Хиджабқа тыйым салу – исламофобияның тағы бір түрі
(last modified Sat, 10 Sep 2022 10:58:49 GMT )
Қыр 10, 2022 16:58 Asia/Almaty
  • Хиджабқа тыйым салу – исламофобияның тағы бір түрі

Соңғы күндері және Батыстың исламофобиялық саясатына сәйкес, өкінішке орай, исламдық хиджаб және онымен күрес мәселесі қайта көтерілді.

 

Осыған орай, жаңалықтарда былай делінген: «АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Малден қаласындағы «Мистик» мектебі қайта ашылған алғашқы күні исламдық хиджабы үшін сегізінші сыныпта оқитын мұсылман оқушы Афнанды мектептен шығарды». Мектеп басшылығы олардың даулы әрекетіне хиджаб пен мектеп формасының қарама-қайшылығы себеп болғанын айтты. Бұл оқиға киберкеңістікте көптеген реакцияларды тудырды және бұл әрекетті айыптау және оқудан шығарылған студентті қолдау науқаны құрылды.  

Исламофобия Батыста жаңа құбылыс емес, оның тамыры Еуропа тарихында, әсіресе крест жорықтарында жатыр. Бірақ біздің заманымыздың үшінші мыңжылдығынан жаңа пішін мен бейнеге ие болған діни антагонизм мен исламофобияның жаңа толқындары Батыстың мақсатты жобасы болып табылады. Бұл жоба түрлі құралдар мен күрделі тактикаларды қолдану арқылы кешенді түрде жүзеге асырылуда.

Батыс  басшылары исламофобияға сүйене отырып, діни сана мен діни болмысты қалпына келтіру мен оның исламдық және батыстық қоғамдарда тереңдеуіне және институттануына жол бермеуге тырысуда. Батыстың діни белгілер, әсіресе хиджабпен күресу стратегиясы білдірген реакциясы болып  табылады. Өйткені бүгін біз батыстық әйелдердің  хиджабқа деген керемет қызығушылығының куәсі болып отырмыз. Бұл мәселеге батыс үкіметтері шыдай алмады, сондықтан олар қатаң заңдар мен ережелерді қолданып, хиджабын шешпегендерге ауыр айыппұл салды.

Ұзақ уақыт бойы хиджаб мәселесі батыс ақпарат құралдары мен саясаткерлерінің пікірталастары тақырыбына айналды. Олар бұл құбылыспен күресу жолында шыдамдылық пен байсалдылықты жоғалтқан сияқты. АҚШ мектептерінің бірінің директоры  жас мұсылман қыздың хиджабымен күресуге шықты. Адам құқықтарына сәйкес, үкіметтердің адамдардың  еркін киінуге кедергі жасауға құқығы жоқ. Бірақ Батыс және АҚШ елдері Шығыс мәдениетінің, әсіресе исламның Батыстағы ықпалына қатты алаңдауда. АҚШ сияқты мемлекет исламның белгісінің бірі болып табылатын хиджабтың алдын алу үшін осы елдегі миллиондаған мұсылмандарды дін бостандығынан және оның символдарынан айырды. Бұл өзін бостандық пен адам құқығының жаршысы санайтын елде орын алып отыр. Екінші жағынан, ғылым мен білімді меңгеру – экономикалық дамудың, әлеуметтік дамудың және қоршаған ортаны қорғаудың, сондай-ақ кедейлікті жоюдың және жұмыс орындарын кеңейтудің маңызды құралы. Сауаттылық әрбір адам үшін маңызды. Мектепте заң сақталуы керек болса, мұсылманның хиджаб киюі де ислам заңы. Малден мэрі Гэри Кристенсон: «Хиджаб кигені үшін мектепке баруға тыйым салынған Афнанның мәселесін білгеннен кейін басқа азаматтар сияқты мен де   күйзеліске ұшырадым. Дегенмен, мен мектептегі киім үлгісін де түсінемін және құрметтеймін.   Мұсылман қауымының барлық мүшелері өз құқықтарын пайдаланады және хиджаб кие алады деп сенемін». 

Қазіргі әлемде хиджаб пен әйелдер киімі мәселесі саяси тұрғыдан қарастырылады. Хиджабпен күрес әлемде исламға қарсылықтың бір түрі болып табылады. Батыс күресін жалғастыруымен бірге жалаңаштық пен азғындық мәдениетін одан әрі таратуға және әйелдерді адами болмысынан және қадір-қасиетінен алыстатуға тырысуда. Бірақ психологтардың көзқарасы бойынша хиджабқа бейімділік табиғи нәрсе. Дәл осы мәселе әйелдердің хиджабты және өз құндылықтарын сақтауды талап етуіне себеп болды.

Негезінде кез келген құндырақ нәрсе осал, сондықтан көбірек қорғауды қажет етеді. Алла Тағала әйелді  отбасы құру үшін әдемі және нәзік етіп жаратты. Бұл еркектердің оған деген құштарлығын күшейтті. Бұл жыныстық құштарлық дұрыс бағытқа бағытталмаса, қоғамның, әсіресе әйелдердің денсаулығына қауіп төндіреді. Ислам хиджабты әйелдерді ерлердің нәпсіқұмарлықтарынан сақтаудың маңызды факторы деп санаған. Алла Тағала Құранның әртүрлі аяттарында мұсылман ерлер мен әйелдерге көздерін төмен түсіріп, хиджабтарын сақтауды бұйырады. «Нұр» сүресінің сүресінің 30 және 31 аяттарында Алла Тағала: «(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы.  Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар»,- деді.

Егер адам өзінің ақыл-парасатына сүйенсе, хиджабтың толығымен ақылға қонымды және дұрыс үкім екенін табады. Ислам бұған ерекше мән берген. Адам санасы оның мүддесін сау жолмен қамтамасыз ететін немесе одан зиянды кетіретін нәрсеге бейім. Хиджаб әйелдердің  жан тыныштығы мен қауіпсіздігіне себеп болады.  Сонымен қатар, отбасын, ұрпақ денсаулығын нығайтады. Хиджаб әйелдердің қадір-қасиетін арттырады. Батыстағы сән-салтанат үдерісі әйелдердің абыройы мен жоғары мәртебесіне сәйкес келмейді.

Батыс мемлекет қайраткерлерінің алаңдаушылығы мен үрейі оларды хиджабқа тыйым салатын заңды қабылдауға мәжбүр етті. Дегенмен, бүгінгі таңда хиджаб батыс әлемінде өзінің шынайы орнын тауып, ислам дініне деген бейімділіктің күшеюіне негіз бола алды.  Дінді жаңадан қабылдаған франциялық Мелани Диамс: «Хиджаб – ең құнды қазына, мен оны жоғалтқым келмейді. Хиджаб маған   батылдық, шыдамдылық, берік сенім және күшті руханият берді.  Мен өзім хиджаб киемін деп шештім.  Хиджаб бізге еркіндік, өзіміз таңдайтын еркіндікке ие болуға мүмкіндік береді. Жас кезімде Исламды, хиджабты түсінгенім үшін Аллаға мың шүкір. Хиджаб адамға өзіне сенімділік пен күш береді. Хиджаб киіп жұмыста мықты, тұрақты болдым. Хиджаб кию қиын емес»,- деді.