Наурыз – жаңа өмірдің жаршысы
(last modified Mon, 21 Mar 2022 09:36:33 GMT )
Нау 21, 2022 15:36 Asia/Almaty
  • Наурыз – жаңа   өмірдің жаршысы

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Бүгін 21 наурыз хиджри күнтізбесінің бірінші айы - фарвардиннің бірінші күніне сәйкес келеді.Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қыстан қажыған, тозған жер жүрегінде балғын, жаңа, нұрлы болуын тілейді! Солтүстік жарты шарда көктем жақындаған сайын дүбірден шаршаған ағаштар, өсімдіктер мен гүлдер бірте-бірте ескі киімдерін төгіп жатыр. Жер көгеріп, ағаштар бүршіктеніп, гүлдер жұпар иісімен көктемнің жақындағанын хабарлайды. Көктем тіршілігінің иісі қалалар мен ауылдарға таралып, халықтың өмірге және еңбекке деген сезімін оятады.

Наурыз мерекесіне бірнеше апта қалғанда үй тұрғындары жұмысқа кірісіп, табиғат сияқты үйлерін жаңартып, шаңын тазартқысы келеді. Адамдар өздеріне және балаларына жаңа киім алып, бірте-бірте Жаңа жылды қарсы алуға барады. Көшелер толып, бизнес қызып жатыр. Қай жерде қарасаңыз да,  терезелерін, көшелерін, үйлерін тазалап, өмірлеріне көктем әкелгісі келетін адамдарды көресіз.  Тазарғаннан кейі  үйлерге табиғаттың, балғындық пен жаңалықтың әдемі символы орналастырылуы керек. «Хафтсин» Наурыз дастархандарынан Наурыздың жасыл желектерін көруге болады. Табиғат пен сергектіктің ең әдемі символдарының бірі! Үйдегілер бидай мен арпаны, бұршақты т.б. жібітіп, дымқыл мақта маталарға бөлек салады. Олар көктеп шыққан кезде ыдысқа ауыстырылып,   дастарханды безендіруге қолданылады. Негізінде жасыл түс – қайта туылу,  жасыл желектің белгісі. Оны дастарханға қоюдың себебі, келер жыл балғын, берекелі, жемісті жыл болады.

Жаңа жылдың таңы - ең әдемі таңдардың бірі. Жылдың қай сағатта өзгеруі  маңызды емес, мейрамның таңында үй іші ерекше қуаныш пен шаттыққа бөленеді. Отбасы мүшелерінің жүздерінде қуаныш, бұл өмірдің өте әдемі және ерекше ағыны.

 

Көктем мен Наурыз! Жаңа жыл келген кездегі балғындық пен тазалықтың және Наурыз дастархандарының басқа түсі пен иісі бар. Бұл көнеден келе жатқан әдемі рәсім халықтың діни наным-сеніміне қайшы емес.

Жаңа өмір мен көктемнің уәдесі Наурыз - Алланың әдемі күлімсіреуі. Ирандықтар өздерінің ирандық-исламдық дәстүрімен табиғат көктемін «Уа, жүректер мен көзқарастарды өзгертуші! Уа, күн мен түннің иесі! Уа, жылдар мен маусымдарды басқарушы! Біздің жағдайымызды ең жақсы жағдайға айналдыр» деген дұғамен күтіп алады және Наурызды  үміт пен алға ілгерілеудің символы деп санайды.

 

Жаңа жыл үміт беріп, мақсаттарға жетуге ынталылардың жүрегінде терең орын алады! Болашақты құрып, алға ұмтылуға ынталандырады. Наурыз көктемге арналған әдемі көйлек сынды. Ирандықтар бала кезінен Наурызбен бірге өсіп, оны өмір беретін ең әдемі ирандық дәстүрлердің бірі деп санайды. Бұл көне және ұлттық мереке мыңдаған жылдар бойы өзінің динамизмін сақтап келген Иран мәдениетінің элементтерінің бірі болып табылады. Бұл көне мереке қоғамның өзгеруімен бірге өзгерді және Иран мәдениеті аясында тірі және өзекті болып қалды және  ирандықтардың барлығы барлығы оны тойлайды. Бірақ балалар үшін Наурыздың түсі мен иісі бөлек. Балалық шақтағы осы естеліктері Наурызды ирандықтардың ең әдемі ұлттық мерекелерінің біріне айналдырған болар. Балалар Наурызды мерекелік естеліктері және жаңа киімімен байланыстырады.   Балалық шақтағы естеліктер Наурызды келешегі зор өмірге айналдырған. Наурыз жақындаған сайын жүректерде үміт сақталады.

 

Иранның Наурыз мейрамы Ираннан басқа көптеген елдерде тойланады, бұл Иранның бұрынғы мәдени кеңдігін көрсетеді. Наурыз мейрамы Ауғанстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Тәжікстан,  Түркіменстан, және т.б. елдерде тойланады. Құрметті тыңдармандар, жер шарының қай түкпірінде тұрсаңыз да, әсіресе осы көне мейрам тойланатын елдерде сіздерге көктемнің шуақты күндерін тілей отырып, табиғаттың көктемінің келуі өмірлеріңізге жақсылық пен сергектік сыйлайды деп сенеміз.