Хазірет Хұсейн (ғ.с.) - құтқару кемесі
(last modified Sat, 05 Mar 2022 13:20:07 GMT )
Нау 05, 2022 19:20 Asia/Almaty

Имам Хұсейн (ғ.с.) пәк имамдар (ғ.с.) арасында жоғары мәртебеге ие және барша Әһле Бәйт үшін ғана емес, барлық әулиелер мен пайғамбарлардың мақтанышы. Имам Садеқ (ғ.с.) имам Хұсейннің (ғ.с.) рухани ұлылығы туралы: «Біз [Әһле-Бәйт (ғ.с.)] құтқарушы кемеміз, бірақ бабамыз Хұсейннің (ғ.с.) кемесі жылдамырақ»,- деген.

 

Пайғамбар (с.ғ.с.) күлімдеп, Хасанға (ғ.с.) сүйіспеншілікпен қарап,   Хұсейннің (ғ.с.) дүниеге келуін күтеді. Пайғамбар (с.ғ.с.)  уәде етілген және мүміндердің әмірі Әли (ғ.с.) оны құшақтау  сәтті асыға күтеді. Біраз уақыттан кейін Пайғамбар (с.ғ.с.) құндақтағы сәбиді құшақтап, одан көзін алмады. Бұл баланың аты кім? Жәбірейіл келеді! Күту керек, Алланың қалауын күту керек... Алланың таңдаған есімі - Хұсейн.

Шағбан  айының үшінші жұлдызы - имам Хұсейннің (ғ.с.) туған күні, ол Иран күнтізбесінде  Сақшылар күні  және Ислам мектебін қорғайтындар күні деп аталған. Бұл күн үшін қандай жақсы есім таңдалды, өйткені имам Хұсейн (ғ.с.) Құран мен Исламды сақтау үшін барын құрбан еткен және Исламды Омеядтардың адасу мен азғындықтарының тұңғиығынан құтқарған сақшы болды. Басқа  жағынан, Ислам республикасының қасиетті жүйесінің сақшылары Исламды насихаттау және исламдық құндылықтарды сақтау жолында  бүкіл күшін салып, махаббат пен батылдықпен осы жолда жандары мен мал-мүлкін құрбан етті.

 

Алла елшісінің (с.ғ.с.) екінші немересі  имам Хұсейн (ғ.с.) - жұмақ жастарының екі басшысының бірі, Кесаның бес сахабасының бірі және әрине шиіттердің үшінші имамы. Имам Хұсейн (ғ.с.) дүниеге келсімен, сәбиді атасы Алла елшісіне (с.ғ.с.) апарып, дүниеге келгенімен сүйіншіледі. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) баланың оң құлағына азан, сол құлағына иқама айтты. Алла елшісі (с.ғ.с.)  Хұсейн бен Әлиді (ғ.с.) құшақтап алғанда, олар оны басынан аяғына дейін сүйді. Кейбір рауаяттарда Жәбірейіл келіп: «Уа, Алланың елшісі,  бұл сәбиді сондай жақсы көріп, оны бірнеше рет сүйдің»,- дегенде, хазірет: «Қылыштар мен найзалардың орнын сүйдім»,- деп жауап берді. Алла елшісі (с.ғ.с.)  мұны айтқан кезде, жүрегі дірілдеп, көз жасын  жасыра алмады. Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл перзентінің тағдырын дәл осы сөйлеммен білдірді.

Ислам әлемінің ұлы ғұламасы Келинидің «Кафи» кітабында келтірген рауаятында имам Хұсейннің (ғ.с.) дүниеге келуі, шәһид болуы және имамнан таралатын ұрпақ туралы  хабары имам туылғанға дейін Жәбірейіл арқылы Пайғамбарға (с.ғ.с.) берілгені айтылды.  Имам Садеқ (ғ.с.): «Жәбірейіл Алла елшісіне (с.ғ.с.) түсіп: «Уа, Мұхаммад! Расында, Алла Тағала сені қызың Фатима-Заһраның (ғ.с.) перзентінің дүниеге келгенімен сүйіншіледі, бірақ  үмметің сенен кейін оны өлтіреді және ол саған имамдық пен велаятты   ұрпағына тапсырғанын хабарлады. Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл хабарды естіп қуанып: «Қабыл еттім, риза болдым», - деді. Содан кейін Пайғамбар (с.ғ.с.) барып, қызы хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) осы маңызды илаһи хабарды жеткізді. Хазірет Фатима (ғ.с.): «Әке! Маған үмметі өлтіретін бала керек емес»,- деді. Пайғамбар (с.ғ.с.) Фатима-Заһраға (ғ.с.) Алла Тағаланың сүйінші хабарын жеткізіп: «Қызым Фатима! Расында, Алла Тағала осы баладан тараған ұрпақтарыма маңызды имамат пен велаятты және қамқоршылық ісін жүктеді»,- деді. Бұл илаһи сүйінші хабарды және Алланың кепілдігін естіген Фатима (ғ.с.) әкесіне: «Әке! Мен де бұл бақытты баланың дүниеге келгеніне қуаныштымын»,- деді.

