Ирандағы соңғы оқиғаларға шолу (3): Батыстың Иранда тәртіпсіздікті және бүлікті жоспарлауы
(last modified Sat, 22 Oct 2022 13:46:50 GMT )
Қаз 22, 2022 19:46 Asia/Almaty
  • Ирандағы соңғы оқиғаларға шолу (3): Батыстың Иранда тәртіпсіздікті және бүлікті жоспарлауы

Ирандағы соңғы оқиғалар батыс елдерінің Иранның істеріне араласып, толқуларды күшейтуіне сылтау болды. ИИР-ның дұшпандары өткен 43 жылда Ислам республикасын құлату үшін барлық құралдар мен мүмкіндіктерді пайдаланып келеді.

 

Ирандағы соңғы оқиғалар батыс елдерінің Иранның істеріне араласып, толқуларды күшейтуіне сылтау болды. ИИР-ның дұшпандары өткен 43 жылда  Ислам республикасын құлату үшін барлық құралдар мен мүмкіндіктерді пайдаланып келеді. Олар аймақ пен әлемдегі иранофобия саясатымен және исламдық Иранның беделін түсірумен қатар, ішкі тәртіпсіздік пен толқулар тудыруға тырысуда. Иранда толқулар тудыру үшін  АҚШ, Канада, Англия және басқа да Еуропа елдері әлі күнге дейін күн тәртібінде барқыт және түрлі-түсті революцияларды қарастырып отыр.  Әйелдердің құқықтарын, адам құқықтарын қорғау, сайлауды қалай өткізу керек, сайлау нәтижелеріне күмән тудыру, сондай-ақ Иран қоғамында, халық арасында  қайшылық тудыра алатын кез келген тақырып  соңғы онжылдықтарда дұшпандармен ИИР-на қарсы пайдаланылды. Ислам республикасының дұшпандары дағдарыс тудыру үшін   үнемі жоспар құруда. Әлемнің барлық елдері проблемалар мен мәселелерге тап болып, өз үкіметтерінің жұмысына наразылық білдіреді. Дүниежүзіндегі демократиялық елдердің барлығында да проблемаларды басқару және адамдардың шағымдары мен сұраныстарына жауап беру тетіктері бар.  

Иран Ислам Республикасы аймақтағы ең демократиялық елдердің бірі. Дүниежүзіндегі бірде-бір   революцияның жеңісінен елу күннен кейін үкімет түрі бойынша референдум өткізілмеген. Иран халқы революция жеңісінің бірінші жылында бес рет сайлауға қатысты. Бірінші сайлау үкімет түрін   анықтайтын референдум болды. Екіншісі – Хобрегон мәжілісі сайлауы, үшіншісі – конституция жобасы бойынша референдум. Төртінші президент сайлауы, бесіншісі Ислам кеңесінің сайлауы болды. Ислам республикасының құрылуынан 43 жыл ішінде қырықтан астам сайлау өтті. Әлемде азғана демократиялық мемлекетте адамдар өз елінің тағдырына соншалықты араласады. Керісінше, әлемдегі монархиялық және тайпалық жүйедегі ең авторитарлық елдер Таяу Шығыс аймағында және ИИР-на көршілес орналасқан. Дәл осы режимдер АҚШ пен кейбір батыс елдері берген әскери ұшақтары және бомбалармен жүз мыңдаған йемендік әйелдер мен балаларды қырып жатыр. Үкіметті сынаушы журналист арамен кесіліп, қышқылға салынып, ізін қалдырмайды. Батыс үкіметтері мен адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдардың осынау айқын қылмыстардың барлығына қарсы үнсіздік сақтауда. Батыс үкіметтері Иран оқиғаларымен аймақтың ең демократиялық елі саналатын Иранға екіжүзді көзқараспен қарайды. Олар аймақтағы авторитарлық режимдермен бірігіп, жүздеген теледидар, радио және әлеуметтік желілер мен жаңалықтар сайттарын құрып,  олардың басында BBC, Manoto және Iran International Иран халқына қарсы басқа дұшпандық әрекеттердің арасында психологиялық соғыс жүргізуде. Бұл соғыстың мақсаты –  халықтың Иранның үкіметі мен мемлекет қайраткерлеріне деген сенімсіздігі арасына іріткі салу. Осыған байланысты олар кез келген тақырыпты бейберекеттік пен тәртіпсіздік жасау үшін пайдаланады.

