Алланың Елшісі (с.ғ.с.) - кешірім мен төзімділіктің елшісі
(last modified Sat, 24 Sep 2022 21:24:22 GMT )
Қыр 25, 2022 03:24 Asia/Almaty
  • Алланың Елшісі (с.ғ.с.) - кешірім мен төзімділіктің елшісі

Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) әлеуметтік өмірінде ішкі және халықаралық өлшемдерде өте маңызды болған төзімділік мәселесі қоғам мен әлеуметтік қатынастарды өзгертіп түзетуге әкелді.

 

Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) әлеуметтік өмірінде ішкі және халықаралық өлшемдерде өте маңызды болған төзімділік мәселесі қоғам мен әлеуметтік қатынастарды өзгертіп түзетуге әкелді. Алла Тағала «Әл Имран» сүресінің 159-аятында Пайғамбардың (с.ғ.с.) ақкөңілдігі мен төзімділігін дәріптейді: «(Мұхаммад с.ғ.с.) оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді. Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де іс жөнінде олармен кеңес қыл...»  

Бүгінде жер мейірім пайғамбарының болуының нығметінен мақрұм болып, аспандағылар  оған қонақжайлылыған көрсетті. Ғибадатымен Аллаға пенделігін білдірген және адамдарды  тура жолға салған пайғамбар (с.ғ.с.)  Ислам дұшпандарына дұшпандық танытқан.

Сафар айының 28 жұлдызы Исламның ұлық пайғамбары қайтыс болған күн.

 

Хазірет Мұхаммад бен Абдолла (с.ғ.с.) 571 жылы Меккеде дүниеге келді. Ол қырық жасында Алланың тарапынан пайғамбары болып сайланды. Хазірет 13 жыл Меккеде жасырын және жартылай жасырын түрде Ислам дінің үгіттеді. Содан соң кәпірлер мен мүшіріктердің күнделікті қысымдарының нәтижесінде Мәдинеге қоныс аударды.

Алла елшісінің пайғамбарлық міндетін бастағанынан көп уақыт ұзамай әлемнің түпкір-түпкірінде хазіреттің дауысы етілді. Исламға шақыру бүкіл Хиджазға және бұл жерден басқа аймақтарға таралды. Әртүрлі аймақтардың діни және этникалық топтары Пайғамбар (с.ғ.с.) мен мұсылмандардың орталығы Мәдинеге келіп, зерттеуге кірісіп, сұхбаттарын жүргізді. Олардың кейбіреулері  өз еркімен Ислам дініне бет алды. Алла Тағала Құран Кәрімде пайғамбарды (с.ғ.с.) жақсы мінезді деп сипаттап, «Қалам» сүресінің 4-ші аятында: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің»,- деді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көркем мінез-құлқы туралы рауаяттардың бірінде былай деп айтылды: «Бір адам Әлиден (ғ.с.) Пайғамбардың (с.ғ.с.) көркем мінез-құлқын айтып беруін сұрайды. Хазірет Әли (ғ.с.): «Дүниенің нығметтерін санап бер, мен  Алла елшісінің (с.ғ.с.) адамгершілік қасиеттерін санап беремін»,- деп жауап берді. Ер адам: «Алланың нығметтерін қалай санауға болады? Алланың өзі: «Алланың нығметтерін санағың келсе, оны аяқтай алмайсың», - деген»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Алла Тағала Құранда: «Дүниенің игілігі мен нығметі аз» дейді. Бірақ Пайғамбардың (с.ғ.с.) адамгершілігін сипаттай отырып: «...сен әлбетте ұлы мінезге иесің» деді. Сен аз нәрсені санай алмасаң, мен Алланың Пайғамбарының (с.ғ.с.) адамгершілік қасиеттеріндей үлкен нәрсені қалай санап беремін? Бірақ имандылықты ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) жетілдіргенін білгенін жөн. Өйткені ардақты Пайғамбарымыздың өзі: «Маған жақсы ахлақтарды толықтыру уахи етілді», - деген»,- деп сөзін жалғады.

«Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің». («Қалам» сүресі, 4-ші аят)

Пайғамбар (с.ғ.с.) илаһи дәстүрлерді баяндап, хаққа шақырды және адамдарға өте кішіпейілділік танытқан. Ол ислам қоғамындағы миссия мен қамқоршылық және жетекшілік лауазымына ие болғанымен, барлық таптармен қарым-қатынаста және қоғамдасуда өте қарапайым адам болды. Көптің арасында отырса, өзіне болмашы артықшылық бермеген. Оның үйіне белгісіз біреу кірген кезде оған басқа адамдардан айырмашылық қоймаған. Ол жиналысқа кіргенде   бос орынға отырып, төрге отыруға талпынмаған. Басқалармен сөйлескен кезде: «Екеуміздің арамызда артықшылық болғанын ұнатпаймын, өйткені Алла Тағала құлының басқалардан бөлініп, артықшылыққа ие болғанын ұнатпайды»,- деп айтатын.

