«Дахуал-арз» күні
Жер – адам және барлық тіршіліктің өмірінің бесігі. Хазіреті Адам түскеннен кейін бұл жер оған таныстырылды және бұл Алланың хазірет Адамға жіберген алғашқы мейірімі болды. Хазірет Адам балалары бүлік шығарғаннан кейін үлкен топан су болып, хазрет Нұхтың кемесі сол топаннан шыққан соң «Дахуал-арз» күні Джуди тауында тоқтады. Осылайша Алла Тағала тағы да жер бетін тазартып, жаратылыстарға мейірімін танытты.
Зильқаиданың жиырма бесінші жұлдызы Дахуал-арз күні деп аталды. Араб әдебиетінде «Даху» кеңею, «Арз» жер деген мағынаны білдіреді. «Дахуал-арз» Қағба үйінің астынан жер жайылып, Алланың мейірімі бүкіл жаратылысты қамтыған күн.
Хазірет Адам жаратылғанға дейін мыңдаған жылдар бұрын уақыт пен жер, жарық пен қараңғылық, аспан мен жер, күн мен түн, жәннат пен тозақ болмаған кезде, Алла Тағала өзінің нұрынан нұр жаратты және сол нұрдан көктер мен жерді жаратты, сондықтан сол нұр көктер мен жерден артық болды. Алланың әмірімен бүкіл аспан мен жер қараңғылыққа батқан кезде, аспан періштелері Раббыларына жақындау үшін сол нұрды ұлықтап, қасиетті етті. Аспан мен жер сол ұлы илаһи нұрдан басталды. Осылайша жер нұрланып, көктегілердің ғибадат пен ұлықтауын жалғастыру үшін тағына «Бейт Мамұр» салынып, көктегілердің панасына айналды. Содан кейін Алла Тағала жердің ортасына қасиетті Қағбаны жердегілердің ғибадат етулері және олардың тынығу орны ретінде қалыптастырды.
Жер – адам мен барлық тіршілік иелері өмірінің бесігі. Ол тауларымен, теңіздерімен, аңғарларымен, ормандарымен, бұлақтарымен, өзендерімен, кеніштерімен және асыл байлығымен Жаратушының белгісі. Жаратылыстың басында ең таза жер Қағба жері болды. Хазіреті Адам түскеннен кейін бұл жер оған таныстырылды және бұл Алланың хазірет Адамға жіберген алғашқы мейірімі болды. Хазірет Адам балалары бүлік шығарғаннан кейін үлкен топан су болып, хазрет Нұхтың кемесі сол топаннан шыққан соң Даһвул-Арз күні Джуди тауында тоқтады. Осылайша Алла Тағала тағы да жер бетін тазартып, жаратылыстарға мейірімін танытты және тағы да жер басып жүргендер таухидті жариялап, Алланың бір екендігіне куәлік етті.

Хазірет Нұхтың кемесі тауға Дахуал-арз күні тоқтағанымен қатар, бұл күні пайғамбарлардың әкесі хазірет Ибраһим (ғ.с.) мен хазірет Исаның туған күні сол күнге сәйкес келеді. Сонымен қатар, хадистер мен тарихи кітаптарда ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) осындай күні мыңдаған қажылармен соңғы қажылығын өтеу үшін Мәдинадан Меккеге аттанғаны айтылады. Бұл сапарда имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) және Пайғамбардың (с.ғ.с.) барлық әйелдері мен көптеген сахабалары онымен бірге болды. Қасиетті Құран Кәрімде «Назиат» сүресінің 30-шы аятында «Дахуал-арз» туралы айтылған: «Сосын аспан мен жер жаратылған соң) жерді кеңейтті». Бұл аяттағы «даха» мағынасы «дахуал арз» және жердің кеңеюімен бірдей. Имам Реза (ғ.с.) бұл күн туралы: «Зилқаида айының 25-ші жұлдызында Алланың үйі (Қағба) жер бетінде орналастырылды және бұл жер бетіндегі алғашқы илаһи мейірім болды. Құдай бұл қасиетті жерді барлығына қауіпсіздік пен тыныштық мекені етіп жаратты», - деді.

