Палестина халқымен халықаралық ынтымақ күні
(last modified Mon, 29 Nov 2021 10:57:07 GMT )
Қар 29, 2021 16:57 Asia/Almaty
  • Палестина халқымен халықаралық ынтымақ күні

1977 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы көпшілік дауыспен жыл сайын 29 қарашаны «Палестина халқымен ынтымақ күні» ретінде атап өтуге қаулы қабылдады және мүше мемлекеттерді бұл күнді күнтізбелеріне енгізуге және атап өтуге шақырды.

 

БҰҰ-ның бұл шешімінің мақсаты Палестина қоғамының мәселелеріне жаһандық назар аудару болып көрінгенімен, қолда бар құжаттар мен деректер бұл халықаралық ұйымның Палестина халқына қолдау көрсетпен түгіл, кейбір еуропалық елдер мен АҚШ-тың сионистік режимге қолдау көрсетуімен әрқашан езілген Палестина халқының құқықтарының елеусіз қалғанын көрсетеді.

Палестина халқымен ынтымақ күні

 

1947 жылы осы күні БҰҰ Бас ассамблеясы Палестинаны бөлу туралы қарар қабылдады. Бұл қарарға сәйкес Палестина жері еврей және палестиналық екі мемлекетке бөлініп, Палестина жерінің 55 пайызы сионистік режимге тиесілі болды. 181-ші қарар деп аталған бұл қарардың қабылдануымен Палестинаның проблемалары басталды. Қарар қатыгез түрде Палестина қауымын үш бөлікке бөліп, Палестинаның тарихи қоғамының бір бөлігі мен ата-бабаларының  жерлерінің бір бөлігін елемей, сионистерге тапсырды. 30 жылдан кейін 1977 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы аталмыш қарардың жылдығы күні, яғни 29 қарашаны жыл сайын «Палестина халқымен халықаралық ынтымақ күні» деп атады.

БҰҰ-ның бұл шешімінің негізгі мақсаты  Палестина қоғамының ауыр жағдайына назар аудару болғанымен, қазір, «Палестина халқымен ынтымақ күні» қабылданғаннан 44 жыл өткен уақытта дүниежүзінің көкейінде үнемі жүрген сұрақ «БҰҰ сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарына қандай шара қолданды?» деген сұрақ болып келеді. Бұл сұрақтың жауабын Палестина халқының өкінішті жағдайнан және Израильдің езілген халыққа қарсы қысымы мен басып алуының жалғасуынан табуға болады.

70 жылдан астам уақытқа созылған басқыншылық пен зорлық-зомбылық «Палестина халқымен ынтымақ күні» деп аталатын күнді белгілеу арқылы ғана бұл халыққа қарсы зорлық-хомбылықтың жойылмайтынын көрсетеді. Сионистік режим жылдар бойы БҰҰ Жарғысының көптеген міндеттемелерін бұзып, 5 миллионнан астам палестиналықтардың босқынға айналуына жауапты.

Сионистік режим 5 миллионнан астам палестиналықтың босқынға айналуына жауапты .

БҰҰ-ның 181-ші қарарына дейін Палестина халқы бүкіл Палестинаның 27 000 шаршы шақырым жерінде өмір сүріп, оның негізгі иесі болды. Бірақ сионистер  қарардың бекітілуінен  кейін күш қолданып, қырғын мен қорқыту және бірнеше соғысымен   жерді басып алып, Палестина қоғамын босқынға айналдырды. Шын мәнінде, соңғы ғасырлардың ең үлкен апаты Палестинада орын алды. Бұл апаттың салдарынан халықтың жері де, үйі мен шаруашылығы да, дүние-мүлкі де, киелілігі де, болмысы да тәркіленді.

Газаны рақымсыз қоршауға алу және жазықсыз адамдардың жазалануы Палестина халқына қарсы зорлық-зомбылықтың  және барлық халықаралық заңдар мен нормалардың бұзылуының айқын мысалы болып табылады. Басып алынған Палестина жерлерінде халықаралық құқықтың бұзылуына қарсы шара қолданбау  Израиль режимінің езілген Палестина халқына, әсіресе балаларға қарсы қатыгез қылмыстарын күшейтуіне әкелді. Тіпті 1989 жылғы «Бала құқықтары туралы конвенцияның» қабылдануы  да   жалған сионистік режимнің геноцидтік саясатына сәйкес қорғансыз балаларды қыруын тоқтата алмады.