Ирандағы жуырдағы оқиғада Махса Амини есімді жас қыздың мезгілсіз өлімі Иранда әйелдердің құқығын қорғаймыз деген желеумен толқу туғызу үшін сылтау болды. Бірнеше есеп, әсіресе Махса Аминидің мезгілсіз өлімі туралы жарияланған сот-медициналық қорытынды бойынша, оған қатысты зорлық-зомбылық белгілері байқалмады. Махса Амини комаға түсіп, өкінішке орай өлімге әкелген ауруға шалдыққан. Махса Аминидің мезгілсіз өлімі толқудың және БАҚ пен Батыс үкіметтерінің Иранмен психологиялық соғысының тақырыбына айналуымен бір мезгілде   Кабулда жарылыс болып, ондаған қыз бен бала қаза тапты. Бірақ Батыс үкіметтері мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары  бұл лаңкестік әрекетті айыптамас түгіл, құрбандарының тірі қалған жақындарына тіпті жанашырлық білдірмеді. Ақпарат құралдарының жаңалықтар желілерінде көп көрінетін тақырып Ирандағы соңғы апталардың оқиғаларының бірі полицияның халық мүлкі мен қалалық нысандарды бұзушылармен қарсыласуы болып табылады. Расында, әлемнің түпкір-түпкірінде кез келген себеппен заңсыз көшеге шығып, зорлық-зомбылық жасап, халықтың мүлкін, мемлекеттік орындарды қиратып жатқандармен тәртіпсіздікті бақылау және тәртіп орнату үшін полиция қызметкерлері араласады. Батыс елдерінің көшелерінде полицияның наразылық білдірушілермен қақтығысы туралы хабарсыз бір күн де ​​өтпейді. Бірақ тәртіп орнату үшін ирандық полицейлер көшеге қойылса, әдеттен тыс әрекет жасалған сияқты. Ирандағы соңғы оқиғаларда бірнеше полицей өз міндетін орындау кезінде шәһид болды, бірақ батыстық ақпарат құралдары бұл туралы мүлде айтпайды.

Батыс үкіметтерінің, әсіресе АҚШ, Англия және Канада үкіметтерінің Ирандағы оқиғаларға осындай таңдамалы түрде қарауы батыс үкіметтерінің Иран Ислам Республикасына қарсы жоспар құруының белгісі болып табылады. Батыс ақпарат құралдарының нұсқауымен Иранның кейбір көшелерінде айтылған ұрандар олардың халық пен үкімет арасында сенімсіздік тудырып, Иран халқы арасында жік салу мақсатты  айқын  білдіреді. Иранның ішіндегі және көршілес елдердің, әсіресе Ирак Күрдістаны мен Пәкістанның лаңкестік топтарының белсенділенуі батыс елдерінің әлі де осындай психологиялық шаралар мен лаңкестік топтарға қолдау көрсету арқылы Иран Ислам Республикасы  жүйесін жоюға үміттенетінін көрсетеді. Захеданда лаңкестік топтардың бірі полиция бөлімшесіне шабуыл жасап, ондаған адамды өлтірді, соның ішінде бірнеше полиция қызметкері шәһид болды. Батыс ақпарат құралдары бұл оқиғаны әйелдер құқығын қорғау шерулерінің көрінісі ретінде жариялағанымен, Систан және Белуджистан облысының орталығы Захедан қаласындағы қанды оқиғада батыстан қару-жарақ алға лаңкестік топтардың қатысты екені айқын. Күрдістан облысында да соңғы қыоық жылда қолдары мыңдаған әйелдер мен балалардың және полиция күштерінің қанына былғанған лаңкестік топтар Иранда тәртіпсіздік пен бүлік тудыру мүмкіндігін барынша пайдалануға тырысты. Негізгі лаңкестік топтардың бірі – PJAK  және  Komala лаңкестік тобы. Өткен қырық жылда бұл топтар күрдтер мен қауіпсіздік күштеріне қарсы әртүрлі қылмыс жасады. Бұл лаңкестік топтардың барлығын Батыс үкіметтері қолдап отыр және осы елдерде олардың кеңселері бар және олар ресми әрекет етеді. Бұл лаңкестік топтар Иранға қарсы тұрғандықтан, Батыс үкіметтері Иранда дағдарыс тудыру үшін оларға жан-жақты қолдау көрсетуде. Ислам революциясы Сақшылар корпусы Ирак Күрдістанындағы лаңкестік топтардың штаб-пәтерін нысанаға алу арқылы бүкіл әлемге ИИР-на қарсы дағдарыс тудыратын және лаңкестік әрекетке қарсы үнсіз қалмайтынын көрсетті.    

Ислам революциясы екіполярлық жүйе жағдайында жеңіске жетіп, Батыс пен Шығыстың екі блогындағы дұшпандарының жан-жақты шабуылына қарсы тұрып, енді Алланың мәңгілік құдіреті мен ұлттың қолдауына сүйеніп, Иранға қарсы барлық қастандықтарды залалсыздандырады. Аятолла Хаменеи осы жылдың 14 қазанында 36-шы Ислам бірлігі конференциясына әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылары арасында: «Біз ұлы державаларға қарсы тұрдық. Бір күні бұл дүние екі ұлы державаның қолында болды: АҚШ пен бұрынғы Кеңес Одағы. Ондаған мәселеде қайшылыққа ие болған екі держава бір мәселеде, атап айтқанда  Ислам республикасына қарсы болуда бірге болды. Олар көшетті тамырынан жұлып тастаймыз деп ойлады. Бүгінде бұл көшет күшті ағашқа айналды»,- деді.