Исламның ұлық пайғамбарының Беғсат күні
(last modified Fri, 17 Feb 2023 14:25:36 GMT )
Ақп 17, 2023 20:25 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбарының Беғсат күні

Бүгін Исламның сүйікті елшісі хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Мабас күні, яғни пайғамбарлық міндетіне кіріскен күні.

Алланың үйін қирату үшін Меккеге келген піл аттылар әскерінің жеңілуінен 40 жыл өткен кезде, осы киелі қалада бұдан да үлкен ғажайып орын алды. Раджаб айының жиырма жетінші түнінде халық ұйықтап, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Хара тауында әдеттегідей ғибадат жасап, Раббысымен  сырласып жатқан уақытта,  кенет Алланың ұлы әрі жақын періштесі Жәбірейіл Алланың сүйікті құлының алдына  пайда болды. Осылайша адамзат тарихындағы ең үлкен, ең тағдырлы оқиға, адамдардың руханиятқа бет бұрып, Аллаға, адами ізгі қасиеттерге ұмтылуында ғажайып, нұр, мейірімге толы ортада пайда болды.

Сүйікті Ислам елшісінің (с.ғ.с.) илаһи миссиясы басқа пайғамбарлар сияқты адамдарды жалғыз Аллаға құлшылық етуге және кез келген жалған тәңірлерден бас тартуға шақыру болды. «Наһл» сүресінің 36-шы аятында: «Расында әр үмметке; “Аллаға құлшылық қылыңдар, бұзықтардан аулақ болыңдар” дейтін елші жібердік...»,- деп айтылды.  Бірақ Исламның ардақты пайғамбары осы ұлы парызды өтеу үшін көптеген кедергілер мен қиындықтарға, олардың арасында қоғамды билеген надандық, ырымшылдық пен жемқорлыққа тап болды.  Хазірет Әли (ғ.с.) сол жағдайды былай сипаттады: «Алла Тағала халық адасу алқабында жүргенде, олар соқыр түрде бүлік шығарып, нәпсі оларды ақылдан айырған,   ал надандық оларды қараңғы етіп, беделін түсірген жағдайда пайғамбарды (с.ғ.с.) жіберді. Осы кезде Алла Елшісі (с.ғ.с.) оларға деген жақсылығының соңына жетіп, хақ жолын  көрсетіп, хикмет пен жақсы уағызға шақырды.  

Ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) ең соңғы әрі толық илаһи кітап ретінде Құран аясында адамзатты дүние және ақырет бақытына жетелейтін жан-жақты бағдарлама ұсынды. «Жұма» сүресінің 2-ші аятында: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға; Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді»,- деп айтылды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пайғамбарлығының 23 жылы ішінде көпқұдайшылық, надандық, ырымшылдық, сыбайластық, зорлық-зомбылық және соғыс салдарынан жойылып кеткен халықты таухид, тақуалық, имандық, бейбітшілік жолына бағыттай білді. Әрине,  Пайғамбар (с.ғ.с.) осылайша қаншама қиындықтарды бастан өткерді, бірақ жігерленіп, сабырға шақырған Алланың әміріне сай әрекет етті. Алланың соңғы елшісінің үмбетке жанашыр болғаны сонша, Алла оны Құранда «бүкіл әлемдерге мейірім» деп атаған. «Шуара» сүресінің 3-ші аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Олар иман келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың»,- деп оқимыз. Ұлы Пайғамбардың (с.ғ.с.) күш-жігері, тапқырлығы мен мейірімділігі дұшпандардың қоқан-лоққылары мен шабуылдарына қарсы тұрумен бірге, ақыры Араб түбегі халқын шірк пен надандықтан тайынбай, нұрлы Ислам дініне бет бұрды. Әрине, олардың барлығының Аллаға және Оның пайғамбарына деген иманы бірдей болмады. Кейбіреулер сенімінде берік болса, кейбіреулері иманында әлсіз, ал кейбіреулері анық мұсылман болғанымен, билік пен байлық іздеді.

