Ислам революциясындағы Құран мəдениеті
(last modified Tue, 01 Feb 2022 17:43:30 GMT )
Ақп 01, 2022 23:43 Asia/Almaty

(Фаджр онкүндігі-3) Иран Ислам революциясы – Құранға қайта оралу қозғалысы.

Құран – исламды танудың ең маңызды дереккөзі. Ол діни тағылымдар туралы басқа еңбектермен бірге жеке адам өмірі мен ғибадатында қолданылумен қоса саяси жəне əлеуметтік мəселелерде қоғамның шеңберін белгілейді. Иран халқының Пехлеви режиміне қарсы қозғалысы Құрандағы мына аяттан басталды:Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді ("Рад" сүресі, 11-аят).

Иран Ислам революциясы Құранға қайта оралу қозғалысы деп танылды. Бұл қозғалыста Құранның жолнұсқаулары оның басты діни негізі болды. Құранға қайта оралу мұсылмандардың қасиетті кітаптағы тағылымдардан нəр алып, үстемшілдік жəне диктаторлыққа қарсы күреске шығуына себеп болды. Соның нәтижесінде халық абырой-айбын мен мерейге ие болып, ең маңыздысы Алла тағалаға жақындай түсті. Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) айтқандай, "Құран мен халықтың хикаяты жаңбыр мен жердің хикаятындай. Жер құрғап, өліп қалғанда кенеттен Құдай оған жаңбыр жіберіп, жер дүр сілкінеді. Содан соң қатты жауын жауып, жер тағы бір түлейді. Сол кезде сайлардан сарқырап өзендер ағады, жер нәрленіп, өсімдіктер өсе бастайды. Алла тағала жерді түрлендіріп, адамдар мен жануарларға қоректі сол жердің қойнауынан алып шығады. Құран мұны қабылдайтын адамдарға былай дейді: "Әй мүміндер! Егер Аллаға (дініне) иман келтірсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді " ("Мұхаммед" сүресі, 7-аят).

Имам Хомейни ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Иран мен əлем мұсылмандарын илаһи кітап Құран Кәрімге қарай ынталандыруға талпынды. Өйткені Құран мен оның өміршең тағылымдарынан алшақтау діни қоғамда идеологиялық жəне практикалық ауытқушылықтардың туындауына себеп болады. Осы тұрғыдан ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін ақиқат пен азаттықты талап еткен жүйе мен халықтың Құранға сенімі артты. Сондықтан Құранға қатысты шаралар, соның ішінде Құран туралы жиналыстар мен сайыстар өткізу, Ислам Республикасының насихатшылары ретіндегі Құран қарилерін тəрбиелеп, басқа елдерге жіберу, Құран радиосын ашу, кітап басып шығару, Құран үйрету курстарын өткізу айтарлықтай артты. ИИР жүйесі өткен 40 жылда Құранға қатысты халықаралық жарыстарда өз діни өкілдерінің 180-ге жуық жүлде алғанын мақтан тұтады.

Революциядан кейін Иранда Құран көрмелері өткізіліп келеді.

 

Құран тəпсірі – ислам ғылымдарының бірі. Онда қасиетті кітаптағы терең ұғымдар түсіндіріліп, илаһи аяттардың құпиясы баяндалады. Уəһи илаһи сөз болғандықтан түсіндіруді қажет етеді. Құран – илаһи кітаптар арасында ең көп тəпсірленген кітап. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін илаһи аяттарды түсіндіру саласында елдің түкпір-түкпірінде Дар-ул-Құран-и Кәрім ұйымдары тарапынан құрани тағылымдарды тарату үшін Құран тәпсірі сабақтары ұйымдастырылып келеді. Бұл жоба ұстаз Абулфазл Бахрампурдың «Құрани өмір салты» атты кітабы негізінде 2017 жылы елдің түкпір-түкпірінде 700-ден аса тәпсір сабағын өткізумен жүзеге асты. Әрбір сыныпқа 20-30 адам қатысып, пікір алмасты. Зерттеу аясы кітап оқудан тыс Құран негізінде тәрбие беріп, оны өмірде қолдануға бағытталған. Қатысушылар бұл жобада Құранды тәпсірлеуге атсалысумен қоса, түсінік беру тәсілдерімен танысып, құрани тағылымдарды өз өмірлерінде қолдануға тырысады.

 

Құранның бай мәдени мұрасын тарату, әлем мұсылмандарының  Ирандағы өзгерістер және жетістіктермен танысуы, басқа елдердің Құранға қатысты жұмыстарынан тәжірибе алу Вакуф және қайырымдылық ұйымын Құран халықаралық жарыстарын жалғастыруға ынталандырды.  Иранда өтетін Құран халықаралық жарысы – елдің ең ірі жетістіктерінің бірі және әлемде Құранға қатысты ең ірі шаралардың бірі. Жарыс 1982 жылдан бері (1361 және 1364 жылдарды есептемегенде) жыл сайын Иранда Вакуф және қайырымдылық ұйымының бастамасымен өткізіліп келеді. Айта кету керек, 1983 және 1986 жылдары Иранға таңылған соғыс жағдайына байланысты қалалар бомбаланып, зымыран атылып, елдің әуе кеңістігі қауіпті болғандықтан жарыс өтпеді.

