Соңғы тәртіпсіздіктердегі шетелдіктер мен революцияға қарсы топтардың араласуы
(last modified Thu, 29 Sep 2022 09:53:38 GMT )
Қыр 29, 2022 15:53 Asia/Almaty
  • Соңғы тәртіпсіздіктердегі шетелдіктер   мен революцияға қарсы топтардың араласуы

Махса Әминидің өлімінің сылтауымен Иранда орын алған соңғы тәртіпсіздіктер ИИР-ның сыртқы дұшпандарының елдің ішкі істеріне араласуына және бейберекеттік тудыру үшін бір мүмкіндік ретінде пайдаланауына себеп болды.

 

Шын мәнінде, соңғы тәртіпсіздіктерде Американың, кейде Еуропаның саяси жетекшілері, олардың БАҚ, сондай-ақ Батыс қолдайтын парсы ақпарат құралдары зерттеліп жатқан қайғылы оқиғаны пайдаланып, Иран халқының құқықтарын қолдау ұранымен бүлікшілер мен елдің қауіпсіздігін бұзушыларға қолдау көрсету үшін бүкіл күшін салды.

Парсы тіліндегі дұшпандық ақпарат құралдар 

Бірақ   өз елі мен жүйесін қолдайтын миллиондаған халықтың көшелер  мен алаідарға жаппай шығуы және олардың бүлікке табанды қарсылығын білдіруі бұл тәртіпсіздіктерді мақсатына жеткізбеді. Сонымен бірге, Мұнафеқин  лаңкестік тобы сияқты революцияға қарсы топтар мен патшалық билікті талап етушілер, Комале сияқты сепаратистік топтар мен демократтар да бұл мәселені Иранға қарсы мақсаттарына сәйкес пайдалану үшін бос әрекет жасады. Иранның Ішкі істер министрі Ахмад Вахиди: «Иранның ислам республикасы жүйесі құдыретімен үлкен қастандықтарды  жеңді.  Жаулар бүлікшілерге қолдау көрсетіп, есебінде қателесті»,- деді.

Осы сыртқы дұшпандардың қолбасшысы АҚШ әлеуметтік желілер мен  интернетке қарсы санкцияларды алып тастау туралы уәделер беріп, араласу ұстанымдарын білдіріп, бұл тәртіпсіздіктерді қоздыруға тырысты, бірақ толығымен сәтсіздікке ұшырады. Осыған байланысты Байден үкіметінің екі жоғары лауазымды шенеунігі араласушы мәлімдемелермен Вашингтонның елдегі тәртіпсіздіктерді жалғастыру және қоздыру әрекеттерін әшкереледі. АҚШ-тың Иран істері жөніндегі арнайы өкілі Роберт Малей мен осы елдің Мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерман мәлімдемелерінде Вашингтонның Ирандағы байланыс саласына араласуға тырысып жатқанын мойындады. Бұған дейін АҚШ Иранға қатысты кейбір коммуникациялық санкцияларды алып тастаған болатын. 40 жыл бойы Иранға қарсы санкциялар енгізген және Трамп дәуірінен бері максималды қысым науқаны аясында Иран халқына қарсы ең қатал және қатыгез санкцияларды жүзеге асырған АҚШ қазір ирандықтарға жанашырлық танытулары  және ирандықтарға санкцияларды азайту туралы уәж айтуда. Бұл мәселе тіпті американдық сарапшылардың масқарасына айналды.  Гленн Гринвальд,  американдық жазушы және журналист: «Вашингтонның басқа елдердегі адамдардың саяси құқықтарын басып-жаншуға немесе қорғауға қатысты алаңдаушылық немесе ашу-ыза туралы мәлімдемелеріне сәл ғана болса да сенетін адам, ең жақсы жағдайда, аңқау»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Twitter-де АҚШ үкіметінің байланыс саласындағы кейбір санкцияларға қатысты әрекетіне реакция білдіріп, былай деп жазды: «АҚШ әрқашан Иранның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын әлсіретуге әрекеттенді, бірақ ол сәтсіздікке ұшырады. АҚШ бірнеше коммуникациялық санкциялардың ауырлығын азайтып, сонымен бірге максималды қысымды сақтау арқылы Иранға қарсы екіжүзді мақсаттарын жүзеге асыруда»,- деп жазды. Канани: «Күмәнсіз, дұшпандардың Иран халқына қарсы біріккен және танымдық соғысы бұл жолы да олардың масқара сәтсіздіктерінің жүздеген оқиғаларымен бірге тарихта жазылады»,- деді. Маңызды мәселе, Вашингтон 2018 жылғы президенттік сайлаудан кейін болған оқиғаларда бүлікшілерге қолдау көрсете алмағанына қарамастан, бұл жолы да бүлікшілер  мен тәртіпсіздік бұзушыларға қолдау ресми ұстанымдарын тағы да жариялады. АҚШ оларға барлық салада қолдау көрсетуге, соның ішінде интернетке қатысты санкцияларды алып тастау уәде берді. Университет профессоры Сиамак Бақери «Ирандағы бүлікшілерді қолдаудағы сәтсіз тәжірибесіне және халықтың бұл тактиканы құптамауына қарамастан, америкалықтардың бүлікшілерді қайтадан қолдау үміті не?» деген сұраққа жауап берді. Ол: «Америкалықтар бұл мәселені талай рет басынан өткергенімен, әлі күнге дейін Иран халқын  дұрыс түсінбеген»,- деді.