Ислам пайғамбарына (с.ғ.с.) таратуға тапсырылған діни ілімдер жан-жақты және толық және жеке және діни істермен шектелмеді, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді де қамтиды. Сол себепті Мәдинаға хижрат еткеннен кейін пайғамбар Ислам үкіметін құрып, Ислам заңдарын жүзеге асырып, мұсылман еместермен түрлі келісім-шарттар жасады. Ислам жеке адамның басшылығын исламдық қоғам мен үкімет болмайынша жеткілікті немесе тіпті мүмкін деп санамайды. Бүгінде батыстық үгіт-насихатта олар «саяси ислам» терминін Ислам туралы толық емес және бұрмаланған түсініктерге қарсы қоюға тырысады. Бірақ Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл мәселені былай түсіндіреді: «Саяси ислам дегеніміз – үкімет құру арқылы түрлі институттар, экономикалық, әлеуметтік, саяси, әскери, т.б жүйелерді құра білген және ұлттың діни-исламдық болмысын жасай алған ислам. Бұл дін туралы айтылған нәрсе. Демек, Құранның дінге берген анықтамасы осындай. Мұны кішігірім жұмыстарға, жай ғана ғибадатқа айналдыруға болмайды». Бірақ Ислам пайғамбарының асқақ мұраттарына әуел бастан екі топ қарсы шықты. Біріншіден, руханиятқа, таухидке, исламның өмір беретін ілімдеріне қарсы болып, дүние-мүлік пен шайтандық әуесқойлар. Екіншіден, халықты өз үстемдігінен босату үшін діни ұйымдардың бар екенін мойындамайтын күшті тұлғалар мен мекемелер. Әрине, бұл қайшылықтар барлық илаһи пайғамбарларда болған. «Фұрқан» сүресінің 31-ші аятында Алла Тағала: «Сол сияқты әр пайғамбар үшін күнәкарларды дұшпан қылдық. Раббың жетекшілік және көмекшілікте саған жетіп, асады»,- деді.  Пайғамбардың кезіндегі Исламға қарсы шыққандар Исламның өмірлік ілімдерін таратуды өз мүдделеріне зиян деп санаған көпқұдайшылдар мен яһудилер болды, бірақ олар соғыста жеңіліс тапты.

Қазір де сол материалистік және үстемдікке ұмтылған көзқарастағы жеке адамдар, топтар мен үкіметтер Исламды және оның илаһи тағылымдарын әлсіретіп, қарсы әрекет етуде. Аятолла Хаменеи осы тұрғыда: «Пайғамбар жіберіліп, илаһи жарлықты жүзеге асыру механизмі ұсынылған кезде, бұзақылар мен үстемшілер, отарлаушылар мен адам өмірін бұзушылар, қарақшылар, залымдар оған табиғи түрде қарсы болады. Өйткені ол зұлымдыққа қарсы, адам байлығын талан-таражға салуға, адамдарға әділетсіз үстемдік жасауға қарсы»,- деді. Шынайы Исламның негіздері мен прогрессивті қағидаларына қарсы жаппай үгіт-насихат жүргізу және әйел құқықтарына және сол сияқтыларға қарсы қатал, қисынсыз бейнені көрсету залымдардың Исламға қарсы шабуылының бір бөлігі болып табылады. Олар азаттықты сылтау етіп, фильмдермен, кітаптармен, түрлі ақпарат құралдарымен, тіпті арсыз мультфильмдермен Ислам мен оның асыл елшісінің жарқын жүзін бұрмалауға тырысуда. Кейде олар өздерінің адастыратын үгіт-насихаттарына алданып қалған адамдарға екі миллиардқа жуық мұсылманның қасиетті кітабы Құранды өртеуге рұқсат береді. Батыстың үгіт-насихат аппараты ең соңғы илаһи азаттық дінінің келеке-мазақ, қорлаудан әлсіреп қана қоймай, одан сайын кеңейіп бара жатқанын түсіне алмай отыр.  Алла Тағала «Саф» сүресінің 9-шы аятында осындай уәде берген: «Ол сондай Алла, мүшріктер жек көрсе де дінін бүкіл діндерге үстем қылу үшін Елшісін туралықпен хақ дінмен жіберді».  Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) Беғсат күні өзінің ұлық әрі өмірлік қағидалары мен мақсаттарын белгілеп, насихаттап, жүзеге асыруды тапсырылған дінді болашақта оның ардақты ұрпағы уәде етілген Мәһдимен (ғ.с.) бүкіл әлемге тарайды. Сөйтіп, оның нығметтері мен жоғары құндылықтарынан барша адамдар пайдалана атын болады.