Ауғанстандағы салафизмның тамыры (5)
(last modified Mon, 20 Dec 2021 13:35:02 GMT )
Жел 20, 2021 19:35 Asia/Almaty
  • Ауғанстандағы салафизмның тамыры (5)

Үгіт насихатшылар өздерінің радикалды идеологиясын астыртын әдіспен және жасырын түрде діндарлардың санасына құйып, осы арқылы ваххабизм мен салафизмді таратумен айналысты.

2001 жылы 11 қыркүйек АҚШ пен оның одақтастарының әл-Каида мен Талибанға қарсы кең ауқымды соғыс жариялауына әкелген оқиға болды, бұл ақыр соңында сол кездегі Ауғанстандағы Талибан үкіметінің күйреуіне әкелді. Осы өзгеріспен Ауғанстан Жаңа дәуір деп аталған жаңа кезеңге аяқ басты. Жаңа дәуір басшылығы алғашқы кезде ағымдық, ұлтаралық және конфессияаралық шиеленістерді жеңілдетіп, бірлік пен жақындасудың басын нығайтуды көздегеінмен, бұл кезең Батыста көбірек үлгіленген құндылықтарға негізделді.

Бірақ уақыт өте келе бұл ел билеушілерінің қаржылық және әкімшілік сыбайлас жемқорлығы, ауған әдет-ғұрпы мен мәдениетіне сәйкес келмейтін батыстық демократияның таңылуы, мәдени және экономикалық кедейлік, аймақ пен аймақтан тыс үкіметтердің араласуы, бомбалау және шетелдік күштердің шабуылдары, әскери емес қарапайым халықты өлтіру және Ауғанстан билігінің тұрақсыздығы  мен екіұштылығы елдің жаңа қиындықтарға тіреді. Діни экстремизм – экстремистік топтар түрінде білініп, өз идеяларын радикалды насихаттайтын қатерлердің бірі. Жаңа дәуірдегі ваххабизмге жатқызылатын кейбір экстремистік топтарға Әл-Каида, Хаккани желісі, ДАИШ және әсіресе Ауғанстанның шығысындағы діни мектептер жатады. «Жиһади-тәкфиршіл» топтарға идеологиялық тамыры ұқсас, ұстанымы мен әдісі ортақ әл-Каида, Хаккани желісі және ДАИШ кіреді. Мысалы, олар мәдени мұраларды бұзады, шиіттерге қарсы, басшысын әмір немесе халифа деп атайды, оларға қарсы жала жабуды діннен шығу деп санайды, сондай-ақ олар өздерін Исламның дұрыс ұстанымын қорғайтын Алла тарапынан лайықты топ деп есептейді. Ауғанстандағы бұл топтардың ерекшеліктерінің бірі - бүкіл әлемде, оның ішінде Ирак, Сирия және Хорасанда шариғат заңдарын орындауды талап етулері. Ирак пен Сирияда ДАИШ-тың күшеюімен бұл топтың Хорасан бөлімшесі де Ауғанстандағы орналасуын жариялап, Талибан билікке келгенге дейін елдегі шиіттерге қарсы көптеген шабуылдар жасады.

 

Ауғанстандағы Хақани арнасы

«Үгіт-насихат» топтарына «Өзгеріс қоғамы», діни оқу орындары, Сауд Арабиясында және т.б. жерде білім алған ғалымдар кіреді. «Үгіт-насихатшылар» бірінші топқа қарағанда байсалдырақ, өйткені бірінші топ айқын бағыт ұстанып, Ауғанстан үкіметімен іс жүзінде соғысқан.  Ауғанстан үкіметінің бұл елдегі ДАИШ-ке қарсы тұруы мен соғысына қатысты үлкен күмән бар, әсіресе Ирак пен Сирияда ДАИШ жеңіліп, бұл топ Ауғанстанда белсендірілгеннен кейін Ашраф Ғани үкіметінің ДАИШ-ты қолдайтыны туралы жаңалықтар жарияланады. ДАИШ Ауғанстанда құдыретке қол жеткізуді жалғастыра бергенде, Ауғанстан үкіметі ДАИШ-ті қолдау үшін Талибан бекіністерін бомбалады немесе ДАИШ-тің елдегі тамырын ныайтуға талпынды деп айыпталды. Сарапшылар мен «Талибан» өкілдері БАҚ-қа, әсіресе Тегеран пушту радиосына берген сұхбатында «Талибан» Ауғанстанның шығысында ДАИШ-ті жойып жатқанда, Ауғанстан үкіметінің әуе күштері араласып, оларды аман алып қалғанын бірнеше рет атап өтті.  Басқа жағынан Ауғанстанда орналасқан шетелдік күштер, әсіресе АҚШ күштері ДАИШ мүшелерін Ауғанстандағы, әсіресе елдің шығысы мен оңтүстігінен батысқа көшірді деп айыпталуда. Бұл соңғы жылдары тіпті Карзай мырзаның да қарсылығы және ауғандық сарапшылар Америка Құрама Штаттарын ДАИШ қызметкерлерін шетелдік тікұшақтармен тасымалдады деп айыптаған.

