Рамазан - мүмкіндіктер айы (1)
(last modified Sun, 03 Apr 2022 11:26:12 GMT )
Сәу 03, 2022 17:26 Asia/Almaty
  • Рамазан - мүмкіндіктер айы (1)

Рамазанға - сәлем! Алланың айына, мейірімділік айы, кешірім айы, мүмкіндіктерді пайдалану айына - сәлем! Қасиетті Рамазан айы қош келдің!

«Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар». («Бақара» сүресі, 183-ші аят).

 

 

Бұл Алланың сендерге айтқан сөзі. Күмән жоқ, пенделердің илаһи бұйырықтың алдындағы міндеті – мойынсұну. Бірақ Алла Тағала адамның оған құлшылықты өз ақылымен және парасаттылығымен   етуін қалаған. Құлшылықты ақылмен жетіп орындау адамды періштелерден артық етті. Мүны Алла білген, ал періштелер білмеген. Алла оразаның хикметін тақуалықты күшейту деп таныстырады. Тақуалық дегеніміз – өзімізді жамандықтан қорғау. Жауынгерлердің өздерін қорғау үшін қалқан ұстап, сауыт киетіні сияқты, мүміндер де шайтандардың азғыруларынан қорғану үшін ораза қалқанын ұстап, тақуалық киімін киюлері керек.

Белгілі бір мақсатты көздемейтін, аласапыран өмір адам өмірі емес. Мақсаты бар өмірде мақсатқа жету үшін жоспар болуы керек. Биікке шығуды көздеген альпинист дұрыс жоспарламаса, жолынан адасып, өмірінен айырылуы мүмкін. Адам да өзінің басты мақсатын білмесе немесе мақсатына жету үшін жоспар құрмаса, адасып, жойылады. Құран мәдениетінде адамның мақсаты біреу - Алла Тағалаға жақындау және тақуалық – адамды осы мақсатқа жетелейтін жоспар. Тақуалық - әлемнің Алланың назарында екенін түсіну. Адам баласы Жаратушының орны мен ұлылығын түсінсе, әрқашан Оған жақын болады. Адамның Аллаға жақын болуы оны күнәдан тыйып, илаһи бұйрықтарды орындауға жігерлендіреді. Бұл тақуалық, қорқыныш пен үміт, илаһи жазадан қорқу және Алланың қаһарынан асып түсетін мейірім мен кешірімнен үміт ету арасындағы күй. Ораза ұстау ең қарапайым түрде ішіп-жеуден тыйылу және физикалық қажеттілікті өтеуден тыйылу дегенді білдіреді, бірақ шын мәнінде бұл физикалық және нәпсі қалауларына қарсы ерікті күшейтетін жаттығу. Егер оң жауап беретін болсақ, олар бітпейді, керісінше күннен күнге көбейеді. Осы материалдық және дүниелік қалаулардың көбеюі және адам баласының оны орындау жолындағы тынымсыз талпынысы өмірде бейберекеттік туғызып, басты мақсатымызға жетуімізге кедергі болады.

Рамазан – жүйелі және тәртіпке бағынатын өмірге арналған жаттығу. Саналы өмір адамды алдына қойған мақсатына жақындатады. Бұл өмірде адамның ақыл-ойы беделді түрде бәрін өз орнына қояды және ешнәрсенің өз шегінен шығуына жол бермейді, бұл әділеттіліктің мәні. Ішкі дүниесінде әділдік орнатқан адам қоғамда да солай істейтіні сөзсіз. Сондықтан Рамазан әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізудің бастамасы ретінде қарастырылды. Имам Садық (ғ.с.): «Алла бай мен кедей тең болуы үшін оразаны парыз етті»,- деді.

 

 

Қасиетті рамазан айы келді. Алланың айы және Құран Кәрім оны «Алланың қаласы» деп атайды. Барлық айлар Алланың айы, бірақ қасиетті Рамазан айының басқа айлардан артықшылығы бар. Барлық түндер Алланың түндері, бірақ бір түн ғана Қадір түні деп аталады және ол осы айдың түндерінің бірі. Рамазан – Алланың қонағы болатын ай және қонақ иесі Жаратушының өзі.  Дүниежүзінің түпкір-түпкіріндегі мұсылмандар Рамазан айын қарсы алу үшін шағбан айында  дайындалады. Діни аяттар мен хадистерде айтылғандай, Алла Тағала қасиетті Рамазан айында бізге көптеген нығметтер берген. Рамазан – жыл сайынғы жұмақтың бір бөлігі. Алла біздің материалдық әлеміміздің тозағына бұл айды жіберіп,  бізге бұл айда осы иләһи дастарханда жәннатқа кіруге мүмкіндік береді. Біреулер сол отыз күннің ішінде жәннатқа кіреді, басқалар сол отыз күннің арқасында жылдың қалған күндері, тіпті өмір бойы Алланың жәннатына немқұрайлы қарамай, дүниелік амалдарын ақыреті туралы ойлап жасайды.

