Хасан Аскариге (ғ.с.) азап көрсету үшін Әли ибн Уташты тұтқынға жіберіп, оған барынша қатал болуды бұйырды. Ол бұйрықты орындады. Бірақ имамның амалы бұл тас жүрек адамға қатты әсер етті. Имам күндердің көбін ораза тұтып, түнді ғибадатпен өткізетін. Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) мейірімділігі мен жомарттығы Әли ибн Уташқа қатты әсер етіп, оны жасаған әрекетіне өкіндірді. Ол сондай өзгеріп, имамды (ғ.с.) құрметтеп, тіпті бетіне қарауға ұялды. Уташ имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) қасынан кеткен кезде, Пайғамбар әулеті туралы терең білім мен түсінікке ие болды және имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) достарының қатарына қосылды. Халықтың жүрегін билеу, халық арасында терең рухани ықпалға ие болу - Ислам Пайғамбарының (с.ғ.с.) Әһле Бәйтінің ең басты ерекшеліктерінің бірі. Имамның дұшпандары оған дұшпандық танытқанымен, имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) қасиеттерін мойындады. Үкіметтің уәзірлерінің бірі былай деген: «Самерада Хасан бен Әли (ғ.с.) сынды адамды көрмедім. Абырой мен пәктікте, үлкендікте ол кісідей адамды халық арасынан таппадым. Жас болса да, Хашем әулеті оны үлкендерден жоғары санады. Оның дәрежесі сондай жоғары болып, досы да, дұшпаны да мадақтады».
Имам Аскари (ғ.с.)-ның ең үлкен міндеттерінің бірі перзентін имам ретінде таныстырып, халықты оның ғайып кезіне дайындау болды. Имам Аскари (ғ.с.) осы маңызды рөлді атқару үшін Әһле Бәйт (ғ.с.) жақтастарына хазірет имам Мәһдидің (ғ.с.) имамдығы мен ғайып болуын түсіндіре отырып, әртүрлі әдістерге жүгінді. Аббасидің залым билеушілері шиіттердің Имамды (ғ.с.) күтуін жақсы білген. Аббаси билеушілері уәде етілген хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуінен қорқып, оған және оның серіктеріне көбірек қысым көрсетіп, қатты қудалады. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) өзінің серіктерінің бірі Ахмад ибн Исхаққа: «Алла Тағала адамды жаратқаннан қиямет күніне дейін жер бетін ешбір дәлелсіз бос қалдырған емес. Алла Тағала жер бетіндегі өкіліне байланысты жер бетіндегі адамдардан пәлекеттерді қайтарып, жаңбыр жаудырып, жердің жүрегінде жасырылған нығметтерді әшкереледі»,- деді. Содан соң ол сол кезде үш жаста болған ұлын Ахмад ибн Исхаққа көрсетіп: «Ол Алла Елшісімен аттас, лақап аты да ұқсас. Ол жер бетін әділдікке толтырады",- деді.
Пайғамбардың әулеті - Құран мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) асыл тұлғасынан кейінгі мұсылмандардың ең үлкен рухани байлықтарының бірі. Құран Кәрімде және Пайғамбардың сүннетінде оларға құрмет көрсету мұсылмандардың оларға деген ықыласы мен құрметін арттыра түседі. Пайғамбарымыздың пәк әулетіне деген сүйіспеншілік, өйткені ол мұсылмандардың жүрегіндегі бұлақ сынды сарқырап, олардың жан дүниесін сергітеді. Пайғамбардың әулеті шариғат пен мазхабты сақтауда ғана емес, саяси-қоғамдық қызметте де әрқашан алдыңғы қатарда болды. Бұл илаһи тұлғалар берекелі өмірлері бойында ахлақтың сұлулықтарын таратып, шындық пен әділеттілікті қорғады.
Әлемнің барша мұсылмандарын имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!