"Кәусәр" сүресі
(last modified Sun, 19 Dec 2021 14:26:21 GMT )
Жел 19, 2021 20:26 Asia/Almaty

Джамади ул-аууал айының 13 күнінен джамади ас-сани айының 3 күні аралығында Исламның ұлық пайғамбарының қызы хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) аза тұту күндері өтуде.

Исламның ұлық пайғамбары мен хазірет Хадиджаның отбасында Абдолла деген ер бала дүниеге келеді, бірақ біраздан кейін бұл бала қайтыс болды. Күндердің бірінде мүшіріктер басшыларының бірі Аос бен Ваел әл-Харам мешітінен шығып бара жатқан Пайғамбарды (с.ғ.с.) көріп, сөйлеседі. Олардың сөйлесіп тұрғанын көрген Құрайыш басшылары Аос бен Ваел мешітке енісімен одан: "Кіммен сөйлестің?"- деп сұрайды. Ол: "Абтармен (ұрпақсыз қалатын адамға айтылады)",- деп жауап береді.

Алла Тағала өз Пайғамбарын (с.ғ.с.) қолдап, "Кәусар" сүресін жіберіп: "(Мұхаммад с.ғ.с.) Шын мәнінде саған кәусәрді бердік. Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал. Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады",- деді.

Құран тәпсіршілері "Кәусәрді" жақсылық пен мол береке деп түсіндіріп: "Оның мағынасы Пайғамбар  ұрпағының көптігін, яғни хазірет ұрпағының Фатиманың (ғ.с.)  перзенттері арқылы таралып, олардың саны тіпті санауға келмейтіндей мөлшерге жетіп, бұл үдерістің қиямет күніне дейін жалғасатынын білдіреді. Шиіттердің әйгілі ғұламаларының көбі хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қасиетті болмысын "Кәусәрдің" айқын белгісі деп санайды. Имам Садық (ғ.с.): "Алла Тағала уәжіп және мұстахаб намаздарында "Кәусәр" сүресін оқитын әр адамның шөлін қиямет күні Кәусәр хауызының суымен қандырады",- деген болатын.