Бұл талаптардың белгілері, әсіресе ДАИШ Ирак пен Сирияда жеңілген кезде байқалады. Сарапшылардың пікірінше, бұл әрекетті НАТО-ға мүше мемлекеттер, әсіресе АҚШ Ресей  мен оған жақын   елдердің шекарасында кауіптілік орнату мақсатында жасап отыр. Негізінде  АҚШ пен оның одақтастары ДАИШ-ты Сирия мен Ирактан Орталық Азия шекараларына және ДАИШ белсенділерін Ауғанстанның батысына көшірген көрінеді, бұл Ресейде  алаңдаушылық пен наразылық тудырды. Мысалы, Талибан 2018 жылдың шілде айында Джаузджан, Сар-е-Пул және Фарьяб облысында ДАИШ лаңкестік тобына қарсы ауқымды операция бастады. Операция барысында АҚШ-тың жойғыш ұшақтары ДАИШ лаңкестік тобына қолдау көрсету мақсатында талибтердің позицияларын бірнеше рет бомбалады. Ақырында ДАИШ тобының ондаған лаңкестрі талибтердің қолынан қаза тауып, тағы 100-ден астамы тұтқынға алынды, бірақ лаңкестік топтың бірқатар мүшелері Ауғанстан үкіметінің тікұшақтарымен тәліптер қоршауынан құтқарылды.

 

Ауғанстандағы ДАИШ

Талибанның Ауғанстанның солтүстігіндегі сәтті операциясынан кейін бұл топ тамыз айының соңында шығыста тағы бір жалпыұлттық операция бастады. Бұл операция АҚШ пен НАТО күштерінің реакциясына  тап болды. Кабул News арнасы сол кезде Меланик Мұхаммад басқаратын «Қызыл бригада» деп аталатын ондаған Талибан арнайы жасақтары елдің шығысындағы ДАИШ-ке қарсы ұлттық операцияны бастау үшін Нангархар облысына жіберілгенін хабарлады. Нәтижесінде Талибан ДАИШ лаңкестік тобын жою мақсатында оның Ачин қаласы мен Кунар провинциясының  Ватапур  қаласындағы позицияларына шабуыл жасады. Алайда Талибанның Ауғанстанның шығысындағы ДАИШ лаңкестік тобын жою операциясы АҚШ-тың қолдауы мен АҚШ-тың жойғыш ұшақтарын бомбалауына байланысты сәтсіз аяқталды.

Бірақ үгіт насихатшылар екінші тобы өздерінің радикалды идеологиясын астыртын әдіспен және жасырын түрде діндарлардың санасына құйып, осы арқылы ваххабизм мен салафизмді таратумен айналысты. Бірақ оның жұмысы Кеңес Одағы басып алған 1980 жылдардан басталады. Оның төрт бөлімнен тұратын негізгі бағдарламасы болды: Біріншіден, Құран, хадис, фиқһ және діни семинарлар сияқты исламдық білім. Екіншіден, «Өзгеріс дауысы» радиосы арқылы таратылатын мәдениет пен басылымдар, Кафалех, Джунд, Азан, Рахнавардан... сияқты ай сайынғы журналдары, сонымен қатар мыңдаған компакт-дискілер мен брошюраларды тарату. Үшіншіден, Дар әл-Хифаз сияқты оқу орындары, мектеп және университет‌. Төртіншіден, қоғамдық демонстрациялар өткізу сияқты саяси және әлеуметтік қызмет. Бұл ағымның танымал насихатшылары Абдул Сабур Фахри, Мулави Абдул Салам, Мулави Әбу Убайдулла Мутавакел, Абдул Захир Даеи және басқалар сияқты көптеген жағдайларда радикалды және экстремистік көзқарастарды білдірген адамдар болды.  

 

Ауғанстандағы "Өзгеріс жамағаты"

Тағы бір фактор  - Сауд Арабиясы, Пәкістан, Үндістан, Йемен мектептері мен университеттерінде және бірақатары  Мысырдың Әл-Азһарында білім алған және уаһабилік көзқарастың ықпалында болған университет оқытушылары мен студенттері. Мысалы, Кабул мен Нангархар университеттерінің шариғат заңының кейбір профессорлары студенттер арасында экстремистік және тәкфирлік идеяларды насихаттайды.

Сауд Арабиясы мен кейбір араб елдерінің діни медреселер, кітапханалар мен университеттер ашу арқылы араласуы Ауғанстанда ваххабизмді насихаттайтын басқа факторлар болып табылады. Мысалы, Нангархар облысындағы Наджм әл-Модарес діни мектебінде құны 220 000 доллар тұратын жақсы жабдықталған кітапхананың ашылуы, Риядтың 2013 жылы Ауғанстанның діни және мәдени орталықтарында 124000 том діни кітаптарды таратуға міндеттеме алуы және   Нангархар облысында 100 гектар жерде 500 миллион долларға ең үлкен Ислам университетінің Сауд Арабиясы ықпалының айқын мысалы болып табылады. Сауд Арабиясы әрқашан және осы күнге дейін Ауғанстанның білім беру жүйесіне ықпал етуге талпынды, Риядтағы Ауғанстан елшілігі өткен жылы Сауд Арабиясы Кабулдың өтініші бойынша Ауғанстанда 100 мектептің орнына 600 мектеп салуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл жаңалық парламент депутаттары мен ғалымдар арасында алаңдаушылық тудырды. Сол кездегі ауған ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сауд Арабиясының Даму Қоры 600 мектеп салуға 50 миллион доллар несие беруге келіскен, ал ауылдық даму кеңестері мектептерді салуды өз міндетіне алды.

Қорыта айтқанда, болашақта Талибан тобы Батыс елдері, соның ішінде АҚШ дағдарыстарына тап болады және басқа жағынан, Ауғанстандағы экстремистік және сәләфилік топтарды бақылау алу, соның ішінде ДАИШ-ты жою  осы топтың алдында тұрған басты мәселелердің бірі болып табылады. Ирак пен Сириядағы ДАИШ тобын  басып-жаншу Ауғанстандағы бұл экстремистік топты әлсітеркенімен, Талибан қозғалысының пікірінше, кейбір үкіметтер Ауғанстандағы ДАИШ-ты үлкейтіп көрсету арқылы өздерінің жасырын мақсаттарына жетуге тырысуда.