Қасиетті Рамазан айының басталуы, шын мәнінде, мұсылмандар үшін ұлық мереке. Мүміндер бір-бірін осы айдың келуімен құттықтап, мүмкіндігінше бұл айды пайдалануға шақырады. кеңесуі керек. Рамазан Алланың қонағы болатын айы болғандықтан, бұл айда тек мүміндер илаһи дастарханның басына отырады. Алланың дастарханы барша адамзатқа ашық және одан ғаламдағы барша жаратылыс пайда көреді. Күнделікті бес намазда оқылатын «Хамд» сүресінің 5-ші аятында: «Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар»,- деп айтылды. Адамға үнемі өзін-өзі жетілдірумен айналысу қажеттілігін ескертеді. Бірақ күнделікті қиыншылықтар  кесірінен Алланы еске алуға кедергі болуы мүмкін. Мейірімді Алла құлдары Алланың арасындағы қарым-қатынас туралы ойлансын деп Рамазан айын жаратты. Бірақ күнделікті қиыншылықтар мен алаңдаушылық Алланы еске алуға кедергі болатындықтан, мейірімді Алла құлдары мен Алланың арасындағы қарым-қатынас туралы ойлану үшін Рамазан айын белгіледі.

Құран Кәрім – Алла Тағаланың уаһи сөзі, ол барша адамзатқа бақыт пен тура жол көрсетеді. Демек, ол адамзат қоғамының барлық өлшемдегі сұранысын барынша қанағаттандырып, халықты дұрыс жолға сала алады. Егер ақиқат пен ілімді түсіну үшін адам өзінің ақыл-ойы мен ой-пікірін таза ішкі жан дүниесі арқылы пайдаланса, адам туралы барлық деректерді, бақытқа апаратын жолды одан табатыны сөзсіз. Құран Кәрім илаһи уәде бойынша ғасырлар бойы сақталып, қазір бұрынғыдан да нұрланып, жүректерді нұрға бөледі. Расында, бұл қасиетті кітап – қоғамдық өмірді реттейтін жинақ, абыройлы өмірдің нұсқаулығы. Құран мұсылмандардың мақтанышы және оны ұстану білім мен ақылдың гүлденуіне әкеледі.

 

 

 

Исламның алғашқы күндерінде адамзат Құранға сай әрекеттенуінің  арқасында ғылым, ахлақ және даму салаларында өзгерді. Мәңгілік өмірден хабары жоқ халық Құранның өмірлік ілімінің аясында аз ғана уақыттың ішінде биікке жетіп, ғылым мен өркениеттің туын биікке көтерді.

Күндердің бірінде бір адам қателесіп,  хазірет Әлиге (ғ.с.) келіп, жазалауды сұрады. Хазірет Әли (ғ.с.): «Сен Құран туралы қаншалықты білесің?»- деп сұрады. Бұл адам «Бақара» сүресінің аятын оқып берді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Сені «Бақара» сүресі үшін кешірдім»,- деді. Төрелік етуде өте сезімтал және дәл болған Әли (ғ.с.) Құран аяттарын пайдаланудың маңыздылығын еске салды. Ол Құран аяттары аясында жақсы өмір бастау үшін күнәһарды кешірді. Рамазан – Құран ілімдерін үйренуге жақсы мүмкіндік. Ең соңғы әрі толық илаһи кітап Құран Кәрімді оқу – бұл айда хабардар болудың ең маңызды құралы. Оны оқып, ойлану туралы көп кеңес беріледі. Құран Кәрім «Бақара» сүресінің 185-ші аятында: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді...»,- деді. Енді бізге тағы бір илаһи рақым ұшқыны ұшты. Рамазанның көктемі де келіп жетті. Рамазан айының алғашқы күнінде таң атқанда өмір басқа түс пен иіспен басталады. Самал жел соғып, тазалық пен мейірімділіктің шықы елеусіз жүректерді сергітеді.  Имам Садық (ғ.с.)  Рамазан айының басында: «Уа, Алла, қасиетті ай (Рамазан) келді. Рамазан - адамдарды тура жолға салатын және ақиқат пен жалғанды ​​айыратын айқын дәлел ретінде Құран түсірілген ай. Осы айда денсаулық бере гөр»,- деп тілеген.