Палестина жерін заңсыз басып алғаннан кейінгі жылдар ішінде  жазықсыз палестиналықтарды, соның ішінде қорғансыз балалар мен әйелдерді қырып-жою БҰҰ-ның басып алушы сионистік режимді айыптау үшін ешқашан маңызды шара қолданбауынын нәтижесі. 1967 жылдан бері 18 жасқа толмаған 50 мыңнан астам палестиналық балалар мен жасөспірім тұтқындалып, жүздеген балалар мен жасөспірімдер әлі күнге дейін Израильдің қорқынышты түрмелерінде ұсталуда. Батыс адам құқықтары жөніндегі құжаттары ешқашан қысым көрген палестиналық балалардың құқықтарына кепілдік бермеді. Өйткені кемсітушілікке жол бермеу қағидасы бұзылып, екіжүзді стандартқа айналды.  

Сионистік режим 1946-2013 жылдар аралығында Палестина жерлерінің көбін басып алды

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи құдс халықаралық күніне айланысты сөйлеген сөзінің бірінде: «Бүгінгі таңда әлемнің түпкір-түпкірінде коронавирус   салдарынан көз жұмған адамдардың саны тіркелуде.  Ал АҚШ пен Еуропа соғыс  бастаған елдердегі жүз мыңдаған шәһидтердің, тұтқындардың, хабар-ошарсыз кеткендердің саның кім санайды? Ауғанстанда, Йеменде, Ливияда, Иракта, Сирияда және басқа да елдердегі осыншама қантөгіске кім жауапты? Палестинадағы осынау қылмыстың, басқыншылықтың, қирату мен зорлық-зомбылықтың барлығына кім жауапты? Ислам әлеміндегі миллиондаған езілген балаларды, еркектер мен әйелдерді неге ешкім санамады? Неге мұсылмандардың қырылып-жойылуына ешкім көңіл айтпайды? Неліктен миллиондаған палестиналық жетпіс жыл бойы қуғында болуы керек? Мұсылмандардың алғашқы құбыласы -қасиетті Құдс неге қорлық көруі керек? Ұлттар ұйымы саналатын ұйым жұмысын атқармайды және адам құқықтарын қорғау институттары өлді. «Балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау» ұраны Йемен мен Палестинаның қысым көрген балалары мен әйелдері құқытарын қорғамайды. Батыс үкіметтері мен оларға тәуелділердің жағдайы осындай. Оларға бағынатын аймақтағы кейбір үкіметтердің жағдайы абыройсыздық тұрғысынан одан да нашар»,- деді.

Осы кезде «Палестина халқымен халықаралық ынтымақ» күнінің қабылданғанына 44 жыл өтті, бірақ БҰҰ сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстары алдында көбінде үнсіз қалып, Палестина қарсы зорлық-зомбылықтың екі есе артуына себеп болды.

Сионистік режимнің жылдар бойы Палестина халқына қарсы басып алуы мен қылмыстары жалғасып отырған жағдайда «Палестина халқымен халықаралық ынтымақ» күнін бекіту және  БҰҰ-ның   Палестина халқының құқықтарының бұзылуы мен миллиондаған палестиналықтардың өз жерінен көшіп кетуіне үнсіз  қалуы саяси екіжүзділіктің белгісі. Осы тұрғыдан алғанда, БҰҰ «Палестина халқымен ынтымақ» күнін жариялауы шын мәнінде іс жүзінде орындалмаған ұран екенін айту керек.

Палестина ісін қолдаудың екі маңызды аспектісі бар. Біріншіден,  БҰҰ-ның әлсіз әрекеттерінің нәтижесі зорлық-зомбылық пен басқыншылықтын  жалғастыру болып табылады. Екіншіден, қолдау көрсету мақсатпен Палестина халқымен шынайы ынтымақтастық ету. Осындай жағдайда Палестина халқы өз құқықтарын шынайы қорғау үшін қарсыласу жолына түсті.

ИИР-ның пікірінше, зорлық-зомбылықты тоқтату, халықтардың құқықтары  мен діни және мәдени құндылықтарын құрметтеу, сондай-ақ  халықтарға өз тағдырын шешуге мүмкіндік беру арқылы ғана әлемде әділет пен бейбітшілік орнату мүмкін болады.  Халықаралық қауымдастық БҰҰ-нан барлық халықтардың құқықтарын бірдей құрметтеуін күтеді. Қайтып оралу және өз тағдырын өзі шешу құқығы және тәуелсіз Палестина мемлекетін құру құқығы халықаралық құқық жарғысы аясындағы Палестина халқының құқықтарының маңызды тақырыптары болып табылады.