Пайғамбардың қарапайымдылығы теңдесі жоқ және ол тек бір дінді ұстанатын белгілі бір топтың алдында ғана емес, бүкіл адамдардың алдында қарапайым  болған. Мысалы, кейбір христиандар оны көруге келгенде, хазірет олардың астына шапанын жайып,  отырғызатын.

Пайғамбар (с.ғ.с.) Рим мен Иран императорларына хат жазып, олардан не Исламды қабылдауды, не дінін халықтар арасында насихаттауға рұқсат етуді сұрады. Хазірет (с.ғ.с.) халықтарды өздерінің мектептері мен дүниетанымын таңдауда шешім қабылдай алатын, сондай-ақ егер ақиқат анық болса, таухидті еркін қабылдап,   Алладан басқаға құлшылық етпей, Оның еркіне бойұсынатын жағдайға қол жеткізгісі келді.

Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) әлеуметтік өмірінде ішкі және халықаралық өлшемдерде өте маңызды болған төзімділік мәселесі қоғам мен әлеуметтік қатынастарды өзгертіп түзетуге әкелді. Алла Тағала «Әл Имран» сүресінің 159-аятында Пайғамбардың (с.ғ.с.) ақкөңілдігі мен төзімділігін дәріптейді: «(Мұхаммад с.ғ.с.) оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді. Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де іс жөнінде олармен кеңес қыл...».

Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) мейірімінің жан-жақты болғаны сонша, ол тіпті өзінің бұрыннан келе жатқан дұшпандарына, оның ішінде құрайш мүшріктеріне де кешіріммен қараған. Мысалы,  Меккені бақылауға алған күні Ислам тарихындағы ең мақтанарлық күндердің бірі болып табылады, мұсылмандар Меккені толығымен бейбіт және қантөгіссіз жаулап, бақылауға алды. Бұл күні көпқұдайшылдар мен кәпірлерді өлтіргісі келіп, «бүгін өлтіру, соғыс және кек алу күні, бүгін қасиетті бұзу күні» деген сөйлемді қайталағандар болды. Бірақ мейірім пайғамбары: «Бүгін мейірім күні», - деді. Осылайша ардақты Пайғамбарымыз «жалпы кешірім туралы жарлық» шығарып, Исламның қарсыластарына қарсы кез келген зорлық-зомбылық пен қатаңдықты тоқтатты. Пайғамбар (с.ғ.с.) құрайш мүшріктерінің алаңдаған көздерінің алдында: «Барыңдар, бәрің азатсыңдар», - деді. Исламның ардақты пайғамбары Меккені жеңіп алғаннан кейін,  жұрттың бәрі оның ең болмағанда өзін қатты ренжіткен Әбу Суфиянды өлтіреді деп ойлады. Бірақ ардақты Пайғамбар олардың күнәларын үлкен мейіріммен кешіріп, сахабаларына оларға зиян тигізбеуді бұйырды.

Ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) мүбәрәк ғұмырының он жылын Исламның жеңіл үкімдерін насихаттап, түсіндіруге арнап, алғашқы Ислам үкіметін құрды. Хазірет (с.ғ.с.) хижридің 11-ші жылының 28 сафарында 63 жасында дүниеден озды. Көптеген халық қайғырып, аза тұтты.

Ардақты Пайғамбар  (с.ғ.с.) дүниеден өтуі қиыншылық пен жеңілдікте, соғыс пен жайлылықта қасында тұрақты серігі болған имам Әли (ғ.с.) үшін ауыр әрі азапты оқиға болды. Имам Әли (ғ.с.): «Алланың елшісі, сенің өліміңмен басқалардың өлімінде үзілмеген жіп үзілді. Бұл пайғамбарлық және көктегі хабарлар мен жаңалықтардың түсуі болды.  Сіздің өліміңізден кейін басқа өлім маңызды емес. Ал басқа жағынан, бұл барша халық үшін қайғы. Егер өзіңіздің сабырға шақырып, сабырсыздықтан тыйғаныңыз болмаса, көз жасым таусылғанша жылар едім. Бұл қайғы менде мәңгі қалады.  Қайғылардың бәрі   сіздің өліміңізге байланысты қайғының алдында маңызды емес»,- деді.

Хазірет Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) қасиетті қабірі Мәдина қаласында ән-Нәби мешітінің қасында орналасқан және жыл сайын оның ғашықтары  әлемнің түкпір-түкпірінен оны зиярат етуге асығады.