Соңғы тәртіпсіздіктерге қатысты тағы бір рет көтерілген мәселе бүкіл Батыстың, соның ішінде Еуропалық Одақтың тәртіпсіздіктерге қолдау көрсетуі және оның кеңеюіне ынталандыру болды. Осыған орай Батыс билігінің Иранның ішкі істеріне қайта-қайта араласуы және соңғы тәртіпсіздіктерді әлемдік аренада ИИР нысанаға алудан кейін Еуропа Одағы Теһранға қарсы әрекетін жариялады. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі қызметкері Джозеп Боррель Еуроодақтың Иранның тәртіпсіздіктер мен қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бұзушыларға қарсы заңды қауіпсіздік шараларына реакция білдіретінін мәлімдеді. Боррель мәлімдемесінде: «Еуроодақ Ирандағы оқиғаларға реакция білдіру үшін әртүрлі нұсқаларды қарастыруда.  Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы қарсаңында Еуроодақ Махса Аминидің өліміне жауап берудің барлық мүмкіндіктерін, сондай-ақ Иран қауіпсіздік күштерінің бұл оқиғаға қалай әрекет ететінін тексеруді жалғастырады»,- деп айтылды. Бұған дейін Еуроодақтың баспасөз өкілі Питер Стано журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Еуропалық комиссияның бұл одақтың Иранға қарсы жаңа санкцияларды енгізетінің немесе енгізбейтінін әлі білмейтінін айтты. Осылайша Вашингтонды риза ету үшін еуропалықтар Иранмен қарым-қатынастарын өз мүдделеріне сай жақсартуға тырысудың орнына қоқан-лоқы көрсетіп, Теһранды жаңа санкциялармен қорқытады. Атақты бразилиялық карикатурашы Карлос Латов Ирандағы тәртіпсіздіктерге реакция білдіріп, былай деп жазды: «Алданбаңдар!  Шынымен батыстықтарды ирандық әйелдердің хиджабына алаңдайды деп ойлайсыңдар ма?  Вашингтон мен оның одақтастарының мақсаты - Иранды тұрақсыздандыру»,- деп жазды.

 

Ирандағы соңғы тәртіпсіздіктер сахнасындағы тағы бір шетелдік ойыншы сионистік режим болып табылады. Бұл режим лай судан балық аулауға тырысып, өз пікірі бойынша Махса Аминидің өлімін сылтауратып, Иран халқын бүлікке шақырады. Бұл режим халықаралық форумдар мойындаған адам құқықтарын ең үлкен бұзушы болып табылады және басып алынған аумақтар мен Газада сәбилерді өлтіру және қорғансыз адамдарды аяусыз өлтіру салдарынан көптеген жылдар бойы бүкіл әлем халқы тарапынан сынға ұшырағанымен, ол Ирандағы соңғы тәртіпсіздіктерді қолдады. Израиль Газада  тарихтағы ең үлкен түрменің қалаушысы және Палестина халқын қырып-жоюшы бола тұра өз мәлімдемесінде Иран халқының жанында екенін мәлімдеп, халықаралық қауымдастықты жазықсыз ирандықтардың басып-жаншылуы деп аталатын әрекетті айыптауға шақырды. Сионистік режимнің Иран Ислам Республикасымен және жалынды халқымен дұшпандық тарихы ешкімге жасырын нәрсе емес. Израиль Иранның кез келген ілгерілеуіне ашық түрде қарсылық танытып, ядролық ғалымдарды өлтіру және ядролық нысандарды жою әрекеті және бірнеше рет Иранға шабуыл жасаймын деп қорқытуымен Иран халқының қанды жауы екенін көрсетті. Сондықтан оның бүлікшілерге қолдау көрсетуі бұл қылмыстық режимнің исламдық Иранға шабуыл жасаудағы тағы бір қадамы болып табылады.