ИИР-да жыл сайын Құран халықаралық жарысы өтеді.

 

Басқа жағынан ислам елдерінің көшбасшысы ретіндегі Иран Ислам республикасының әлемдегі үздік орны одан Құран кітабын басып шығаруда толығымен ғылыми және кәсіби қатынас көрсетуді талап етеді. Сол себепті орталықтың кәсіби бөлімдері түрлі қажеттіліктерді қамтамасыз ету, соның ішінде кітап шығару саласында зерттеу, көркемдік-техникалық істер атқару, компьютерлік бағдарламаларды дайындау, кітаптың беттелуін бақылау және басып шығару, ел мен әлемнің мәдени ұйымдары және органдарымен байланыста болу үшін білікті мамандардың қатысуымен құрылды. Әрбір бөлім мамандар кеңесінің қолдауына ие болып, Құран саласындағы көрнекті ұстаздар мен сарапшыларды пайдаланады. Ислам революциясы жеңіске жеткенге дейін Құран кітаптарын басып шығаратын баспагерлердің саны аз болатын. Құран кітаптарын басуға кәсіби бақылау жасалмады. 1986 жылы жазда Құран кітабын басып шығару міндеті Исламдық үгіт-насихат ұйымына тапсырылды. Сол күннен бастап елде 1000-нан аса баспа Құран кітабын басып шығарумен айналысып келеді. 1986 жылдан 2018 жылға дейін Дар-ул-Құран-и Кәрім ұйымы тарапынан шамамен 165 932 900 том Құран кітабын басып шығаруға рұқсат берілді. Ал 1986 жылға дейін берілген рұқсаттарға сәйкес бұл сан шамамен 200 млн томға жеткен.

 

Революциядан кейін Иранда Құран кітабын шығаратын баспалар

 

Құранға бой ұсынған қоғамның қажеттілігі – жүректердің құрани сипат алуы. Революцияның арман-мақсаттарына тек Құранның саясында жетуге болады. Ислам революциясы жетекшісінің сенімінше, "Ұзақ жылдар бойы біздің қоғамымыздың Құраннан алшақтап кеткенін мойындауымыз керек. Біз Ислам республикасында бұл алшақтықты азайтамыз, артта қалушылықтың орнын толтырамыз. Бірақ біз қатты артта қалғанбыз. Пұтқа табынушы билеушілердің кезінде Құран ресми түрде қоғамда болмады. Елдің бұрыш-бұрышында адамдар Құранмен таныс болуы мүмкін еді, бірақ олар тек Құран оқумен шектелетін. Құранға қатысты шаралар қоғамда өте аз болатын. Біз революцияға дейінгі тәрбие түріне байланысты Құраннан алшақтап кеткен едік. Біз енді мұның орнын толтырғымыз келеді. Сол үшін революцияның басынан бастап шынымен-ақ көп жұмыс істелді. Олардың нәтижесін көріп отырмыз. Бірақ бұл – істің басы, жолдың басы. Құранмен астасып кету керек. Құрани ұғымдар – жай ғана мағлұмат емес, өмірге қажетті мәліметтер. Кейде адамның құрани мағлұматтары көп, бірақ оның өмірінде Құраннан еш әсер жоқ! Біз Құранның өмірімізде көрініс табуына талпынуымыз керек. Пайғамбардың жұбайларының бірінен оның мінез-құлқы туралы сұрағанда ол: "Оның мінезі – Құран",-деп жауап берген. Яғни одан Құран көрініс тапқан. Ол біздің қоғамымызда да көрініс табуы керек".

Иран Ислам революциясы өз ұрандары мен мақсаттарының  тартымдылығы арқасында Құранды алыс шеттен қайта өмірге алып келіп, жеке бастан қоғамға алып шықты. Бұл қазіргі заманда маңызды да әсерлі құбылысқа айналды. Ислам революциясының негізі саналатын Құран ізет-құрмет пен мәртебе мүміндер мен салихтарға лайықты деген жолдаумен қоғамға таным сыйлады. Қарсыластар илаһи тағылымдардың бай мәйегінен алынған абыройға сызат түсіруге көп талпынды, бірақ Құранға көңіл аударып, оның айтқандарын орындаудың арқасында ИИР 40 жылдан аса уақыт бойы үстемшілдердің зорлығына төтеп беріп, елді дамытып, күн сайын қарым-қабілетін арттырып, өз тамырын одан ары нығайтып келеді.