Қасиетті Құран Кәрімнің «Әли-Имран» сүресінің 96-аятында Қағба үйін адамзатқа нығмет әрі тура жол ретінде таныстырады: «Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол». Тәпсіршілер мен ғалымдар арасында жердің қалай жайылуы туралы әртүрлі пікірлер бар, олардың кейбіріне тоқталамыз. Кейбіреулер «жер алғашында су астында қалған, бірте-бірте су жер қыртысына тартылып, құрлық жойылды, бірінші көрінген жер Қағбаның орны болды» дейді. Басқалар: «Бастапқыда жер биіктіктер мен ойпаңдар болып, адам тұруға жарамсыз, нөсер жаңбыр үнемі жауатын. Жердің биіктерін жуып, алқаптарға жинады. Бірте-бірте адам тіршілігіне, егіншілікке жарамды жазық және пайдалы жерлер пайда болды»,- дейді. Имам Мұхаммад Садық (ғ.с.): «Ұлы Алла жерді жаратқысы келгенде, желдерге суды толқындауды бұйырды, желден су көбіктенді, көбік түгел жиналып, тау болды. Содан кейін Қағбаның қазіргі орны жаратылып, оның астына жер жайылған.
Имам Реза (ғ.с.) да Зил-Қаида айының жиырма бесінші күні ораза ұстау кеңес беріп: «Бүгін ораза ұста, өйткені мен де ораза тұтамын. Өйткені бүгін Алланың мейірімі жарияланып, осы күні жер жайылып, Қағба тұрғызылып, Адам атаның жер бетіне түскен күні»,- деген.
Сондай-ақ имам Садеқ (ғ.с.): «25 зилқаида, Алла Қағбаның орнын жаратты және бұл Жаратушының жер бетіне жіберген алғашқы мейірімі болды,- деді.
Иә, бұл күннің аталып өту себебі, Алла Тағала Қағба орнын жаратқаннан кейін сол жерден жерді кеңейтіп, жерді тұрғындарының тұруына қолайлы етіп жаратты.
«Дахуал-арз» күні - жерді тазарту басталған күн және «таза топырақ күні» деп аталады. Бұл қасиетті күн. Бұл нығмет үшін ораза тұту, ғибадат, ғұсыл, намаз, дұға, қажылық сияқты амалдарды орынлау насихатталды. Бұл күні ораза ұстаудың жетпіс жылдық ғибадаттың сауабы бар. «Дахуал-арз» түнің ояу ғибадат жасап өткізу бір жылдық ғибадатпен тең. Имам Әли (ғ.с.): «Көктен жерге түскен алғашқы мейірім зилқаиданың жиырма бесінші жұлдызы»,- деді. Имам бұл күні ораза ұстап, түнде ғибадат еткен адам күндіз ораза тұтып, түндерін ғибадат еткендей жүз жыл ғибадаттың сауабын алады»,- деп айтты. Имам Резаны (ғ.с.) зиярат ету – бұл күні көп айтылған ең абзал амалдардың бірі. Сонымен қатар, «Дахуал-арз» күні ниетімен ғұсыл алып, осы күнге дұға, дұға жасау ұсынылады.
«Дәһвул-Арз» дұғасының бір бөлігінде: «Уа, Қағбаның жерін жайып, жердің қойнауында дәнді жарған Алла! Бұл күні мен сенен таңдаған құлыңыз Пайғамбарымыз Мұхаммадқа (с.ғ.с.) сол күні сәлем жолдауды сұраймын. Ол есіктерді ашып, Аллаға жақындауға шақырды. Уа, Алла! Олардың таза отбасына сәлем жолда. Олар білімнің жетекшілері мен нұрлары және тура жолдың тіректері және жәннат пен тозақтың әміршілері. Уа, Алла! Мені хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) хауызына жеткізіп, шөлімді сарқыраған мөлдір Кәусір шәрбатымен қаңдыра гөр»,- деген тілек айтылды.
«Уа, Алла! Фатимаға (ғ.с.), оның әкесіне (с.ғ.с.), күйеуі (ғ.с.) мен балаларына (ғ.с.) Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Фатимаға аманат етілген сырға (Хазірет Мәһдиге (ғ.с.)) сәлем жолдай гөр».