Фитрас аралға құлап, қанаттары сынған және имам Хұсейн (ғ.с.) дүниеге келгенде Жәбірейілмен бірге Пайғамбардың (с.ғ.с.) қасына келіп, Хұсейннің (ғ.с.) бесігін сипаған періште еді.   Алла Тағала оған қайтадан қанат беріп, ол аспанға көтерілді. Хұсейннің (ғ.с.) арқасында қанаттарына қайта ие болған бұл періште зияратшылар сәлемін Хұсейнге (ғ.с.) жеткізу туралы уәде берген. Ол: «Оның сауығуы - менің міндетім.  Мен барлық зиярат етушілердің сәлемі мен салауатың хазіретке жеткіземін. Құранның атақты тәпсіршілерінің бірі және имам Әлидің (ғ.с.) сенімді серіктерінің бірі Ибн Аббастың айтуынша, бұл жұмақтағы періште «Хұсейн ибн Әлидің қызметшісі» деген атпен танымал. Алланың пайғамбары имам Хұсейнді (ғ.с.) қатты жақсы көріп: «Хұсейн меннен, мен Хұсейнненмін», - деген. Сондай-ақ исламның ұлық пайғамбары имам Хұсейн (ғ.с.) туралы: «Хұсейн – менің жаным, жемісім, жүрегімнің тыныштығы. Хұсейнге қараған сайын аштығымды ұмытамын, Хұсейн - екі көзімнің нұры»,- деді.

Алла елшісі: Хұсейн меннен, мен Хұсейнненмін.

 

Имаматтың имам Хұсейн (ғ.с.) ұрпағында жалғасуы туралы Салман Фарсидің рауаяты бар. Бұл рауаятта Салман Фарси: «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) Хұсейнді (ғ.с.) тізесіне отырғызып,  сүйіп: «Сен үлкендердің үлкенісің, үлкен ұлысың және үлкендердің әкесісің, сен имамсың және имамның ұлысың және имамдардың әкесісің, сен Алланың беделісің және Алланың беделінің ұлысың және беделділердің  әкесісің және оның  мұрагері – имам Мәһди (ғ.с.)»,- деп айтқанын естідім»,- деді. Имам Хұсейн (ғ.с.) бүкіл Әһле  Бәйт , сондай-ақ  әулие  мен пайғамбарлардың мақтанышы болғандықтан, пік имамдардың (ғ.с.) арасында жоғары мәртебеге ие. Имам Садеқ (ғ.с.) оның ұлы рухани ұлылығы туралы былай деген: «Біз [Әһле-Бәйт (ғ.с.)] құтқарушы кемеміз, бірақ бабамыз Хұсейннің (ғ.с.) кемесі жылдамырақ»,- деді.  Яғни, әлем шәһидтері қолбасшысы имам Хұсейнге (ғ.с.)  жүгінген адам, бақыт пен құтылуға тезірек жетеді.  Кімде-кім жүрегін ақиқатқа бұрса, имам Хұсейннің (ғ.с.) құтқару қайығына мініп, оның рақымына бөленсе, хазіреттің велаяты мен махаббатының қауіпсіз жағасында тыныштық табады.

Мұсылмандар үшін ерекше мереке  саналатын имам Хұсейннің (ғ.с.)  туған күні бұл имамның хадистерінің бірін сый етеміз: «Бір адам имам Хұсейннің (ғ.с.) қасына келіп: «Мен күнә жасағым келмейді, бірақ ешнәрсе істей алмаймын. Күнә жасамауым үшін ақыл айт»,- деп сұрады. Имам Хұсейн (ғ.с.): «Бес нәрсені істе, сосын қалаған  күнәні жаса. (Имамның (ғ.с.) бұл хадисінің мағынасы: егер осы бес нәрсеге мән берсең, ешқашан күнәға бармайсың және күнәдан бас тартасың). Алланың ырзығын жеме, Алланың қамқорлығынан шығып кет, Алла көрмейтін жер тап, өлім иесі жаныңды алуға келгенде оны тойтар және тозақ өкілі сені тозаққа апарғысы келгенде, егер қолыңнан келсе, оған кірме  - егер осыны істей алсаң, барып күнә жасай бер»,- деді.

Әлемнің барша мұсылмандарын имам Хұсейннің  (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!