Шетелдік дұшпандар мен революцияға қарсы топтармен бірге Сауд Арабиясының қаржылық қолдауымен жұмысын жалғастырып жатқан «Иран Интернешнл» сынды парсы тіліндегі ақпарат құралдарының барлық түрлері    соңғы күндері бүлікшілерді қолдауға тырысты. Саяси сарапшы Мұхаммад Садеқ Кушки: «Шетелдік телеарналар мен олардың басында тұрған «Иран Интернешнл» телеарнасы қоғамды, әсіресе жас ұрпақты қақтығыстарға итермелеу үшін шынайы және ұйымдасқан түрде күш салды»,- деді.

"Мұнафеқин" тобы

Ислам революциясына қарсы топтардың ішінде «Мұнафеқин» лаңкестік тобының жетекшісі Мәриям Раджави алғашқылардың бірі болып Ирандағы жақында болған көше толқуларын қолдап мәлімдеме жасап, оны «Мұнафеқиндердің» қолдауымен байланыстыруға тырысты. Белгілі дереккөздердің айтуынша, «Мұнафеқин» тобының басшысы  тәртіпсіздікке бейім адамдарды көшеге шығаруға әрекеттенді. Иранның барша халқы осы лаңкестік топтың қылмыстары мен Саддам режимімен ынтымақтастығына байланысты қатты жиіркеніп, оны жоюды қалайды. Хасан Резания, Хамедан әкімшілігінің саяси және қауіпсіздік жөніндегі орынбасары: «Ағылшын, американдық, еврей және араб барлау қызметтері қолдаған «Мұнафеқин»  бұл тәртіпсіздіктерде ештеңе істей алмады»,- деді. Иран халқы арасында беделі жоқ, тіпті оларды батыс үкіметтері қабылдамайтын Реза Пехлеви бастаған сәтсіздікке ұшыраған монархияны талап ететін топтар  да өз ұстанымын танытып, Вашингтонда да кездесулер өткізуге тырысты. Сөйтіп өзін оппозиция ретінде көрсеткісі келді. Алайда, ирандықтардың патшалық жүйеге деген жеккөрінішінен  олар үшін Иранда орын жоқ.

Бөлінуді талап ететін «Комале» күрд тобы және демократтар  жағдайды теріс пайдаланып, күрдтер тұратын аймақтарда бейберекеттік тудырып, бүлікті бастау үшін барынша күш салуға тырысты. Бірақ, әрине, бұл әрекеттерден нәтиже болмады. Осыған байланысты бұл эксперименталдық топтар Батыс Әзірбайжан мен Күрдістан облысының кейбір қалаларында тәртіпсіздіктерді қолдады. Кейбір үгітшілер Оңтүстік-Батыс Әзірбайжан қалалары мен Күрдістанның бірнеше қалаларындағы жиындарда сепаратистік топтардың нышандарын пайдаланды. Жақсы хабардар дереккөз Батыс Әзірбайжан облысының оңтүстігінде шашыраңқы наразылық шерулері кезінде бірқатар Комале және демократ белсенділерінің ұсталғанын хабарлады және бұл ықпалды адамдардың тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға жауапты екенін  баса айтты  «Комале» тобының жетекшісі Ибрахим Ализаде арандатушылық әрекеттерді ұйымдастырғанын және бұған дейін Ирандағы жақында болған тәртіпсіздіктерді бейнебаян жариялау арқылы жүзеге асыруды жоспарлағанын мойындады.

Қорыта айтқанда, АҚШ бастаған Батыстың бірнеше ондаған жылдар бойы жүргізген талпыныстары мен қастандықтарына, сондай-ақ революцияға қарсы топтардың, әсіресе «Мұнафеқин» мен басқа лаңкестік топтардың қылмыстық және араласушы әрекеттеріне қарамастан Иранда толқулар мен тәртіпсіздіктерді қоздыру үшін бар күш-жігерін жұмсады. Бірақ исламдық Иран әрқашан өзінің күші мен беделін сақтап қалды және Иран халқы  қиын жағдайларда Ислам республикасын қолдайтынын жариялай отырып, кез келген күшке қарсы тұруды қуаттады. Бұған қоса, Ирандағы соңғы тәртіпсіздіктерді, яғни Махса Аминидің өліміне байланысты  істі тиісті органдар мұқият қадағалай отырып, оның нәтижесін Иран халқына жеткізу уәде берді.