Сүлеймани мектебі 2: Қасиетті қорғаныс
(last modified Sat, 31 Dec 2022 14:08:15 GMT )
Жел 31, 2022 20:08 Asia/Almaty
  • Сүлеймани мектебі  2: Қасиетті қорғаныс

Шәһид Қасым Сүлеймани өмірінің көп жылдары соғыс пен күреске толы. Ислам революциясының әртүрлі кезеңдерінде шәһид Қасым мен оның жолдастары қатысқан күрестер мен соғыстар адамзат тарихы толы соғыстардың көпшілігінен мүлде бөлек.

 

 

Шәһид Қасым Сүлеймани өмірінің көп жылдары соғыс пен күреске толы. Ислам революциясының әртүрлі кезеңдерінде шәһид Қасым мен оның жолдастары қатысқан күрестер мен соғыстар адамзат тарихы толы соғыстардың көпшілігінен мүлде бөлек. Сегіз жылдық қасиетті қорғаныс туралы естеліктерді оқығанда, жауынгерлердің Аллаға деген мен  иманы көзге түседі. Саддам Батыс елдерінің  келісімімен және олардың дамыған әскери көмегінің қолдауымен Иранға шабуыл жасады. Ол үш күнде Хузестан аймағын бағындырамын деп елестеткен. Барық алдынан революцияны, өз жерін қорғау үшін қарсы шыққан жастарды көрді. Күндіз арыстан, түнде аскет болған жастар. Олар Саддам режиміне ең аз әскери құралдармен қарсы тұрды және бұл соғысты шындық пен жалғандықтың бетпе-бет келу аренасына айналдырды. Қажы Қасым осы аренаға шыққан мыңдаған жауынгерлердің бірі болды.   

Шәһид қажы Қасымның естеліктерінен: «Майданға кірген алғашқы күндері жауды бәріне қабілетті деп санадым. Бірақ біз жасаған алғашқы шабуылда біз жау әскерін Сусангерд жолының шетінен Хамидиеге қарай шегіндіре алдық.... Бұл менің жау туралы қате пікірімнің өзгеруіне себеп болды»,- деп оқимыз.

Оның  рухы мен ахлағы қасиетті қорғаныстың басқа да батыл қолбасшылары сияқты Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы Имам Хомейнидің   рухани атмосферасында қалыптасты. Имам шыншыл, істі Алла үшін істеді. Ол сенімді, ілтипатты, кішіпейіл адам болатын. Ол құлшылық етуші еді. Шәһид Қасым Сүлеймани имам мектебінің шәкірті болған. Ол имам Хомейниді (р.а.) жақсы көрді және өзін имамның жолын, ойларын, идеалдарын және Ислам революциясының құндылықтарын ұстанушы деп санады. 41-ші «Саралла» дивизиясының сүңгуірлерінің бірі Аббас Кутб әл-Дини былай деді: «Біз операцияға дайындалдық. Қажы Қасым топты көруге келді. Ол жаттықтырушыға не үйреткенін көруі үшін балалардың біреуін таңдауды айтты. Жаттықтырушы маған: «Суға түс, Қажының алдында ештеңе бүлдірмеу үшін абай бол», - деді. Су суық болды. Ұзақ жүздім, шыға бергенде Қажы мен бапкер ризалығын білдірді. Бірақ мен Қасымның жүзіндегі мұң мен қабақтың себебін түсінбедім. Бірер минуттан соң Қажыға барып: «Мен қателестім бе, ренжідіңіз бе?» дедім. Ол маған күлімсіреп қарап: «Бауырым, сен мен үшін суға сүңгитін? Мен үшін үйренгенінді дұрыс орындағын келетін, мен кіммін? Сүңгуір киімін киген кезде Алланы бақылаушы санап, жүрегіңмен Алланың разылығынан басқа ешнәрсе ойлама. Алла үшін суға түсемін, оған куәлік беремін деп айт. Қай жерде болсаң да Алланың разылығын бірінші орында деп біл»,- деді». 

Қасым Сүлеймани мен «Саралла» дивизиясының есімдері бір-бірімен астасып жатыр. Айтылғандардың әрқайсысы санасыз түрде соны оятады. Шәһид генерал Касым Сүлеймани сегіз жылдық қасиетті қорғаныс кезінде 41-ші «Саралла» дивизиясын басқарды. Басында жалғыз мүшесі Қасым Сүлеймани болған дивизия. Ол әскердің атын Шуш майдан шебінің атынан алған. Өйткені шеп енді ғана жасақталып, жау ол жерде көп отты төгіп жатқандықтан, шәһид болғандар саны көп болды.

Шәһид Қасым бірқатар операцияларда тәжірибесі бар кейбір адамдардың көмегімен 1360 (1981) жылы «Саралла» бригадасының өзегін құрады. Бір жылдан кейін ұйымы 3 бригадаға және брондалған батальонға дейін кеңейе отырып, ол 41-ші «Саралла» дивизиясы деп аталды. «Саралла» дивизиясы тез құрылуы мен ұйымдастырылуы Қасымның басқаруы мен әдептілігінің арқасында болды. Ол бір жыл ішінде сап түзейтін әскер жасақтады. Ержүрек жастар оның сап түзейтін күштерін қалыптастырды және ол оларды өзі анықтап, сынап көрді. Командирлерді таңдауда олардың ерлігіне өте сезімтал болды. Әрбір қолбасшының еңбегі дағдарыс кезінде мойындалады деп есептеді. Егер біреудің дағдарысты басқаруға күші жетпесе, ол бұйрық үшін пайдалы емес. Қасиетті қорғаныстың мақтаныш тарихының есте қалатын және маңызды беттерінің бірі –   «Кербала-5» операциясы. Бұл операция туралы генерал шәһид Қасым Сүлейманидің өзі былай деді: «Кербала-5 операциясы күні  Имам Хұсейннің (ғ.с.) Кербаласының қасында болды десем, Имам Хұсейн (ғ.с.)-ның сахабалары көрсеткен құрбандықтар, кешірім мен құндылықтардың барлығы бұл операцияда сарбаздармен орындалды десем, асыра айтқан жоқпын. Біздің арамызда жарқын да ұлы тұлғалар болды, шынын айтсам, олардың әрқайсысының орыны бос. Окопта отырғандар не Құран оқып, не намаз оқып, не өсиет жазып отырғандар. Олар өлімге міндетті түрде жолығатын адамдар.

«Кербала-5» қасиетті қорғаныстағы ең маңызды және шешуші шайқастардың бірі болды. Саддам өзінің әскери ұйымын 10 есеге дейін арттырды және сапа жағынан экспоненциалды түрде өсті. Әлемдегі ең маңызды техниканың орасан зор бөлігі Ирак күштерінің қарамағында болды. Жау танктерінің саны 5000 бірлік пен 4000 адам тасымалдаушыға жетті. Әуе соғысында жау қолында сол кездегі барлық құралдар болды. AWACS ұшақтары, радарлар мен адамның тыныс алуына және дене температурасына сезімтал құралдар жауға біздің әрекеттерімізді оңай ашуға мүмкіндік берді. Екінші жағынан, ирандық күштердің мүмкіндіктері өте шектеулі болды және операцияларын жасыру үшін үлкен шығындарды төлеуге мәжбүр болды».

Шәһид Қасым Сүлеймани операция түні туралы естеліктерін әңгімелей отырып, былай дейді: «Мен сол кезеңді еске түсіргенде,  батылдық та, ой да,   адамдар да, олардың ешқайсысы да осы жер әлеміне тиесілі емес екенін сезінемін. Бұл көріністерді Алла жаратқан және Оның қалауы жеңіп, кеңістік пайда болды».

Басидж жауынгерлерінің соғыс майдандарында тұрақты болуының ықпалды факторларының бірі қасиетті қорғаныс қолбасшыларының олармен қатынас орнатуы болды. Барлау үшін жасақтарымен жау шебіне өте жақын келген қолбасшы қимыл-қозғалыс кезінде олармен бірге алдыңғы шепте болып, әрқашан өз әскерінің қамын ойлайтын. «Әскери теңсіздікті жойған соғысымыздың бір ерекшелігі – киелі қорғаныс алаңында орын алған бастамалар болды.  Қолбасшыларымыздың шәһид болған санын ешбір соғыспен салыстыруға келмейді. Таңдалған соғыста  Сақшылар корпусының жаңадан құрылған 12 дивизиясынан 7 дивизия командирі шәһид болды. Батальон командирлерінің 80 пайызға жуығы шәһид болды»,- деп оқиымыз сардардың естеліктерінен.   

41-ші «Саралла» дивизиясының сарбаздары өздерінің ержүрек қолбасшысы шейіт Хадж Касым Сүлейманидің майдан шебінде болғанын көп есте сақтайды. «Симае Сүлеймани» кітабында шәһидтің жолдасы Мовахед Амиридің бір естелігі келтірілген: «Мен достарыммен Басраның шығысындағы Махи каналына келесі операция үшін аймақтың жағдайын тексеру үшін бардым. Жау әскерлерінен бірер метрден артық қашықтық қалмады. Сәлден кейін Қасым сонда екенін байқадым. Мен: Сіз мұнда не істеп жүрсіз? Сіз әскердің қолбасшысысыз және бұл жерде болмау керексіз. Атқыштар осында болуы керек. Шәһид Қасым: «Менің әскердегі қалған балалардан қандай айырмашылығым бар, неге балалардың артында тұрұ керекпін? Мен басқалар сияқтымын. Біздің арамызда ешқандай айырмашылық жоқ», - деді».

Қолбасшының осындай әрекеттері әскер мен олардың қолбасшысы арасындағы  жауынгер айтқандай, «өл десе, өлеміз» деген жақын бауырластық қатынасқа себеп болды.